Тұлғалар
Тұлғалар

Өмірбекова Жайлы Бөкешқызы
Байшонас п., Мақат ауд., Гурьев обл. 16.01.1948 ж.т.). Ғылымдарының докторы. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері.…
Толығырақ
ӨМІРБЕКОВА Жайлы Бөкешқызы – (Байшонас п., Мақат ауд., Гурьев обл. 16.01.1948 ж.т.). Ғылымдарының докторы. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері.
«Алтынсарин», «Астана», «Қазақстан Республикасының 10 жылдығы», «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» медальдарымен, «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері»,
«КСРО білім беру ісінің үздігі», «Қазақ КСР – ның халық ағарту ісінің үздігі» төсбелгілерімен марапатталған.

Қараев Жауымбай
Амантұрлыұлы - 10.05.1956ж.т. – Педагогика ғылымдарының докторы, профессор, 1978 жылы Гурьев педагогикалық институтының физика-математика факультетін математика мамандығы бойынша үздік (Лениндік стипендиат) бітірген.…
Толығырақ
ҚАРАЕВ Жауымбай Амантұрлыұлы - 10.05.1956ж.т. – Педагогика ғылымдарының докторы, профессор, 1978 жылы Гурьев педагогикалық институтының физика-математика факультетін математика мамандығы бойынша үздік
(Лениндік стипендиат) бітірген.
3 ғылыми монографияның, 2 оқулыктың, 5 әдістемелік құралдың авторы. Ж.Амантұрлыұлы білім және ғылым беру ісіне қосқан үлесі үшін «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі» белгісімен және «Қазақстан Республикасы
Конституциясына 10 жыл» медалімен марапатталды.

КАЙНЕНОВ Килымгали
а/с Манаш, Махамбетский р-н., Гурьевскаая обл. 15.03.1952г.р.). Окончил Гурьевский педагогический институт (1973г.), учитель математики. С 2006 года заместитель акима Атырауской области.…
Толығырақ
КАЙНЕНОВ Килымгали (а/с Манаш, Махамбетский р-н., Гурьевскаая обл. 15.03.1952г.р.). Окончил Гурьевский педагогический институт (1973г.), учитель математики.
С 2006 года заместитель акима Атырауской области. Заместитель руководителя Атырауского областного отделения Республиканского общественного штаба кандидата в Президенты РК Н.А. Назарбаева (сент. – дек. 2005г.). Награжден орденом «Құрмет»;, медалью: ”Ерен еңбегі үшін”, значками ”Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі”,Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері»;.
ХАЛИДУЛЛИН Ғизатолла
Балықшы к. 30.11.1947ж.т.) – тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Гуманитарлық ғылымдар академиясының толық мүшесі, Қазақстан жоғары оқу орындарының 2005 жылғы «Үздік оқытушысы» грантының иегері.…
Толығырақ
ХАЛИДУЛЛИН Ғизатолла (Балықшы к. 30.11.1947ж.т.) – тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Гуманитарлық ғылымдар академиясының толық мүшесі, Қазақстан жоғары оқу орындарының 2005 жылғы «Үздік оқытушысы»
грантының иегері.
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, «Отан тарихы» кафедрасының меңгерушісі. 1970 жылы Гурьев педагогикалық институтын бітірген. 5 монографиясы, көптеген оқу құралдары жарық көрген.

Жүсіп Қадыр
1937 жылы 10 қаңтарда Атырау облысы, Гурьев қаласында туған. 1961 жылы Гурьев мемлекеттік педагогика институтын бітіргеннен кейін, қаладағы Абай атындағы орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып еңбек жолын бастаған.…
Толығырақ
Жүсіп Қадыр 1937 жылы 10 қаңтарда Атырау облысы, Гурьев қаласында туған. 1961 жылы Гурьев мемлекеттік педагогика институтын бітіргеннен кейін, қаладағы Абай атындағы орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып еңбек жолын бастаған.
№11 Алтынсарин атындағы орта мектеп директорының орынбасары, Облыстық халық творчествосы үйінің директоры, №7 М.Әуезов атындағы, №19 Қ.Сәтбаев атындағы мектептерде мектеп директоры болып қызмет еткен.
1982 жылы Гурьев педагогика институтында қазақ әдебиеті пәнінен дәріс берді. Атырау университетінің Қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі болды.
2001 жылы Әлеуметтік Ғылымдар Академиясының корреспондент – мүшелігіне сайланған. «Өлке» баспасынан «Естелік» (1993), «Ғылым» баспасынан «Асау Атырау» (1997) өлең жинақтары жарық көрген. «Әдебиет сабағында оқушылардың творчестволық ізденістерін қалыптастыру» (Әдістемелік құрал, 1993), «Орта мектепте лириканы талдау» (Әдістемелік құрал, 1994), «Жұмекен Нәжімеденовтың ақындығы» (Монография, 1995), «Жыр жиһазы» (Монография, 1995), академикжазушы З.Қабдоловтың шығармашылығына арналған монография – «Жазушы. Ғалым. Ұстаз» (1997), жазушы Ә.Кекілбаевтың творчествосына арналған монография – «Шың мен шыңырау» (2000), «Таңғажайып Бейбарыс» (2000), «Алмас жыр» (2003), «Әдеби толғамдар» (2004), «Махамбеттану мәселелері» (2005), «Қазақтың Қабдоловы» (2005), «Жұмекен жұмбағы» (2006) сияқты кітаптар мен монографиялардың авторы.
1988 жылы «Жұмекен Нәжімеденовтың лирикасы» деген тақырыпта кандидаттық, 1996 жылы «Ж.Нәжімеденовтың ақындығы» атты тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. Облыс Әкімшілігінің «Құрмет грамотасымен», «Еңбек ардагері», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін», «Ерен еңбегі үшін», «Педагогикалық қызметтегі табыстары үшін» (Ы.Алтынсарин) медальдарымен, «Қазақстан ағарту ісінің үздігі» белгісімен марапатталған.
Филология ғылымдарының кандидаты Қадыр Жүсіп бүгінгі таңда Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде Әбіш Кекілбаевтың әдеби мұрасын зерттеу орталығының директоры.
Мұхтаров Мұстахим Харенұлы
педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор.Оқыған жылдары:1977-1982 жылы Гурьев педагогика институтының Музыка және педагогика факультетін бітірген. 1999 жылы Қазақ хұқтану және халықаралық қатынастар институтын хұқтану мамандығын бітірген .…
Толығырақ
Мұхтаров Мұстахим Харенұлы – педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор.Оқыған жылдары:1977-1982 жылы Гурьев педагогика институтының Музыка және педагогика факультетін бітірген.
1999 жылы Қазақ хұқтану және халықаралық қатынастар институтын хұқтану мамандығын бітірген .
2002 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің қаржы және несие мамандығын бітірген.
2007 жылы «Атырау өлкесіндегі музыкалық білім мен тәрбие берудің қалыптасуы мен даму тарихы (1920-1985жж)» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғаған.
1986 –1989 оқу жылдары Гурьев қаласындағы №15 Абай атындағы орта мектепте музыка сабағының мұғалімі.
1989 - 2009 жылдары Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде күндізгі және сырттай оқу факультеттерінің деканының орынбасары, кейін деканы, ректордың көмекшісі .
2006 жылдан Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің академиялық доценті.
2009 жылдан Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының педагогика академиялық профессоры, бірінші проректоры қызметін атқарып келеді.
Халықаралық және республикалық басылымдарда 20-дан астам ғылыми мақалалары, әдістемелік нұсқаулар жарық көрген.

Серіков Төлеуіш
Пәуеденұлы – (Гурьев облысы, Теңіз ауд., Сафон с. 21.02.1948ж.т.). - химия ғылымдарының докторы, профессор, халықаралық инженерлік академияның және ҚР-ның Халықтық инженерлік академиясының академигі.…
Толығырақ
СЕРІКОВ Төлеуіш Пәуеденұлы – (Гурьев облысы, Теңіз ауд., Сафон с. 21.02.1948ж.т.). - химия ғылымдарының докторы, профессор, халықаралық инженерлік академияның және ҚР-ның Халықтық инженерлік академиясының академигі. 1964-1969 жылдары Гурьев педагогикалық институтын Химия мамандығы бойынша бiтiрген. Ұзақ жылдар Атырау мұнай және газ институтының ректоры болды.
1969 жылдан бастап бүгінге дейін барлық маңызды ғылыми-педагогикалық жолдан өтті. 1999 жылы Атырау облысы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің сенімді өкілі болды. Ол ғылыми-педагогикалық жұмыстарын қазіргі күні өзі бұрын жетекші болып, қазірде еңбек етіп жатқан Республика бойынша бірден-бір жоғары оқу орны-Атырау мұнай және газ университетінде мұнай-газ өндірістеріне ғылыми кадрларды және инженерлерді дайындауда үлкен үлес қосып отыр. Атырау мұнай және газ университеті негізгі өткен жүзжылдықтың 1980 жылдың бас кезінде қаланды. Содан бері әртүрлі даму сатыларынан және басқару формаларынан өткен институт қабырғасында Т.П. Серіковтың қатысуымен Батыс Қазақстанның жоғары мектебінде және оның ғылыми құрылымының білім және ғылымның дамуына көптеген реформалар және жаңа енгізулер жасалды. Атырау мұнай және газ институтының ректоры қызметін атқарған. Халықаралық және республикалық басылымдарға 230 ғылыми жұмыс жарияланған. 6 монография, 4 оқулық авторы.

Кравченко Надежда Павловна
Оқыған жылдары :1973-1978 жылдары Кубан мемлекеттік университетінде филология ғылымдарының докторы, профессор. Краснодар қаласы, Ресей Лауреат конкурса "Золотое перо Кубани" (2002), Заслуженный журналист Кубани. Образование высшее.…
Толығырақ
Кравченко Надежда Павловна Оқыған жылдары :1973-1978 жылдары
Кубан мемлекеттік университетінде филология ғылымдарының докторы, профессор.
Краснодар қаласы, Ресей Лауреат конкурса "Золотое перо Кубани" (2002), Заслуженный журналист Кубани.
Образование высшее. Закончила Гурьевский педагогический институт (1978), историко-филологический факультет, специальность "Русский язык и литература", аспирантуру при Казахском государственном педагогическом институте, докторантуру при Кубанском государственном университете.
Диссертацию на соискание степени кандидата филологических наук защищала в Саратовском государственном университете (специальность - русский язык), на соискание степени доктора филологических наук - в Кубанском государственном университете (специальности - русский язык, журналистика).
Автор 50 научных и более 1000 журналистских публикаций.
Среди научных работ: монография "Семантика текстообразующих возможностей русских предлогов. Художественно-публицистический аспект" (Краснодар, 2001), научные статьи "Изменения в региональном политическом дискурсе (на примере СМИ Краснодарского края)" (Воронеж, 2004), "Информационный продукт как результат маркетингового исследования" (Москва, 2003), "Модели взаимоотношения власти и прессы" (Москва, 2004), "Агрессия как атрибут журналистики левого направления" (СПб, 2004), "Черты современной российской политической журналистики" (Москва, 2005), "Приемы позиционирования первых лиц региона в местных СМИ" (Москва, 2006), "Функции имен собственных в игровой стилистике языка СМИ" (Майкоп, 2006), "Принцип многоступенчатости журналистского образования в работе с редакциями" (Москва, 2007) и др.
Под руководством Н. Кравченко защищены 3 диссертации на соискание степени кандидата филологических наук.
Всегда совмещала педагогическую деятельность с журналистской. Будучи доцентом кафедры современного русского языка Гурьевского педагогического университета, была редактором вузовской малотиражной газеты "За педагогические кадры", внештатным корреспондентом областной газеты "Прикаспийская коммуна". В Краснодаре с 1996 по 1998 была специальным корреспондентом газеты "Кубанские новости", с 1998 по 2000 — корреспондентом газеты "Известия", с 2000 по 2004 - внештатным корреспондентом журнала "Эксперт", 2005 - 2006 - гл. редактором газеты "Жемчужина России".
Среди известных журналистских публикаций: "Былая слава поросла бурьяном", "Мы не рабы, мигранты мы" ("Кубанские новости"), "Юговичи", "В школе ученику подложили свинью" ("АиФ-Кубань"), "Точка на карте. Мужики из Чушки" ("Труд"), "История о пропавшей вывеске", "Пустыня сахара" ("Известия"), "Без родины", "Не выдержали сравнения" ("Эксперт"), "Дорога к обелиску: кубанская Хатынь" ("Жемчужина России") и др.

Даумов Нұрлыбек Ғилажұлы
педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Облыстық ұлттық дарынды балаларға арналған гимназия директоры Оқыған жылдары:1981-1984 жылдары Гурьев педагогикалық институты.…
Толығырақ
Даумов Нұрлыбек Ғилажұлы- педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент
Облыстық ұлттық дарынды балаларға арналған гимназия директоры
Оқыған жылдары:1981-1984 жылдары Гурьев педагогикалық институты.
1989 жылға дейін Атырау қаласындағы облыстық балалар спорт мектебінің жаттықтырушысы, спорт мектебінің басшысы, 1989-1990 жылдар аралығында Атырау қаласында №16 мектеп директоры қызметін атқарған.
1990 жылы дарынды балаларға арналған жаңа экспериментальды мектеп-интернаты гимназиясының басшысы болып тағайындалды. 2000 жылы Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы жанындағы аспирантураға түсіп, «Оқытуды ақпараттандыру процесінде оқушылардың зерттеу қызметін дамыту» деп аталатын диссертациясын 2003 жылы қорғаған.
ҚПҒА корреспондент-мүшесі. Облыстық ұлттық дарынды балаларға арналған гимназия директоры. 2005 жылы Ы.Алтынсарин атындағы медальмен марапатталған. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Құрмет орденінің иегері. 47 мақала, 4 ғылыми еңбек. 1995-1999 жылдары облыстық мәслихат депутаты болып сайланған.

Дүйсекенова Злиха Қадірбайқызы
Атырау облысы Білім беру басқармасы бастығының орынбасары. Оқыған жылдары:1979-84 жылдары Гурьев педагогикалық институты. Атырау облыстық білім беру басқармасының орынбасары. 1979-1984 жылдары Гурьев педагогика институты, химия-биология факультетін бітірген.…
Толығырақ
Дүйсекенова Злиха Қадірбайқызы
Атырау облысы Білім беру басқармасы бастығының орынбасары. Оқыған жылдары:1979-84 жылдары Гурьев педагогикалық институты. Атырау облыстық білім беру басқармасының орынбасары. 1979-1984 жылдары Гурьев педагогика институты, химия-биология факультетін бітірген. Құрманғазы ауданы Ганюшкино мектеп-интернатында тәрбиеші, Құрманғазы ауданы Котяевка селосындағы Н.К.Крупская атындағы орта мектепте аға пионер вожатый,
Гурьев педагогика институты, химия-биология факультеті(1979-1984), Құрманғазы ауданы Котяевка селосындағы балабақшада тәрбиеші (1984-1988), Құрманғазы ауданы Нұржау селосындағы Ленин атындағы орта мектепте биология пәнінің мұғалімі, Құрманғазы ауданы Котяевка селосындағы Н.К.Крупская атындағы орта мектепте мұғалім, директор (1988-2000 жж) Атырау қаласы қалалық білім беру бөлімінде әдіскер (2000-2002жж) Атырау облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру және біліктілігін арттыру институтының директорының орынбасары (2002-2005 жж) 2005 жылдың наурызында Атырау облысы Білім беру басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарған.
Ихсангалиева Гүлнара Құанышқызы
Филология ғылымының докторы, профессор 1971 жылы 28 шілдеде Атырау қаласында туылған. Оқыған жылдары: 1989 жылы Х.…
Толығырақ
Ихсангалиева Гүлнара Құанышқызы
Филология ғылымының докторы, профессор 1971 жылы 28 шілдеде Атырау қаласында туылған. Оқыған жылдары: 1989 жылы Х. Досмұхамедов атындағыАтырау университетінің филология факультетіне «Ұлттық мектептегі орыс тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша оқуға түсіп, 1994 жылы үздік аяқтап шықты. 1997 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жалпы тіл білімі кафедрасына аспирантураға қабылданды. 2000 жылы «Тақырыптарға функционалды-прагматикалық талдау (қазақстандық газет және телебағдарламалар материалы негізінде)» атты кандидаттық диссертациясын қорғады. (Ғылыми жетекшісі – филология ғылымдарының докторы профессор Н.Ж. Шаймерденова).
2008 жылы Мәскеу мемлекеттік лингвистикалық университетінде бір айлық тәжірибеден (стажировка) өтті. 2009 жылдан бастап 10.02.00 - жалпы тіл білімі мамандығы бойынша доцент атағына ие болды. 2010 жылы 30 қарашада әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы филология ғылымдарының докторы дәрежесін беру жөніндегі Д 14 А 01.22 диссертациялық кеңесте10.02.19 – тіл теориясы мамандығы бойынша «Қазақстан бейнесін (имидж) қалыптастырудың когнитивтік және психолингвистикалық механизмдері» атты докторлық диссертациясын қорғады. Еңбек жолдары: 1994-1997 ж. –Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің оқытушысы; 2000-2002 ж. – Алматы тіл және аударма институтының аспирантура мен магистратура меңгерушісі; 2002-2004 ж. – Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің аспирантура меңгерушісі. 2004 жылдан бері әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да жұмыс істейді. 2004 жылдан 2008 жылдың маусымына дейін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми кеңесі қызметінің жетекші маманы(диссертациялық кеңестердің қызметін бақылау). 2008 жылдың 1 шілдеден ғылыми-зерттеушілік іс бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. 2009 жылдың 1 қыркүйегінен 2011 жылдың 30 маусымына дейін ЖОО дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының доценті. 2011 жылдың 1 қыркүйегінен 2013 жылдың 30 маусымына дейін дейін ЖОО дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының профессоры қызметін атқарды. 2013 жылдың 1 қыркүйегінен бастап ЖОО дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының меңгерушісі қызметін атқаруда. Г. Қ. Ихсанғалиева ғылыми және әдістемелік жұмыспен айналысады. 50-ден аса жарияланымдардың, оның ішінде монографиялар, оқу құралдардың авторы. Халықаралық, республикалық конференциялар мен ғылыми семинарларға белсенді қатысып тұрады. Қоғамдық жұмыспен айналысады, факультет үшін маңызды шараларды ұйымдастырушы. Атап айтқанда, 2010 жылы 12 сәуірде Ломоносов атындағы ММУ Халықаралық білім беру орталығымен бірлесе өткізілген Орыс тілі мен мәдениеті фестивалі; 2011 жылы 16 сәуірде Орыс тілі мен әдебиеті оқытушыларының халықаралық ассоциациясы (МАПРЯЛ) және «Орыс әлемі» қоры қолдауымен өткізілген Бүкіләлемдік орыс тілі фестивалі, Орыс сөз өнері мерекесі; Республикалық педагогикалық идеялар (15.02.2012 ж.) фестивалі.
Хаменова Бақытгүл Қайыржанқызы
Атырау қаласында 1981 жылы туған. Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін бітірген, қазақ тілі және әдебиеті пәндерінің мұғалімі; Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, аспирант; Атырау мұнай және газ институты, мұнай және газ инженері; М.…
Толығырақ
Хаменова Бақытгүл Қайыржанқызы Атырау қаласында 1981 жылы туған. Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін бітірген, қазақ тілі және әдебиеті пәндерінің мұғалімі; Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, аспирант; Атырау мұнай және газ институты, мұнай және газ инженері; М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, экономика және бизнес бакалавры. Филология ғылымдарының кандидаты.
1999-2001 жылдары Атырау облыстық телерадио-ақпараттық компаниясының дикторы, редакторы.
2001-2004 жылдары Атырау мұнай және газ институтының қазақ және орыс тілдері кафедрасының оқытушысы, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің элитарлық мектебі директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары.
2004-2005 жылдары «Рахат ТВ» Атырау телерадио хабарларын тарату филиалы қазақ редакциясының корреспонденті.
2005-2016 жылдары Атырау Каспий өңірінің қазіргі замандағы колледжінің директоры.
2016 жылғы 24 наурыздан бастап – алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты."Нұр Отан" партиясының мүшесі, партияның Саяси кеңесінің мүшесі. Наградалары: "Ыбрай Алтынсарин" төсбелгісі (2010 жыл), ҚР Президентінің алғыс хаты (2011 жыл), "Білім беру ісінің құрметті қызметкері" төсбелгісі (2013 жыл), "Қазақстан мәслихатының 20 жылдығы" медалі (2014 жыл), "Белсенді қызметі үшін" төсбелгісі (2014 жыл), "ҚР Конституциясына 20 жыл" мерекелік медалі (2015 жыл), "KAZENERGY" медалі (2015 жыл), "Экономика Мақтанышы" ордені (2015 жыл) Екі баласы бар.
Ханбибі Есенқарақызы
Журналист, ақын Ханбибі Есенқарақызы (30.6.1949 жылы туған, Сарыағаш ауданы) – журналист, ақын. Еңбек жолын ұстаздық қызметтен бастады.…
Толығырақ
Журналист, ақын Ханбибі Есенқарақызы (30.6.1949 жылы туған, Сарыағаш ауданы) – журналист, ақын. Еңбек жолын ұстаздық қызметтен бастады.
1971 – 1976 жылдары Сарыағаш ауданы «Қызыл ту» газетінің қызметкері,
1976 – 1980 жылдары облыстық телерадио комитетінде редактор,
1980 – 1987 жылдары халық шығармашылық облыстық орталығында бас маман,
1987 – 1993 жылдары облыстық «Қайырымдылық» қорының төрайымы, облыстық «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы, облыстық мәдениет басқармасының бастығы қызметтерін атқарды.
1994 жылдан Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның директоры. «Қанат қақты», «Бұлтсыз аспан», Жұлдызым», «Жангүлім», «Жан айқайы», «Махаббат мәңгілік», «Жыр кітабы», «Сыр кітабы», «Шындыққа қарай жүздім мен» атты прозалық кітаптардың авторы. ҚР еңбек сіңірген қызметкері (1998). Жетістіктері: Түркістан облысы әкімінің және облыстық мәслихатының, Ақмола облысы, Астана, Шымкент қалалық өкімдерінің алғыс хатына ие болды. М.Әуезов бейнесі бар ЮНЕСКО, «Астана қаласына 10 жыл», Түркістанның 1500 жылдығына, Тәуелсіздіктің 10 жылдығына арналған және Гумилев атындағы Еуразия университеті медальдарымен марапатталған. Сарыағаш ауданының Құрметті азаматы. «Парасат» орденімен (2008) марапатталды. «Қазақстан Республикасы^ еңбегі сіңген қызметкер» атағына ие болды.
Нәутиев Әлібек Ибатуллаұлы
Атырау облыстық маслихатының хатшысы
Толығырақ
Нәутиев Әлібек Ибатуллаұлы
Атырау облыстық маслихатының хатшысы
Ожаев Нурлыбек Жұмахметұлы
Қазақстан Парламенті Мәжiлiсінің VII шақырылымының депутаты
Толығырақ
Ожаев Нурлыбек Жұмахметұлы
Қазақстан Парламенті Мәжiлiсінің VII шақырылымының депутаты
Сәрсенбай Құрманұлы Еңсегенов
Атырау облысынан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты. 1963 жылы 26 наурызда туған, қазақ, білімі жоғары. Гурьев педагогика институтын, әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік Ұлттық университетін бітірген.…
Толығырақ
Сәрсенбай Құрманұлы Еңсегенов
Атырау облысынан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты.
1963 жылы 26 наурызда туған, қазақ, білімі жоғары. Гурьев педагогика институтын, әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік Ұлттық университетін бітірген. Тарих, қоғамтану және совет құқықтану пәндерінің оқытушысы, заңгер.
Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары болып қызмет атқарған.
«Құрмет» орденімен, алты медальмен марапатталған.
"ЖОО үздік оқытушысы - 2005", химия ғылымдарының докторы
"ЖОО үздік оқытушысы - 2005", химия ғылымдарының докторы
Толығырақ
"ЖОО үздік оқытушысы - 2005", химия ғылымдарының докторы
Сабирова Жанылсын Нурмухановна
Сабирова Жанылсын Нурмухановна
Толығырақ
Сабирова Жанылсын Нурмухановна

Университетіміздің 2009 жылғы түлегі, Атырау облыстық Махамбет атындағы академиялық қазақ…
драма театрының әртісі Қайырлиева Гұлнұр Саясатқызының талапкерлерге арналған жүрекжарды тілегі
Толығырақ
Университетіміздің 2009 жылғы түлегі, Атырау облыстық Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрының әртісі Қайырлиева Гұлнұр Саясатқызының талапкерлерге арналған жүрекжарды тілегі
Дорофеев Михаил Викторович
26.04.1972-30.01.2021 Белгілі қазақстандық журналист Михаил Дорофеев 1972 жылы Гурьев қаласында (қазіргі Атырау) дүниеге келген. Ол Гурьев педагогика институтында тарих мамандығы бойынша білім алған. Институтты 1994 жылы тәмамдаған болатын.…
Толығырақ
Дорофеев Михаил Викторович
26.04.1972-30.01.2021
Белгілі қазақстандық журналист Михаил Дорофеев 1972 жылы Гурьев қаласында (қазіргі Атырау) дүниеге келген. Ол Гурьев педагогика институтында тарих мамандығы бойынша білім алған. Институтты 1994 жылы тәмамдаған болатын. Журналистикадағы жолын Атырау облысында «Жарық» телеарнасында бастаған, кейін Атырау облыстық әкімдігінің «Прикаспийская коммуна» (бір кездері бұл газетте оның атасы Александр Багрянцев жұмыс жасады) газетінде жалғастырды.
1998 жылы ол отбасылық жағдайына байланысты Алматыға қоныс аударды, оған КТК телеарнасында жұмыс жасауға ұсыныс жасалды. Республикалық медиада – КТК телеарнасында, «Экспресс К», «Город» және «Мегаполис» газеттерінде (бас редактордың орынбасары) жалғастырған. Республикалық телеарналарда басшылық қызметтер атқарған. «Астана қ. телевизиясы» ЖШС Бас директоры және «Эра» телекомпаниясы» ЖШС бас продюсері қызметін атқарды. «Портрет недели» (КТК), «Формула личности» (Қазақстан, Астана-ТВ), «Тема» («Астана» телеарнасы), «Открытый диалог» (Хабар) телевизиялық бағдарламаларын жүргізді.
Михаил Дорофеев әр жылдарда бірнеше телевизиялық бағдарламалардың тізгінін ұстады. КТК телеарнасында «Дословно» және «Портрет недели», «Формула личности» («Қазақстан», «Астана»), «Телебуриме» («31 канал»), «Тема» («Астана») хабарларының жүргізушісі және авторы болды.
«Экспресс К», «Труд в Казахстане», «Мегаполис» газеттерінде бас редактордың орынбасары болып жұмыс істеді, «Евразия-Центр» газетінің бас редакторы және «Жетінші арна» телекомпаниясының бас продюсері болды. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясында» ақпараттық саясат жөніндегі департамент директоры лауазымының қызметін атқарды. Ал кейін «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ жалғастырды.
2015 жылдан бастап іnformburo.kz ақпараттық-талдау интернет-порталының бас редакторы болып жұмыс істеді. Ол редактор болған жылдарда портал қазақстандық үздік интернет – медиа бестігінің құрамына енді. 2018 жылы Informburo.kz Ұлттық «Үркер» сыйлығы бойынша Қазақстандағы үздік БАҚ деп танылды.
Михаил Дорофеев Қазақстан Президентінің БАҚ саласындағы сыйлығының лауреаты (2018 жыл), Қазақстан Журналистика Академиясының академигі, ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі болған.
Документальный фильм памяти Михаила Дорофеева.mp4 (168139115)
Фариза ОңғарсыноваҚазақ ақыны, халық жазушысыТолығырақЖасыру▾
(1939 жылы Атырау облысы, Исатай ауданында дүниеге келген) — көрнекті қазақ ақыны, журналист, қоғам қайраткері, Қазақстанның Халық жазушысы (1996). 1961 жылы Гурьев педагогикалық институтын бітірген.
Еңбек жолын ауыл мектептерінде мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі және директор болып бастаған. Кейін «Коммунистік еңбек», «Лениншіл жас» газеттерінде тілші, 1970–1978 жылдары республикалық «Қазақстан пионері» газетінің, ал 1978–2000 жылдары «Пионер» («Ақ желкен») журналының бас редакторы лауазымын атқарды. 1996–2004 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды.
1979 жылы «Сенің махаббатың» жинағы үшін Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атанды. «Құрмет белгісі», «Парасат» және І дәрежелі «Достық» ордендерімен марапатталған.
Тұңғыш жыр жинағы — «Сандуғаш» (1966). «Маңғыстау монологтары», «Күй», «Алмас қылыш» поэмаларының және «Шілде», «Дауа» сияқты көптеген жыр кітаптарының авторы. Сондай-ақ әлем әдебиеті классиктерінің туындыларын қазақ тіліне аударған.
Талгат Мусабаев АмангелдіұлыҒарышкер, техника ғылымдарының докторы, авиация генерал -лейтенанты, Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасыТолығырақЖасыру▾
(1951–2025, Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылында дүниеге келген) — көрнекті қазақстандық ғарышкер, мемлекет және қоғам қайраткері, авиация генерал-лейтенанты (2007), техника ғылымдарының докторы (2008), «Қазақстанның Халық Қаһарманы» (1995). Ол 1974 жылы Рига азаматтық авиация инженерлері институтын бітіріп, кейін 1986 жылы ұшқыш куәлігін алды.
Еңбек жолын азаматтық авиацияның Боралдай біріккен авиаотрядында инженер болып бастап, кейін АН-2 және ТУ-134 ұшақтарының екінші ұшқышы әрі командирі қызметін атқарды. 1990 жылы ғарышкерлер отрядына қабылданды. 1994–2001 жылдар аралығында «Союз ТМ-19», «Союз ТМ-27» және «Союз ТМ-32» ғарыш кемелерімен «Мир» және Халықаралық ғарыш станциясына (ХҒС) үш рет ұшып, ғарышта жалпы 341 күн 9 сағат 48 минут уақыт өткізді және ашық ғарышқа 8 рет шықты.
2007–2016 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің («Қазғарыш») төрағасы болды. 2017–2023 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты қызметін атқарды.
1994 жылы Ресей Федерациясының Батыры атағына ие болды, ал 1995 жылы «Қазақстанның Халық Қаһарманы» атағымен марапатталды. Сондай-ақ «Отан», І дәрежелі «Барыс», «Халықтар достығы» және ІІ, ІІІ дәрежелі «Отан алдындағы еңбегі үшін» ордендерінің иегері. Ол ғарыш техникасы мен авиация саласындағы көптеген ғылыми еңбектер мен патенттердің авторы.
Әбдімәлік НысанбаевҒалым, философия ғылым докторы, ҚР ҰҒА академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым мен техника қайраткері .ТолығырақЖасыру▾
(1937–2023, Қызылорда облысы Сырдария ауданы Қарауылтөбе ауылында туған) — көрнекті қазақ философы, ғалым, қоғам қайраткері, философия ғылымдарының докторы (1977), профессор (1980) және ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі (2003). Ол 1960 жылы Қызылорда педагогикалық институтының физика-математика факультетін тәмамдады. [1, 2]
Ғылыми жолын 1960 жылы лаборанттықтан бастап, кейін Қазақстан ҒА Философия институтында бөлім меңгерушісіне дейін көтерілді. 1990–2010 жылдары осы институтқа басшылық етті. Сонымен қатар 1997–2003 жылдары «Қазақ энциклопедиясы» баспасының бас редакторы қызметін атқарып, тәуелсіз елдің алғашқы ұлттық энциклопедиясын шығаруға жетекшілік жасады. [1, 2]
1984 жылы Қазақстанның, 1999 жылы Түркияның Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты атанды. Ол «Парасат» және «Достық» ордендерімен марапатталып, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері атағын иеленді.
Ғалым диалектика, ғылым философиясы, қазақ және түркі философиясы бағыттарында 600-ге жуық ғылыми еңбек пен 30 монография жазды. Оның «Диалектика және қазіргі математика» сияқты іргелі зерттеулері әлемнің 25 тілінде жарық көрді.
Жания АубекироваПианист, Қазақстанның халық артисі, халықаралық конкурстар лауреаты, Құрманғазы атындағы Алматы мемл. консерватория ректоры,профессор.ТолығырақЖасыру▾
(1957 жылы 19 сәуірде Алматы қаласында туған) — көрнекті қазақ пианисі, музыкалық педагог, қоғам қайраткері, профессор (1993) және Қазақстан Республикасының Халық әртісі (1991). Ол 1979 жылы П.И. Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясын, 1981 жылы сол оқу орнының аспирантурасын тәмамдады.
Шығармашылық және еңбек жолын 1979 жылы Абай атындағы опера және балет театрында концертмейстер болып бастап, 1983 жылдан бастап Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының солисі болды. 1997–2018 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына басшылық етті. Сонымен қатар 1994 жылы еліміздегі алғашқы жекеменшік оқу орындарының бірі — өзінің авторлық мектебін, 1998 жылы «Классика» музыкалық агенттігін ашып, отандық музыка өнерінің дамуына жетекшілік жасады.
1983 жылы Парижде өткен Маргерит Лонг пен Жак Тибо атындағы, 1985 жылы камералық ансамбльдердің халықаралық конкурстарында Гран-при иегері атанды. Ол ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2002), «Парасат» (2008), I дәрежелі «Барыс» (2020) және Францияның «Өнер және әдебиет» ордендерімен марапатталды.
Өнер қайраткері әлемнің ең беделді концерт залдарында жеке бағдарламаларымен және атақты оркестрлермен бірге өнер көрсетіп, қазақ музыкасын халықаралық деңгейде насихаттап келеді. Ол әлемге әйгілі «Steinway & Sons» компаниясының ресми әртісі мәртебесіне ие болып, отандық пианизм мектебінің қалыптасуына зор үлес қосты.
Марат Бисенгалиев СаметовичҚазақстандық скрипкашы, дирижер, ҚР мәдениет қайраткері.ТолығырақЖасыру▾
(1962 жылы 15 наурызда Алматы қаласында туған) — әлемге әйгілі қазақ скрипкашы-виртуозы, дирижер, музыкалық педагог, Бирмингем консерваториясының профессоры және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері (2000). Ол Күләш Байсейітова атындағы республикалық арнайы музыка мектебін, Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын, кейіннен П. И. Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясы мен оның аспирантурасын тәмамдады.
Шығармашылық және еңбек жолын 1989 жылы Қазақстанда «Алтын-Алма» камералық оркестрін құрудан бастады. 1990-жылдардың басынан бастап шетелде (Ұлыбритания, Франция, Үндістан) еңбек етіп, халықаралық деңгейде танылды. 2003 жылы Орал қаласында Батыс Қазақстан филармониялық оркестрінің негізін қалап, Орал халықаралық скрипкашылар байқауына жетекшілік етті. Сонымен қатар 2006 жылы Мумбай қаласында Үндістанның тұңғыш кәсіби симфониялық оркестрін (SOI) құрып, оның музыкалық директоры атанды және Азия-Тынық мұхиты аймағы оркестрлері альянсының (AAPRO) директорларының бірі ретінде отандық және әлемдік музыка өнерінің дамуына зор үлес қосты.
1988 жылы Лейпцигте өткен И. С. Бах атындағы, 1991 жылы Испаниядағы Никанор Забалета атындағы халықаралық конкурстардың лауреаты және бірінші жүлде иегері атанды. Ол «Құрмет» (2000), III дәрежелі «Барыс» (2022) ордендерімен және тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлығымен (2000) марапатталды.
Өнер қайраткері Нью-Йорктегі Карнеги-холл, Лондондағы Альберт-холл мен Барбикан-центр секілді әлемнің ең беделді концерт залдарында жеке бағдарламаларымен және атақты оркестрлермен бірге өнер көрсетіп, қазақ музыкасын халықаралық деңгейде насихаттап келеді. Ол «Naxos», «EMI», «Sony BMG» сияқты жетекші әлемдік дыбыс жазу компанияларымен жұмыс істеп, заманауи композитор Карл Дженкинспен бірлескен жобалары арқылы қазақ күйлері мен ұлттық әуендерді әлемдік сахнаға шығарды.
Салық ЗимановҚоғам және мемлекет қайраткері, заңгер, заң ғылымының докторы, профессор,ТолығырақЖасыру▾
Қоғам және мемлекет қайраткері, заңгер, заң ғылымының докторы, профессор,
Қазақстан Республикасы Ұлттық ҒА-ның академигі. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген Ғылыми қайраткері.
(1921 жылы 19 ақпанда Гурьев қаласында, қазіргі Атырауда туған — 2011 жылы 4 қарашада Алматыда қайтыс болған) — көрнекті кеңестік және қазақстандық заңгер-ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері, педагог, қазақ заңгерлері арасынан шыққан тұңғыш заң ғылымдарының докторы және Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының тұңғыш академигі, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1971). Ол Бүкілодақтық заң институтын (1948), кейін КСРО Ғылым академиясының Құқық институтының аспирантурасын бітіріп, мемлекет және құқық тарихы мен теориясының отандық ғылыми мектебінің қалыптасуына негіз қалады.
Еңбек және өмір жолын Ұлы Отан соғысының сұрапыл жылдарында бастады: 1941 жылы майданға аттанып, қатардағы жауынгерден артиллерия дивизионының командирі және полк командирінің орынбасарына дейінгі жолдан өтіп, полковник шенінде отставкаға шықты. Бейбіт өмірге оралған соң Гурьев облысы мен Қазақ КСР прокуратура органдарында тергеуші және прокурор болып қызмет етті. 1952 жылдан бастап өмірін ғылым мен жоғары білім беру саласына арнады: Алматы заң институтын, ҚазМУ-дың заң факультетін басқарды, ал 1958 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясының Философия және құқық институтын құрып, ұзақ жылдар бойы жетекшілік етті. 1990-жылдары ҚР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланып, Қазақ КСР-нің Мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясын дайындау жөніндегі комиссияны басқарды, тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясын әзірлеуге және отандық құқықтық жүйенің қалыптасуына орасан зор үлес қосты.
Ол Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының (1993) және Президенттің бейбітшілік пен рухани келісім сыйлығының (1993) лауреаты. «Отан» (1999), «Парасат» (2002), Халықтар достығы ордендерімен, сондай-ақ I дәрежелі Отан соғысы және Қызыл Жұлдыз жауынгерлік ордендерімен марапатталған, Алматы қаласының Құрметті азаматы атағына ие болды (2011).
Ғалым артына іргелі ғылыми мұра — Қазақстан мен Орталық Азияның мемлекет және құқық тарихы бойынша 300-ден астам ғылыми еңбек пен 17 монография қалдырды. Оның ғылыми жетекшілігімен «Қазақтың ата заңдары» атты бірегей 10 томдық академиялық жинақ жарық көрді, соның арқасында қазақ халқының бай құқықтық мұрасы — билер заңы мен дала демократиясы терең ғылыми тұрғыда зерделеніп, әлемдік заңгерлер қауымдастығында кеңінен танылды.
Зейнолла ҚабдоловҚР халық жазушысы, әдебиет зерттеуші ғалым, филология ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының академигі.ТолығырақЖасыру▾
ҚР халық жазушысы, әдебиет зерттеуші ғалым, филология ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының академигі.
(12 желтоқсан 1927, Атырау облысы, Доссор кенті — 25 тамыз 2006, Алматы) — көрнекті жазушы, әдебиеттанушы ғалым, ұстаз, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстанның Халық жазушысы (1994), Қазақ және Қырғыз Республикаларының еңбек сіңірген ғылым қайраткері. Ол 1950 жылы С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) филология факультетін үздік бітіріп, ұлы Мұхтар Әуезовтен дәріс алып, оның шәкірті әрі ғылыми жолын жалғастырушысы атанды.
Еңбек жолын Ұлы Отан соғысы жылдарында майданға аттанған әкесі Қабдолдың орнына Доссор мұнай өндірісінде жұмыс істеуден бастады. Университетті бітіргеннен кейін 1950 жылдан бастап өмірінің соңына дейін (50 жылдан астам уақыт) өзі білім алған ҚазҰУ-да ұстаздық етіп, аға оқытушы, доцент, профессор және қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі дәрежесіне дейін көтерілді. Ғылым мен ұстаздықты қатар алып жүріп, елдің әдеби және қоғамдық өмірінде жауапты қызметтер атқарды: «Жұлдыз» журналының (1954–1957) және «Қазақ әдебиеті» газетінің (1958–1959) бас редакторы, Қазақстан Компартиясы ОК мәдениет секторының меңгерушісі (1959–1961) және Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы (1961–1963) болды.
Ол «Менің Әуезовым» роман-эссесі үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының (1998) және ҚР Ғылым академиясының Ш. Уәлиханов атындағы бірінші дәрежелі сыйлығының лауреаты атанды. «Парасат» (2001), «Құрмет», «Халықтар достығы» және «Құрмет Белгісі» ордендерімен, сондай-ақ көптеген медальдармен және құрмет грамоталарымен марапатталған.
Қаламгер әрі ғалым артына мол көркем және ғылыми мұра қалдырды. Оның мұнайшылар өмірінен жазылған «Ұшқын» (1956), «Жалын» (1970) романдары, «Сөнбейтін от» (1967) повесі мен пьесалары қазақ әдебиетінің алтын қорына енді, ал «Сөз өнері» (1970) атты іргелі монографиясы мен «Жанр сыры», «Жебе», «Көзқарас» сияқты зерттеу еңбектері қазақ әдебиеттану ғылымының негізгі оқулығына айналды. Сонымен қатар А. Пушкин, Н. Гоголь, Л. Толстой, А. Чехов, М. Горький шығармаларын қазақ тіліне аударды.
Зейнолла ҚанатҚазақстан жазушылар одағы басқарма Төрағасының кеңесшісі, университеттің 85 жылдығына орай Зейнолла Сәнік атындағы аудиторияны жасап, оқу үдерісіне қатысты заманауи құралдар сыйлағаны, қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының студентіне арнайы шәкіртақы тағайындаған.ТолығырақЖасыру▾
Қазақстан жазушылар одағы басқарма Төрағасының кеңесшісі, университеттің 85 жылдығына орай Зейнолла Сәнік атындағы аудиторияны жасап, оқу үдерісіне қатысты заманауи құралдар сыйлағаны, қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының студентіне арнайы шәкіртақы тағайындаған.
Батырбаев Махамбет ДемешовичАрдагер мұнайшы, АҚБ/ОАО «Казахойл-эмба»ПрезидентіТолығырақЖасыру▾
Ардагер мұнайшы, АҚБ/ОАО «Казахойл-эмба»Президенті
(24 қаңтар 1943, Атырау қаласы) — көрнекті мұнайшы-геолог, мұнай-газ өндірісінің ірі ұйымдастырушысы, техника ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнеркәсіп қызметкері. Ол 1963 жылы Гурьев мұнай техникумын, ал 1972 жылы Бүкілодақтық сырттай оқытатын политехникалық институтын «тау-кен инженер-геологы» мамандығы бойынша бітіріп, кәсіби еңбек жолына берік негіз қалады.
Еңбек жолын 1962 жылы Маңғышлақ геофизикалық партиясында жұмысшы болып бастады. 1963–1966 жылдары Кеңес Армиясы қатарында әскери борышын өтеген соң, кәсіпшілік-геофизикалық партияда инженер болып қызмет етті. 1968–1978 жылдары «ҚазҒЗЖИмұнай» («КазНИПИнефть») институтында мұнай және газ кен орындарын жобалау мен игеру зертханасының меңгерушісі ретінде ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысты. Одан кейінгі жылдары еліміздің ірі мұнай-газ кәсіпорындарында жауапты басшылық қызметтер атқарды: 1978–1992 жылдары «Маңғышлақмұнай» өндірістік бірлестігінде бас геолог және бас директордың орынбасары, 1992–1994 жылдары «Теңізмұнайгаз» өндірістік бірлестігінің бас директоры, 1994–1995 жылдары «Мұнайгаз» мемлекеттік холдинг компаниясының вице-президенті және бірінші вице-президенті болды. 1997–2002 жылдары «Ембімұнайгаз» АҚ президенті, «Қазақойл-Ембі» өндірістік филиалының директоры, ал 2002 жылдан бастап «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясының вице-президенті қызметін атқарып, отандық мұнай-газ саласын дамытуға зор үлес қосты.
Ол Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1984), сондай-ақ академик И. М. Губкин және Н. К. Байбаков атындағы беделді салалық сыйлықтардың иегері. «Құрмет» және «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған, Атырау қаласының, Жаңаөзен қаласының және Атырау облысының Құрметті азаматы (2023) атақтарына ие болды.
Ғалым әрі өндіріс ұйымдастырушысы мұнай-газ кен орындарын игеру және қабаттардың мұнай беру тиімділігін арттыру бағытында көптеген ғылыми еңбектер мен 35 өнертабыстың авторы ретінде сала тарихында өшпес із қалдырды.
Даукеев Серікбек ЖүсіпбекұлыҚазақстан Республикасының саяси қоғам қайраткеріТолығырақЖасыру▾
Қазақстан Республикасының саяси қоғам қайраткері
Құсайынов Асқарбек ҚабыкенұлыПедагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының президентіТолығырақЖасыру▾
Педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының президенті
Қайыржанов Елеген ІзтелеуұлыЗаң ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ғылым және техника еңбек сіңірген қайраткеріТолығырақЖасыру▾
Заң ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ғылым және техника еңбек сіңірген қайраткері
Құдайқұлов АнарбайФизика-математика ғылымдарының докторы, профессор.ТолығырақЖасыру▾
Физика-математика ғылымдарының докторы, профессор.
Айдаралиев Ғабдрахман ӘшімбайұлыҚазақстан білім беру ісінің үздігі, профессор. «Қызыл Жұлдыз» орденінің иегері.ТолығырақЖасыру▾
Қазақстан білім беру ісінің үздігі, профессор. «Қызыл Жұлдыз» орденінің иегері.
Жанахметова Фатима МолдагалиевнаКСРО және Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігі, педагогика саласының ардагері.ТолығырақЖасыру▾
КСРО және Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігі, педагогика саласының ардагері.
Көшеков ОңайбайКеңес үкіметі тұсындағы көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері. Атырау облысының Құрметті азаматы.ТолығырақЖасыру▾
Кеңес үкіметі тұсындағы көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері. Атырау облысының Құрметті азаматы.
Ленин ордені, үш мәрте Еңбек Қызыл Ту ордені, Қазақстан Республикасы «Құрмет» орденінің иегері.
Омаров Бауыржан ЖұмаханұлыҚазақстанның мемлекет қайраткері, журналист, әдебиеттанушы, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Президентінің университетпен көп жылғы ғылыми байланыс орнатты.ТолығырақЖасыру▾
Қазақстанның мемлекет қайраткері, журналист, әдебиеттанушы, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Президентінің университетпен көп жылғы ғылыми байланыс орнатты.
Гребенников Евгений АлександровичРесей отандық ғылымының ардагері, физика-математика ғылымдарының докторы.ТолығырақЖасыру▾
Ресей отандық ғылымының ардагері, физика-математика ғылымдарының докторы.
Волков Геннадий НикандровичПедагогика ғылымдарының докторы, профессор, жазушы, аудармашы, сыншы, Чуваш Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі, Ресей Федерациясының, Қалмақия және Тыва Республикаларының еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Саха Республикасының еңбек сіңірген білім беру қызметкері, К. Д. Ушинский атындағы сыйлықтың лауреаты, Педагогика ғылымдары академиясының мүшесі, Чуваш Республикасының Құрметті азаматы.ТолығырақЖасыру▾
Педагогика ғылымдарының докторы, профессор, жазушы, аудармашы, сыншы, Чуваш Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі, Ресей Федерациясының, Қалмақия және Тыва Республикаларының еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Саха Республикасының еңбек сіңірген білім беру қызметкері, К. Д. Ушинский атындағы сыйлықтың лауреаты, Педагогика ғылымдары академиясының мүшесі, Чуваш Республикасының Құрметті азаматы.
Ахмедьяров ҚаршығаҚазақстанның Халық артисі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор, сазгер-домбырашы.ТолығырақЖасыру▾
Қазақстанның Халық артисі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор, сазгер-домбырашы.
Қоразбаев АлтынбекКомпозитор,Қазақстан Республикасы, Қырғызстан Респуб. халық әртісіТолығырақЖасыру▾
Композитор,Қазақстан Республикасы, Қырғызстан Респуб. халық әртісі
Кенжегали Абенович СагадиевЭкономика ғылымының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым мен техника қайраткері.ТолығырақЖасыру▾
Экономика ғылымының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым мен техника қайраткері.
Чердабаев Мағауия Тажіқараұлы«ЭмбаведьОйл» ЖШС-нің бас директоры экономика ғылымының докторы, профессор, академик.ТолығырақЖасыру▾
«ЭмбаведьОйл» ЖШС-нің бас директоры экономика ғылымының докторы, профессор, академик.
Жақанов ИльяКомпозитор, жазушы, публицист, музыка танушы, Қазақстан мен Қырғызстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері.ТолығырақЖасыру▾
Композитор, жазушы, публицист, музыка танушы, Қазақстан мен Қырғызстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері.
Жүдебаев Арман«Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, 2026 ж. «Құрмет» орденінің иегері. «Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» РММ ректоры. Өнер және мәдениет саласында бірқатар маңызды жобалар жүзеге асырылып, жас мамандарды даярлау ісіне, ұлттық мәдениетті дамытуға және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға айрықша көңіл бөліп, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің музыка мамандығы студенттерін академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясына тәжірибе алмасу және білімдерін жетілдіруіне белсенді түрде атсалысқан.ТолығырақЖасыру▾
«Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, 2026 ж. «Құрмет» орденінің иегері. «Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» РММ ректоры. Өнер және мәдениет саласында бірқатар маңызды жобалар жүзеге асырылып, жас мамандарды даярлау ісіне, ұлттық мәдениетті дамытуға және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға айрықша көңіл бөліп, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің музыка мамандығы студенттерін академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясына тәжірибе алмасу және білімдерін жетілдіруіне белсенді түрде атсалысқан.
Отарбаев Рахымжан Қасымғалиұлыкөрнекті жазушы -драматургТолығырақЖасыру▾
көрнекті жазушы -драматург
Тасқынбаев ЕсенАтырау облысының Құрметті азаматы, мемлекет және қоғам қайраткері, республикалық дәрежедегі дербес зейнеткер.ТолығырақЖасыру▾
Атырау облысының Құрметті азаматы, мемлекет және қоғам қайраткері, республикалық дәрежедегі дербес зейнеткер.
Ершуова Маржан АманқосқызыҚазақстан Жазушылар Одағының мүшесі. Еуразия Жазушылар Одағының мүшесі (Түркия). Ақын, драматург, аудармашы, прозаик, сатирик, әдебиеттанушы ғалым. Филология ғылымдарының кандидаты. Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты. ҚР Президенті К.Қ.Тоқаевтың Алғыс хаты және ҚР Мәдениет министрлігінің Алғыс хатын алған. «Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталған. ҚР Мәдениет саласының үздігі, IV халықаралық «Шабыт» фестивалінің Гран-При иегері, Түркітілдес поэзия фестивалінің лауреаты. Юнус Эмре институтының Жахыт Сытхы Таранжы атындағы әдеби сыйлығын алған. «Хазар жыр ақшамдары» фестивалінің лауреаты. Республикалық «Рух. Әдебиет» байқауы 2025, «Әулие ата» республикалық әдеби байқауының жеңімпазы. «Атыраудың ардақтысы» белгісімен марапатталғанТолығырақЖасыру▾
Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі. Еуразия Жазушылар Одағының мүшесі (Түркия). Ақын, драматург, аудармашы, прозаик, сатирик, әдебиеттанушы ғалым. Филология ғылымдарының кандидаты. Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты. ҚР Президенті К.Қ.Тоқаевтың Алғыс хаты және ҚР Мәдениет министрлігінің Алғыс хатын алған. «Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталған. ҚР Мәдениет саласының үздігі, IV халықаралық «Шабыт» фестивалінің Гран-При иегері, Түркітілдес поэзия фестивалінің лауреаты. Юнус Эмре институтының Жахыт Сытхы Таранжы атындағы әдеби сыйлығын алған. «Хазар жыр ақшамдары» фестивалінің лауреаты. Республикалық «Рух. Әдебиет» байқауы 2025, «Әулие ата» республикалық әдеби байқауының жеңімпазы. «Атыраудың ардақтысы» белгісімен марапатталған
Есмұхан Жанұзақ МұхитұлыТехника ғылымдарының докторы, профессор, халықаралық ақпарат академиясының академигі.ТолығырақЖасыру▾
Техника ғылымдарының докторы, профессор, халықаралық ақпарат академиясының академигі.
Жұмаділдаев Асқар СерікқұлұлыҚазақстандық белгілі математик, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясы академигі. Ол алгебра, дифференциалдық теңдеулер және математикалық физика салаларында іргелі зерттеулер жүргізген. Ғылыми еңбектері халықаралық деңгейде танылған. Қазіргі кезде ол ғылыми-педагогикалық қызметпен айналысады, жоғары оқу орындарында дәріс оқып, жас ғалымдарды даярлауға үлес қосып келеді. Сонымен қатар ғылымды насихаттау бағытында да белсендіТолығырақЖасыру▾
Қазақстандық белгілі математик, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясы академигі. Ол алгебра, дифференциалдық теңдеулер және математикалық физика салаларында іргелі зерттеулер жүргізген. Ғылыми еңбектері халықаралық деңгейде танылған. Қазіргі кезде ол ғылыми-педагогикалық қызметпен айналысады, жоғары оқу орындарында дәріс оқып, жас ғалымдарды даярлауға үлес қосып келеді. Сонымен қатар ғылымды насихаттау бағытында да белсенді
Серіков Төлеуіш ПәуеденұлыХимия ғылымдарының докторы, профессор, халықаралық және ҚР-халықтық инженерлік академиялар академигі.ТолығырақЖасыру▾
Химия ғылымдарының докторы, профессор, халықаралық және ҚР-халықтық инженерлік академиялар академигі.
Борликов Герман МанджиевичПедагогика ғылымдарының докторы, профессор. РФ жоғары мектебінің еңбек сіңірген қызметкері. Қалмақия Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері. Марапаттары: «Отан алдындағы еңбегі үшін» IV дәрежелі ордені, «Құрмет» ордені, А.С. Макаренко атындағы орден, «Еңбектегі ерлігі үшін» медалі, РАЕН-нің «Ғылым және өнер рыцары» құрметті атағы мен белгісі; РФ жоғары мектебінің еңбек сіңірген қызметкері, Қалмақия Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері.ТолығырақЖасыру▾
Педагогика ғылымдарының докторы, профессор. РФ жоғары мектебінің еңбек сіңірген қызметкері. Қалмақия Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері. Марапаттары: «Отан алдындағы еңбегі үшін» IV дәрежелі ордені, «Құрмет» ордені, А.С. Макаренко атындағы орден, «Еңбектегі ерлігі үшін» медалі, РАЕН-нің «Ғылым және өнер рыцары» құрметті атағы мен белгісі; РФ жоғары мектебінің еңбек сіңірген қызметкері, Қалмақия Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері.
Кекілбаев ӘбішҚазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері. 23.12.2009 ж., №5 хаттамаТолығырақЖасыру▾
Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері. 23.12.2009 ж., №5 хаттама
Натыров Аркадий КануровичАуыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, Қалмақ мемлекеттік университетінің профессоры, академик, РАЕН және РАСХН-нің толық мүшесі, Қалмақия Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Ресей Федерациясының жоғары кәсіптік білім беру саласының құрметті қызметкері.ТолығырақЖасыру▾
Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, Қалмақ мемлекеттік университетінің профессоры, академик, РАЕН және РАСХН-нің толық мүшесі, Қалмақия Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Ресей Федерациясының жоғары кәсіптік білім беру саласының құрметті қызметкері.
Нұрышева Гүлжиһан ЖұмабайқызыФилософия ғылымдарының докторы, профессор, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Философия кафедрасының Ғылым-Білім беру Орталығының директоры, белгілі ғалым, ЖОО студенттеріне арналған көптеген оқулықтардың авторы, 1980-1996 жылдары университетімізде қызмет етіп, университеттің ғылыми-педагогикалық дамуына өз үлесін қосты.ТолығырақЖасыру▾
Философия ғылымдарының докторы, профессор, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Философия кафедрасының Ғылым-Білім беру Орталығының директоры, белгілі ғалым, ЖОО студенттеріне арналған көптеген оқулықтардың авторы, 1980-1996 жылдары университетімізде қызмет етіп, университеттің ғылыми-педагогикалық дамуына өз үлесін қосты.
Ғарифолла ЕсімФилософия ғылымы докторы, профессор, академик, ҚР ҒА корреспондент мүшесі.ТолығырақЖасыру▾
Философия ғылымы докторы, профессор, академик, ҚР ҒА корреспондент мүшесі.
Әйтімов Ақсерік СарыұлыҚазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті МЕББМ құрылтайшы-Президенті, ҚР ҰИА вице-президенті, ҚР ҰИА Батыс Қазақстан филиалының төрағасы, техника ғылымдарының кандидаты, профессор, ҚР ҰИА академигі Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетімен көп жылғы іскерлік және ғылыми байланыс орнатты.ТолығырақЖасыру▾
Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті МЕББМ құрылтайшы-Президенті, ҚР ҰИА вице-президенті, ҚР ҰИА Батыс Қазақстан филиалының төрағасы, техника ғылымдарының кандидаты, профессор, ҚР ҰИА академигі Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетімен көп жылғы іскерлік және ғылыми байланыс орнатты.
Омарбеков ТаласҚазақстан Республикасы Әлеуметтік ғылымдар Академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессорТолығырақЖасыру▾
Қазақстан Республикасы Әлеуметтік ғылымдар Академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор
Блиев Назарбай ҚадырұлыФизика-математика ғылымдарының докторы, профессор , Қазақ Ұлттық Ғылым академиясының академигі.ТолығырақЖасыру▾
Физика-математика ғылымдарының докторы, профессор , Қазақ Ұлттық Ғылым академиясының академигі.
Сүлейменов Олжас ОмарұлыҚоғам қайраткері, қазақ ақыны, жазушы, лингвист-ғалым, Қазақ КСР Халық жазушысы , Қазақстанның Еңбек Ері, Халықаралық антиядролық "Невада-Семей" қозғалысының негізін салушысыТолығырақЖасыру▾
Қоғам қайраткері, қазақ ақыны, жазушы, лингвист-ғалым, Қазақ КСР Халық жазушысы , Қазақстанның Еңбек Ері, Халықаралық антиядролық "Невада-Семей" қозғалысының негізін салушысы
Қыдыралин ҮркімбайТарих ғылымдарының докторы, профессор, «ҚР ғылымын дамытуға атқарған еңбегі үшін» төсбелгі иегері.ТолығырақЖасыру▾
Тарих ғылымдарының докторы, профессор, «ҚР ғылымын дамытуға атқарған еңбегі үшін» төсбелгі иегері.
Аюханов Болат ҒазизұлыҚазақстанның халық әртісі, балет режиссері, балетмейстер. Өнертану профессоры, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреатыТолығырақЖасыру▾
Қазақстанның халық әртісі, балет режиссері, балетмейстер. Өнертану профессоры, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
Абдрахманов Сауытбек«Егемен Қазақстан» республикалық газеті акционерлі қоғамының президентіТолығырақЖасыру▾
«Егемен Қазақстан» республикалық газеті акционерлі қоғамының президенті
Құспан Абзал Темірғалиұлықазақстандық заңгер, саясаткер, қоғам қайраткері, 2023 жылдан бері Қазақстан Мәжілісінің депутаты. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесіТолығырақЖасыру▾
қазақстандық заңгер, саясаткер, қоғам қайраткері, 2023 жылдан бері Қазақстан Мәжілісінің депутаты. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі
Салаев Бадма КатиновичРектор Калмыкия мемлекеттік университетінің ректоры, профессор. Ресей Федерациясы жоғары кәсіби білім беру саласының құрметті қызметкері, Қалмақия Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі.ТолығырақЖасыру▾
Ректор Калмыкия мемлекеттік университетінің ректоры, профессор. Ресей Федерациясы жоғары кәсіби білім беру саласының құрметті қызметкері, Қалмақия Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі.
Диаров МуфтахГеология – минерология ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, Атырау облысының Құрметті азаматы.ТолығырақЖасыру▾
Геология – минерология ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, Атырау облысының Құрметті азаматы.
Сарай Әнес ТөлендіұлыМемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі жазушы, драматург.ТолығырақЖасыру▾
Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі жазушы, драматург.
Мамбетқазиев Ережеп ӘлхайырұлыХимия ғылымдарының докторы, КР ҰҒА академигі, 1993-1995жж. ҚР Білім министрі, «Парасат» орденінің иегері.ТолығырақЖасыру▾
Химия ғылымдарының докторы, КР ҰҒА академигі, 1993-1995жж. ҚР Білім министрі, «Парасат» орденінің иегері.
Құрманалиев Кәрімбек АрыстанбекұлыҒылым жəне жоғары білім саласының көрнекті өкілі.1962 жылы 20 сəуірде Түркістан облысының Бəйдібек ауданында туған.ТолығырақЖасыру▾
Ғылым жəне жоғары білім саласының көрнекті өкілі.1962 жылы 20 сəуірде Түркістан облысының Бəйдібек ауданында туған.
1986 жылы қазіргі Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар жəне əлем
тілдері университетін және 1991 жылы
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл
институтының аспирантурасын бітірген.Неміс тілі мен қазақ тілінің мұғалімі біліктілігін алған. Сондай-ақ, «Қайнар» университетін де тəмəмдаған, «заңгер» біліктігі берілген.
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының тіл білімі бойынша толық мүшесі (академигі), филология ғылымдарының докторы, профессор.
Кəрімбек Құрманəлиев еліміздің жетекші жоғары оқу орындарында, атап айтқанда, Л. Гумилев атындағы Ұлттық университетінде, Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар жəне əлем тілдері университетінде проректор жəне «Қайнар» университетінде ректор болып қызмет атқарған. Сонымен бірге, Білім жəне ғылым министрлігінің Жоғары білім беру департаментін басқарған.
Қазіргі кезде ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің штаттан тыс кеңесшісі, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының вице-президенті.
К.Құрманəлиев – жалпы түркі тілдері мəселелері, қазақ тілі мен шетел тілдерінің салыстырмалы грамматикасы, қазақ тіл білімінің дериватология, диалектология, терминология салалары бойынша жарияланған 6 монографиялық еңбектің, жоғары оқу орындарына арналған 4 оқулықтың, 15 оқу- əдістемелік құралдың жəне 200- ден астам ғылыми мақалалардың авторы.
Ғылыми жұртшылық академик Құрманəлиевті ғылыми- педагогикалық қызметті қоғамдық жұмыстармен ұтымды ұштастыра білген қоғам қайраткері ретінде де таниды. 2022 -2026 жылдары Президент жанындағы Ұлттық құрылтай мүшесі болды. ҚР Үкіметі жанындағы Мемлекеттік тілді одан əрі дамыту бойынша Комиссия мүшесі, Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясы Директорлар кеңесінің тəуелсіз директоры, Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы міндетін атқарушы.
Академик Кəрімбек Құрманəлиевтің көп жылғы ғылыми-педагогикалық жəне қоғамдық қызметі мемлекет тарапынан жоғары бағаланып, «Парасат», «Құрмет» ордендерімен, Ғылым жəне жоғары білім министрлігінің «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» жəне «Білім саласының Құрметті қызметкері» ведомстволық төсбелгісімен марапатталған.
Данаев Наргозы ТұрсынбайұлыФизика-математика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР мемлекеттік сыйлығының иегері.ТолығырақЖасыру▾
Физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР мемлекеттік сыйлығының иегері.
Маммадов Рашид ЭйнаддиноглыҚР-дағы Азербайджан Республикасы- ның Бас консулы /университеттің дамуына және студент-жастарды қолдауда тығыз қарым – қатынас орнатып, екі ел арасында байланыс орнатуда елеулі үлес қосқан.ТолығырақЖасыру▾
ҚР-дағы Азербайджан Республикасы- ның Бас консулы /университеттің дамуына және студент-жастарды қолдауда тығыз қарым – қатынас орнатып, екі ел арасында байланыс орнатуда елеулі үлес қосқан.
Бекмаханова Наиля ЕрмухановнаРесей ғылым Академиясының аға ғылыми қызметкері, тарих ғылымда- рының докторы, профессорТолығырақЖасыру▾
Ресей ғылым Академиясының аға ғылыми қызметкері, тарих ғылымда- рының докторы, профессор
Мейер Михаил СерафимовичМ.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті Азия және Африка елдері институтының Президенті, тарих ғылымдарының докторы, профессорТолығырақЖасыру▾
М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті Азия және Африка елдері институтының Президенті, тарих ғылымдарының докторы, профессор
Әбсаттар қажы Дербісалы
Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор, дипломат
Әбжанов Ханкелді МахмұтұлыШ.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессорТолығырақЖасыру▾
Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор
Мажитов Саттар ФазылұлыШ.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының аға ғылыми қызметкері, Ресей жаратылыстану және халықаралық ақпараттандыру академияларының академигі, профессор.ТолығырақЖасыру▾
Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының аға ғылыми қызметкері, Ресей жаратылыстану және халықаралық ақпараттандыру академияларының академигі, профессор.
Розметов Владимир Федоровичауыл шаруашылығы саласының үздігі, «Құрмет», «Достық» ордендерінің иегеріТолығырақЖасыру▾
ауыл шаруашылығы саласының үздігі, «Құрмет», «Достық» ордендерінің иегері
Әнес ҒарифоллаТілші-ғалым, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, «Арыс» қорының президентіТолығырақЖасыру▾
Тілші-ғалым, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, «Арыс» қорының президенті
Ниетқалиева Гүлзада РахметқызыҚазақстан Журналистер Одағының мүшесі «Сарайшық» журналының бас редакторы, көрнекті ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегеріТолығырақЖасыру▾
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі «Сарайшық» журналының бас редакторы, көрнекті ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері
Орақ Жауырұлы Жауыров«Құрмет» орденінің кавалері, Атырау облысының «Құрметті азаматы», домбырашы, атақты дирижёр, композитор. Білімді де тәжірибелі педагог, білім және ғылым саласында өзіндік орны бар оқу-әдістемелік құралдар мен монографиялардың авторы, Х.Досмұхамедов университетінде шәкірттерді тәрбиелеген.ТолығырақЖасыру▾
«Құрмет» орденінің кавалері, Атырау облысының «Құрметті азаматы», домбырашы, атақты дирижёр, композитор. Білімді де тәжірибелі педагог, білім және ғылым саласында өзіндік орны бар оқу-әдістемелік құралдар мен монографиялардың авторы, Х.Досмұхамедов университетінде шәкірттерді тәрбиелеген.
Рысбеков Тұяқбай Зейітұлығалым, тарих ғылымының докторы, профессор, Қазақстан гуманитарық ғылымы академиясы акададемигі, Қазақстан Жоғары мектеп академиясының корреспондент-мүшесіТолығырақЖасыру▾
ғалым, тарих ғылымының докторы, профессор, Қазақстан гуманитарық ғылымы академиясы акададемигі, Қазақстан Жоғары мектеп академиясының корреспондент-мүшесі
Неваленный Александр НиколаевичАстрахан мемлекеттік техникалық университетінің ректоры, биология ғылымдарының докторы, профессор, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген балық шаруашылығы қызметкерііТолығырақЖасыру▾
Астрахан мемлекеттік техникалық университетінің ректоры, биология ғылымдарының докторы, профессор, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген балық шаруашылығы қызметкеріі
Ханбибі Есенқарақызы«Парасат» орденінің, халықаралық «Алаш әдеби сыйлығының» иегері, «Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген қызметкері», Гумилев атындағы Еуразия университеті медальдарымен ұлығыланған көрнекті ақын, журналистТолығырақЖасыру▾
«Парасат» орденінің, халықаралық «Алаш әдеби сыйлығының» иегері, «Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген қызметкері», Гумилев атындағы Еуразия университеті медальдарымен ұлығыланған көрнекті ақын, журналист
Серік Кеңесбаев«Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығының басшысыТолығырақЖасыру▾
«Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығының басшысы
Каримов Тауфик АкрамовичТәуфик Каримов 1958 жылы 1 ақпанда Атырау қаласында дүниеге келген.ТолығырақЖасыру▾
Тәуфик Каримов 1958 жылы 1 ақпанда Атырау қаласында дүниеге келген.
Бітірген:
- Атырау педагогикалық институты (1979)
- Саясаттану және басқару институты (Алматы, 1991)
- Мұнай және газ институты (Атырау, 1995)
Оқытушы, кафедра меңгерушісі, төраға, сарапшы, Атырау облысы әкімі аппаратының басшысы, «Қазақстанкаспийшельф» АҚ вице-президенті, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің бас инспекторы қызметтерін атқарған.
Жауыров Теңдік ЖауырұлыТеңдік Жауыров (1934 жылы 13 сәуірде Атырау, Томарлы ауылында туған) — көрнекті журналист, доцент.ТолығырақЖасыру▾
Теңдік Жауыров (1934 жылы 13 сәуірде Атырау, Томарлы ауылында туған) — көрнекті журналист, доцент.
1957 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін (журналистика бөлімін) үздік бітірген.
Тауман Салықпайұлы АмандосовТауман Салықпайұлы Амандосов (05.12.1921 – 08.07.1991) Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.ТолығырақЖасыру▾
Тауман Салықпайұлы Амандосов (05.12.1921 – 08.07.1991) Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.
С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін үздік бітірген.
Докторлық диссертациясының ресми оппоненті — әлемге әйгілі ғалым Мұхтар Әуезов.
Қазақ журналистикасының теориясы мен практикасын зерттейтін ғылымның негізін салушы.
Шәкібалиев Рақымжан ШәкібәліұлыРақымжан Шәкібалиев (1936 жылы 20 қыркүйекте туған) — профессор, физика-математика ғылымдарының кандидаты.ТолығырақЖасыру▾
Рақымжан Шәкібалиев (1936 жылы 20 қыркүйекте туған) — профессор, физика-математика ғылымдарының кандидаты.
Гурьев мемлекеттік педагогикалық институтының физика-математика факультетін бітірген.
Диссертациясын Мәскеуде академик Е.А. Гребенниковтың жетекшілігімен қорғаған.
Рыспай Ғабдиев
ТолығырақЖасыру▾
домбырашы, дирижер, Қазақстанның халық артисі (1996). 1953 ж. Алматыда өткен жасөспірімдердің республикалық өнер байқауында Құрманғазының "Төремұрат" күйін орындал, бірінші орын алған. Алматы музыка училищесін (1958), Шымкент өнер институтын бітірген (1979). 1954 - 1961 ж. Қазақ халық аспаптар оркестрінің домбырашысы, қонцертмейстері, 1961 - 1962 ж. Атырау муз. училищеде оқытушы, 1962 - 1980 ж. Доссор музыка мектебінің директоры, 1980 - 1990 ж. Атырау пед. ин-тының муз.-пед. ф-тінің деканы болды. 1990 жылдан Атырау облысы халық аспаптар оркестрінің көркемдік жетекш. және бас дирижері. Ғ. 1994 ж. Анталия (Түркия) қаласында өткен дүниежүзілік өнер фестивалінің, 1998 ж. Алматыда өткен "Құрманғазы және ұлы дала музыкасы" халықаралық фестивалінің бас жүлделерін жеңіп алды. Ғ-тің репертуарында Құрманғазының "Терісқақпай", "Төре-мүрат", "Байжұма", "Адай", "Аман бол, шешей", "Қайран шешей", "Машина"; Динаның "Бұлбұл", "Бай-жұма"; Дәулеткерейдің "Байжүма", "Қос ішек", "Көркем ханым", "Кербез Ақжелең", "Кәроғлы", Сейтектің "Ақсақ құлан", Есбайдың "Ел айы-рылған", Ерғалидің "Қоштасу", сон-дай-ақ, Қазанғаптың, Абылдың күйлері, халық күйі "Қарасай", т.б. бар. Оның орындауындағы күйлер 3 күйтабаққа және "Байжұма" деген атпен үнтаспаға жазылды. Ғ. - "Балалар оркестрімен жұмыс", "Домбырадан сабақ беру тәсілі", т.б. кітаптардың авторы.
«Парасат» орденімен марапатталған
ЖОО үздік оқытушылары
Х.ғ.д., профессор Р.Н. Насиров Д.В. Сокольский атындағы «Органикалық катализ және электрохимия институты» АҚ жанында Д 53.19.01 диссертациялық кеңестің мүшесі. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 789 бұйрығы бойынша ҚР БҒМ «ЖОО үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері атанды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша Р.Насиров Қытай Халық Республикасымен екінші халықаралық грантты жеңіп алды. Р.Насиров - Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің 2010 жылдың 23 желтоқсанындағы №575 бұйрығымен «Химия және материалтану» мамандығы бойынша ғылым мен техниканың дамуына зор үлес қосқан ғалымдар мен мамандарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендия иегері. «Жылдың үздік әдіскері» (Алматы) республикалық байқауына қатысып, «Инновациялық әдіскер» номинациясы бойынша Құрмет грамотасымен марапатталды.Х.ғ.д., профессор Р.Н. Насиров Д.В. Сокольский атындағы «Органикалық катализ және электрохимия институты» АҚ жанында Д 53.19.01 диссертациялық кеңестің мүшесі. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 789 бұйрығы бойынша ҚР БҒМ «ЖОО үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері атанды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша Р.Насиров Қытай Халық Республикасымен екінші халықаралық грантты жеңіп алды. Р.Насиров - Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің 2010 жылдың 23 желтоқсанындағы №575 бұйрығымен «Химия және материалтану» мамандығы бойынша ғылым мен техниканың дамуына зор үлес қосқан ғалымдар мен мамандарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендия иегері. «Жылдың үздік әдіскері» (Алматы) республикалық байқауына қатысып, «Инновациялық әдіскер» номинациясы бойынша Құрмет грамотасымен марапатталды.Х.ғ.д., профессор Р.Н. Насиров Д.В. Сокольский атындағы «Органикалық катализ және электрохимия институты» АҚ жанында Д 53.19.01 диссертациялық кеңестің мүшесі. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 789 бұйрығы бойынша ҚР БҒМ «ЖОО үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері атанды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша Р.Насиров Қытай Халық Республикасымен екінші халықаралық грантты жеңіп алды. Р.Насиров - Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің 2010 жылдың 23 желтоқсанындағы №575 бұйрығымен «Химия және материалтану» мамандығы бойынша ғылым мен техниканың дамуына зор үлес қосқан ғалымдар мен мамандарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендия иегері. «Жылдың үздік әдіскері» (Алматы) республикалық байқауына қатысып, «Инновациялық әдіскер» номинациясы бойынша Құрмет грамотасымен марапатталды.
"ЖОО үздік оқытушысы-2008", "ЖОО үздік оқытушы-2021"
физика-математика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор

1971 жылы 18 ақпанда Атырау (Гурьев) облысы Индер ауданы Есбол (Кулагино) ауылында дүниеге келген. 1988 жылы Кулагино ауылының Жамбыл атындағы орта мектебін, 1993 жылы Атырау педагогикалық институты физика-математика факультетінің «Математика және информатика» мамандығын, 2011 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығын үздік бітірді. 1993-1994 жылдары Жамбыл орта мектебінде информатика мұғалімі, 1994-1995 жылдары Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті-нің «Информатика» кафедрасының оқытушысы, 1995-2001 жылдары «Электронды есептеу машинасы» лабораториясының меңгерушісі, 2001-2009 жылдары «Информатика» кафедрасының аға оқытушысы, 2009-2010 жылдары университеттің «НұрОтан» ХДП бастауыш партия ұйымының орынбасары, 2011-2012 жылдары Экономика факультетінің деканы, 2012-2017 жылдары «Ақпараттық жүйелер және есептеу техникасы» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, 2017-2019 жылдары «Бағдарламалық инженерия» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, 2019-2021 жылдары Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультетінің стратегиялық даму және ғылыми жұмыстар бойынша декан орынбасары болды. 2001-2006 жылдары Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетінің «Математика» кафедрасының ізденушісі болып, «Топырақ орталарының жоғарғы қабатындағы тасымалдау және диффузиялау заттарының процестерін зерттеу» тақырыбында 2006 жылы Әль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Д14А02.15 диссертациялық кеңесінде физика-математика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертациясын қорғады. 2009 жылы Атырау мемлекеттік университетінің «Доцент» академиялық атағы, ҚР БжҒМ «ЖОО-ның Үздік оқытушысы»-2008» атағы, 2021 жылы ҚР БжҒМ «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағы, 2025 жылы ҚР БжҒМ-нің Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің шешімімен «қауымдастырылған профессор (доцент)» ғылыми атағы берілді. 2022 жылы «Болашақ» халықаралық стипендиясы «500 Ғалым» бағдарламасымен Линкольн университетінде (Ұлыбритания) тағылымдамадан өтті. 120-дан аса ғылыми мақалалардың, оның ішінде Web of Science мен Scopus мәліметтер базаларында 15 ғылыми мақалалар, 3 монография, 3 оқу құралының авторы. 5 авторлық куәліктің иегері. Атырау облыстық Ардагерлер кеңесінің «Хиуаз Доспанова» медалімен (2024 ж.), ҚР ғылым және жоғары білім министрінің «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен (2024 ж.). марапатталған.

"ЖОО үздік оқытушысы-2011"
Биология ғылымдарының докторы, профессор
1956 жылы 02 ақпанда Атырау (Гурьев) қаласында дүниеге келген. Атамбаев атындағы №8 орта мектепті үздік бітірген. Биология ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық ISESKO сыйлығының лауреаты, Халықаралық экология және өмір қауіпсіздігі Академиясының Академигі, Ресейдің жаратылыстану ғылымдары Академиясының Академигі. 1978 жылы Гурьев педагогикалық институтының биология және қосымша химия мұғалімі мамандығын үздік дипломмен бітірді. 1979-1984 жылдары Гурьев педагогикалық институтының «Медициналық дайындық және азаматтық қорғаныс», «Ботаника» кафедрасының оқытушысы, 1984-1989 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «Микробиология» кафедрасының аспиранты, 1994-1998 жылдары Қазақ қыздар педагогикалық институтының «Экология және зоология» кафедрасының доценті, 1989-2001 жылдары әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «Микробиология, биологияны оқыту әдістері» кафедраларының, аға оқытушысы, доценті, 2001 жылдан Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің оқу ісінің, оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры, ректор міндетін атқарушы. 2011 жылдан «Биология және ауыл шаруашылығы пәндері» кафедрасының профессоры, «Биотехнология» ғылыми зерттеу орталығының директоры. ҚР ҰҒА-ң Академигі, б.ғ.д. профессор М.Х. Шығаеваның жетекшілігімен “Ұнның құрамындағы сүт қышқылы бактерияларын зерттеу және оны нан пісіруде қолдану” тақырыбы бойынша 1990 жылы кандидаттық диссертациясын Алматы қаласы микробиология және вирусология ғылыми зерттеу институтында. 2005 жылы “Қазақстанның әртүрлі аймақтарының ферменттелген және ферменттелмеген өнімдеріндегі сүт қышқылы бактерияларының алуан түрлілігі (биологиялық белсенділігі мен практикалық маңызы)” тақырыбында докторлық диссертациясын Алматы қаласында қорғады. 300-ге жуық ғылыми еңбектері: (2 оқулық, 23 оқу, оқу әдістемелік, электрондық оқу құралдары, 5 монография, 16 ҚР-ның алдын-ала, инновациялық патенттер және пайдалы модельге патентке ие болды, 5-уі авторлық кепілдеме, 1- Евразиялық патентке (халықаралық). 2024 жылы бір патентке тапсырыс берілді. 6 скопус журналында, ЖАК–қа енгізілген басылымдарда, халықаралық конференцияларда ғылыми мақалалар жарияланған. ҚР БжҒМ-нің Құрмет грамотасымен(2005ж.),Халықаралық ISESKO сыйлығының лауреаты тізіміне енді (2006 ж.), ISESCO-ның бас жүлдесі – алтын медаль, ақшалай сыйлықпен марапатталды (Кувейт қаласында). ҚР БжҒМ-нің ғылым және техниканың дамуына қосқан үлесі үшін мемлекеттік ғылыми стипендияға ие болды (2006ж.). ҚР БжҒМ-нің «Ғылымның дамуына қосқан үлесі үшін» (2007 ж.), «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» (2008 ж.), «Ы. Алтынсарин» (2011ж.) төс белгілерімен марапатталды. «Жоғары оқу орнының Үздік оқытушысы-2011» конкурсының жеңімпазы. «Лучшие люди» энциклопедиясына енгізілді «Лучшие люди» Құрмет белгісімен марапатталды (2012ж.), «Успешные люди» Құрмет орденімен марапатталып, «Успешные люди» энциклопедиясына енгізілді (2013ж.). Ресей Жаратылыстану Академиясының «В.И.Вернадский» (2012ж.), «Н.И.Вавилов» (2013ж.) және «Альфред Нобель» (2013ж.), «За заслуги» (2017ж.) төс белгілерімен марапатталды. “100 қайраткер әйел”, «Ғылымға арналған өмір» («Жизнь в науке») және ISESKO ұйымының энциклопедияларына (2017ж.) енгізілді. ҚР БжҒМ-нің ғылым және техниканың дамуына үлес қосқаны үшін мемлекеттік ғылыми стипендияға екінші рет ие болды (2018ж.). Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеттінің «Х.Досмұхамедов» Алтын төс белгімен (2021ж.), ҚР Ғылым және Жоғары білім министрлігінің «Ғылым Үздігі» Құрмет дипломымен (2024 ж.), 2025 жылы Академик Нәйля Базанова атындағы белгімен марапатталған.

"ЖОО үздік оқытушысы-2014"
Тарих ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор
1967 жылы 20 ақпанда Атырау (Гурьев) облысы, Махамбет ауданы, Бейбарыс ауылында дүниеге келген. 1984 жылы Атырау облысы, Индер ауданы, Елтай ауылының онжылдық орта мектебін, 1989 жылы Гурьев педагогика институтының тарих-филология факультетін «тарих, қоғамтану және советтік право пәнінің мұғалімі» біліктілігімен бітірген. 1989 жылы Индер ауданы, Елтай ауылындағы орта мектепте тарих және қоғамтану пәнінің мұғалімі, және 1989-1997 жылдар аралығында оқу ағарту мекемелерінде мұғалімдік қызмет атқарды. 1997-1999 жылдары А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде «Отан тарихы» кафедрасы оқытушысы, 1998 жылдан аға оқытушысы қызметінде болды. 1999-2002 жылдары университет аспиранты, 2002 жылдан тарих ғылымдарының кандидаты. 2003–2011 жылдары Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «Қазақстан тарихы» кафедрасының аға оқытушысы, 2004-2005, 2007-2008 оқу жылдары «Қазақстан тарихы» кафедрасының аға ғылыми қызметкері, 2011 жылдан тарих ғылымдарының докторы, 2011- 2015 жылдары М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Қазақстан Республикасы тарихы» кафедрасының доценті, 2015-2017 жылдары «Мұнай және газ» институты жанындағы ғылыми орталықтың бас ғылыми қызметкері, 2017 жылдан бері Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті гуманитарлық ғылымдар және өнер факультетінің «Қазақстан және дүниежүзі тарихы» кафедрасынының профессоры. 2018 жылдан тарих мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор. Ол Ғылым Комитеті жариялаған конкурстық ғылыми гранттық 6 мемлекеттік ғылыми жобаның жетекшісі. 5 монография, 2 кітап, 2 оқу құралы, 2 электронды оқулық, 200-ден аса ғылыми мақалалар (8-і Scopus қорына енген жоғары импакт-факторлы ғылыми журналдарында жарық көрген) авторы. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ғылымға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен (2014 ж.), ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің Құрмет грамотасы және Алғыс хатымен (2024 ж.) марапатталған. «Жоғары оқу орнының Үздік оқытушысы-2014» мемлекеттік грантының иегері.
"ЖОО үздік оқытушысы- 2015"
Экономика ғылымдарының кандидаты
1978 жылы 31 қазанда Атырау (Гурьев) қаласында дүниеге келген. 1995 жылы Атырау қаласындағы №16 орта мектепті аяқтады. 1995 жылы Атырау Мұнай және Газ институтына оқуға түсіп, 1999 жылы 0713 – «Мұнай-газ өндіру, химия және қайта өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарындағы экономика және менеджмент» мамандығы бойынша үздік дипломмен бітіріп, «инженер-экономист» біліктілігін алды.
2000 жылдан бастап Атырау мемлекеттік университетінің «Қаржы және есеп» кафедрасында оқытушы болып, 2003–2004 жылдары экономикалық факультетте кредиттік технология бойынша координатор, 2004–2005 жылдары «Мониторинг және сапа менеджменті» бөлімінің бас маманы, 2005 жылдың қазанынан 2008 жылдың қаңтарына дейін Экономика, қаржы және басқару факультетінің «Қаржы, несие және бухгалтерлік есеп» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды. 2003 жылы Атырау Мұнай және Газ институтының «Экономика» мамандығы бойынша магистратурасын аяқтады. 2010 жылдың 16 сәуірінде Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті жанындағы диссертациялық кеңесте «Атырау облысы материалдары негізінде ауыл шаруашылығындағы инновациялық процестерді басқару жүйесін жетілдіру» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады (мамандығы 08.00.05 – «Экономика және халық шаруашылығын басқару»). 2012 жылы «Қаржы және есеп» кафедрасының меңгерушісі болып тағайындалды. 2015 жылдың қыркүйегінен бастап табиғи және ауыл шаруашылық ғылымдары факультетінің деканы қызметін атқарып келеді.Ғылыми еңбектері ауыл шаруашылығындағы инновациялық процестерді басқару мәселелеріне арналған. «Бухгалтерлік есеп және аудит», «Салықтар және салық салу», «Ауыл шаруашылығындағы инновациялық процестерді басқару», «Ауыл шаруашылығындағы бухгалтерлік есеп» атты 4 оқу құралы, сондай-ақ «Салалардағы бухгалтерлік есептің 1000 жазбасы» практикумы жарық көрген. Қазақстанда және шетелде өткен халықаралық және республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциялар материалдарында ауыл шаруашылығын басқару мәселелері бойынша 40-тан астам ғылыми мақаласы жарияланған.Марапаттары:
2013 жылғы «Жылдың үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері. 2005, 2010, 2012 жылдары университет ректорының қоғамдық жұмысқа қатысқаны және жоғары білікті кадрлар даярлау, әдістемелік, ғылыми және тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудағы ерекше жетістіктері үшін Құрмет грамоталарымен марапатталған.

«ЖОО үздік оқытушысы - 2016»
Экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор
1979 жылы 15 шілдеде Атырау (Гурьев) облысы, Индер ауданы Елтай ауылында дүниеге келген. Экономика ғылымдарының кандидаты (2011 ж.). 2000 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетін «Экономика және құқық негіздері» мамандығы бойынша бітірген. 2000 жылдан Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті «Экономика және менеджмент» кафедрасының оқытушысы, деканының орынбасары, «Экономика және менеджмент», «Қаржы және есеп» кафедраларының меңгерушісі, Экономика және құқық факультетінің деканы, Жоғары оқу орнынан кейінгі білім бөлімі басшысы қызметтерін атқарып келеді. 2012 жылы Швейцарияда Президенттік «Болашақ» бағдарламасы «Экономика и управление народным хозяйством» мамандығы бойынша ғылыми тағылымдамадан өтті. 4 монография, 6 оқу құралы, 3 электронды оқу-құралдары, 5 авторлық куәлігі, 200-ден астам ғылыми мақалалардың авторы. ҚРБжҒМ-нің «Үздік оқытушы-2016» мемлекеттік грантының иегері. А.Маслоу атындағы «Гуманитарлық ғылымдар дамуына қосқан үлесі» төсбелгісі (2015 ж.), ҚР БжҒМ Құрмет Грамотасы(2018 ж.) «Білім беру саласының үздігі» медалі (2019 ж.) ҚРБжҒМ жоғары білім беру жүйесінің дамуына қосқан үлесі үшін «А.Байтұрсынов» қола медалі (2021ж.), ҚР Қаржы және мониторинг агенттігінің, ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің (2024 ж.) Алғыс хаттарымен марапатталған.

«ЖОО үздік оқытушысы - 2016»
Педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор
1990 жылы Атырау педагогикалық институтын Орыс тіліңде оқытпайтын мектептерде орыс тілі мен орыс әдебиеті мұғалімі мамандығы бойынша бітірді, 2004 жылы 13.00.01. «Жалпы педагогика, этнопедагогика және білім беру тарихы» мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін қорғады. 2004-2005 жылдары магистратура және аспирантура бөлімінің меңгерушісі, 2011-2013 жылдары университеттің академиялық саясат департаменті, офис-тіркеуші бөлімінің басшысы, педагогика және психология факультетінің деканы болды. 2018 жылы педагогика мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор атағын алды. ҚР БжҒМ-нің «Жоғары оқу орнының Үздік оқытушысы-2016 жыл» грантының иегері. «Білім берудегі менеджмент» білім бағдарламасы бойынша 2015, 2017 жылдары Францияда, Португалияда шетелдік тағылымдамалардан өтті. 2013 жылдан бастап ҚР БжҒМ-нің аттестациялық комиссия құрамында жұмыс жасап, ҚР БжҒ Министрінің алғыс хатын иеленді. Канаданың Саймон Фрейзер университетімен бірлескен «Ерекше қажеттілігі бар балалардың білім беру тәжірибесін бағдарлайтын салыстырмалы зерттеу» тақырыбындағы халықаралық серіктестік жобаның мүшесі. Республикалық және халықаралық басылымдарда 70-тен астам мақаласы жарық көрген, 5 оқу-әдістемелік құралдың, 3 монографияның авторы. Екі авторлық куәліктің иесі. Жаңа технологияларды оқыту бойынша көптеген сертификаттарға ие болды. ҚР БжҒМ-нің Құрмет грамотасымен (2017 ж.), Атырау облыс әкімінің (2017ж., 2024ж.), университет ректорының (2004, 2011, 2015, 2017 жж.) Алғыс хаттарымен, ҚР БҒМ-нің «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен(2018ж.), «А.Байтұрсынов» алтын медалімен (2023 ж.), ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ғылымға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен (2024 ж.) марапатталған.

«ЖОО үздік оқытушысы - 2016»
1960 жылы 17 Атырау (Гурьев) облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы (Ганюшкино) селосында . 1978 жылы М.Ломоносов атындағы орта мектепті, 1984 жылы Гурьев педагогикалық институтын математика және физика мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын Атырау қаласының орта мектептерінде (№22, №4) математика пәнінің мұғалімі болып бастады. 1995 жылдан Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде «Математикалық анализ» кафедрасының аға оқытушысы болып жұмыс жасайды. 2011 жылы 05.13.18–Математикалық пішіндеу, сандық әдістер және бағдарламалар кешені» мамандығы бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де «Разработка методов восстановления фильтрационно-емкостных параметров эффективного пласта» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғап, физика-математика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алды. 80-нен астам мақаласы ғылыми-педагогикалық басылымдарда жарық көрді. 2 монография ағылшын тілде, 7 оқу-әдістемелік құралдың авторы, 7 авторлық куәлік алды. 2011 жылдан «Математика және математиканы оқыту әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі, 2015-2016 жылдары Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультетінің деканы, 2016 жылдан «Математика және математиканы оқыту әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі лауазымдарында еңбек етті. Қазақстан педагогикалық Академисының академигі (2023 ж.). 2024 жылы ҚР ғылым және жоғары білім министрлігінің Білім және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің шешімімен математика ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессор ғылыми атағы берілді. "Ы.Алтынсарин" (2010ж.), "А.Байтұрсынов" (2020ж.) төсбелгілерімен, ҚР БжҒМ-нің Құрмет грамотасымен, Алғыс хаттарымен (2018, 2020, 2022 жж.) марапатталған. «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы - 2016» мемлекеттік грантының иегері.

"ЖОО үздік оқытушысы-2017"
Экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор
1968 жылы 17 маусымда Атырау (Гурьев) қаласында дүниеге келген. Экономика ғылымдарының кандидаты (2007ж.), Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің профессоры (2022ж.). 1985 жылы Алмалы орта мектебін, 1990 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын бітірген. 1990 жылы Гурьев механикалық зауытында жоспарлау бөлімінде экономист, 1994-2000 жылдары Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің "Экономика және менеджмент" кафедрасының оқытушы, аға оқытушысы, 2000-2013 жылдары "Экономика және менеджмент" кафедрасының меңгерушісі, 2013-2016 жылдары М.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетінде «Экономика, менеджмент және туризм» кафедрасының доценті, 2014-2016 жылдары Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінде «Менеджмент» кафедрасының доценті болып істеді. 2016 жылдан Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің "Экономика" кафедрасының меңгерушісі. 2007 жылы "08.00.05 - Экономика және халық шаруашылығын басқару мамандығы бойынша Түркістан қаласы Қ.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «Ауыл шаруашылығындағы еңбек нарығын реттеу тетіктері (Атырау облысы мысалында)» деген тақырыпта экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертациясын қорғады. ҚРБҒМ БҒСҚК шешімімен 2010 жылы Экономика" мамандығы доценті (қауымдастырылған профессор) ғылыми атағын, 2022 жылы профессор ғылыми атағын алды. 200-ден астам ғылыми еңбектің авторы, 8 - авторлық куәліктің иегері, 6 оқу құралы, соның ішінде РОӘК ұсынған 2 оқу құралы, 5 монографиясы жарыққа шыққан, ғылыми жетекшілік жасаған 50-ден астам магистранттары қорғады. 1 PhD докторанттың ғылыми кеңесшісі. Scopus және Web of Science базасындағы жоғары импакт факторлы ғылыми журналдарында 10 ғылыми мақалалары жарияланды (һ-4) 60-тан астам мақаласы БҒМ БҒСҚК бекіткен журналдарда жарыққа шықты. ҚР БжҒМ-нің Құрмет грамотасымен (2010ж.), ҚР БжҒМ-нің «Үздік оқытушы -2017» гранты, төс белгісімен (2018ж.), Қоғамдық марапаттар жөніндегі республикалық кеңестің «Білім беру саласының Үздігі» төс белгісімен (2019ж.), Қазақстанның жоғары оқу орындары қауымдастығының «Ахмет Байтұрсынов» алтын төсбелгісімен» (2020ж.), «Қазақстандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Құрмет грамотасымен (2021ж.), ҚР Ғылым және Жоғары білім министрінің «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен (2023ж.) марапатталған.

"ЖОО үздік оқытушысы-2017"
Педагогика ғылымдарының кандидаты
1981 жылы 12 ақпанда Атырау (Гурьев) қаласында дүниеге келген. Педагогика ғылымдарының кандидаты. 2001жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін аяқтаған. 2013 жылдан бері «Шетел тілін оқыту әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі. «ЖОО Үздік оқытушысы-2017» грант иегері. Болашақ бағдарламасы степендиясының иегері, Ұлыбритания, Лестер 2022 жылы 50 ғылыми мақалалары, соның ішінде 2 авторлық куәлік, 4 оқу-әдістемелік құралдары, 1 монографиясы шетелдік және отандық баспаларда жарық көрген. 2017 жылы «ҚР жоғары білім және ғылым саласын дамытуға үлес қосқаны үшін» Құрмет грамотасымен, 2024 жылы «А.Байтұрсынов» төсбелгісімен марапатталған.

"ЖОО үздік оқытушысы-2017"
Педагогика ғылымдарының докторы, профессор
1992 жылы Атырау педагогикалық институттың «Мектепке дейінгі педагогика және психология» мамандығын үздік бітірген, 1995-1998 жылдары Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің аспирантурасында білім алды. 1999 жылы 13.00.01. «Жалпы педагогика, этнопедагогика және білім беру тарихы» мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының кандидаты, 2011 жылы педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін қорғады. 2010 жылы Педагогика мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор атағын алды. 2012 жылы Халықаралық «Болашақ» бағдарламасы бойынша Швейцарияда «Montreux Business School» ғылыми тағылымдамадан өтті. ҚР БжҒМ-нің «Жоғары оқу орнының Үздік оқытушысы-2017» грантының иегері. 2018 жылы «Білім берудегі менеджмент» бағдарламасы бойынша Германияның Дюссельдорф қаласы Генрих Гейне университетінде «Qualitatsmanagement im Bildungswesen» шетелдік тағылымдамадан өтті. 2018 жылы ҚР БжҒМ-нің Оқулықтарға, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарға сараптама жасау және сынақтан өткізу нәтижелерін қарастыру жөніндегі пәндік комиссия құрамында, ҚР БжҒМ-нің Алғыс хатын иеленді. 2020 жылдан мамандандырылған тәуелсіз аккредиттеу агенттігінің сарапшылар құрамында, 2022 жылдан «Шетелде оқуға үміткерлерді іріктеу туралы» ҚР БжҒМ-нің бұйрығымен бекітілген Тәуелсіз сараптамалық комиссия құрамында жұмыс жасап, Халықаралық бағдарламалар орталығы АҚ Алғыс хаттарын иеленді. Канаданың Simon Fraser университетімен бірлескен «Ерекше қажеттілігі бар балалардың білім беру тәжірибесін бағдарлайтын салыстырмалы зерттеу» тақырыбындағы халықаралық серіктестік жобаның мүшесі, 2023-2024 жылдары Канада, Түркия елдерінде, Иордания мемлекеті, АҚШ-та зерттеу бағытында тәжірибелермен алмасты. 100-ден астам ғылыми еңбектері шетелдік және отандық басылымдарында, 2 монография, 15 оқулық және оқу-әдістемелік құралдары, электрондық оқулықтары жарық көрді. Қазақ Ұлттық Қыздар педагогикалық университетінің жанындағы Республикалық Оқу-әдістемелік Кеңестің, Атырау университеті Ғылыми Кеңесінің мүшесі. ЖОО қауымдастығының «Үздік Ғылыми қызметкері» (2021ж.), «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» (2023ж.) төсбелгілерімен марапатталған.

"ЖОО үздік оқытушысы-2017"
Педагогика ғылымдарының кандидаты
1968 жылы 20 шілдеде Атырау (Гурьев) қаласында дүниеге келген. Педагогика ғылымдарының кандидаты (2006 ж.). Экономика және құқық факультетінің деканы. 1993 жылы Гурьев педагогикалық институтының тарих-филология факультетін орыс тілі және әдебиет пәндерінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. 1999 жылы Атырау мұнай және газ институтының экономика факультетін «кәсіпорындағы экономика және менеджмент» мамандығы бойынша аяқтады. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде 2000 жылдан бері қызмет атқарады. 2006 жылы «Формирование экономической культуры студентов в условиях вуза» атты тақырыпта кандидаттық диссертациясын қорғады. «Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуында шетелдік инвестицияның ролін талдау және бағалау»(2018 ж.), «Казахстанско-европейское сотрудничество: торгово-экономический аспект»(2019 ж.) монографиялары жарық көрген. Халықаралық, республикалық конференцияларда баяндамалар жасап, шетелдік, республикалық басылымдарда 80-нен астам ғылыми мақалалары жарияланған. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Алғыс хатымен (2011 ж.), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен (2016 ж.) марапатталған. «ЖОО-ның үздік оқытушысы-2017» атағының иегері.

"ЖОО үздік оқытушысы-2018"
Философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор
1977 жылы 25 тамызда Атырау (Гурьев) қаласында дүниеге келген. Экономика ғылымдарының кандидаты (2007 ж.). Университеттің Ғылым және инновация жөніндегі проректоры. 1998 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті Экономика факультетінің «Информатика және менеджмент» мамандығын, 2004 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Экономикалық теория кафедрасының аспирантурасын бітірген. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде «Экономика, менеджмент және қаржы» кафедрасының оқытушы-стажеры, деканының орынбасары, «Қаржы және есеп» кафедрасының меңгерушісі, Экономика және құқық факультетінің деканы, оқу ісі жөніндегі проректор, академиялық мәселелер бойынша проректордың м.а., вице-проректор (цифрлық офицер) қызметтерін атқарды. Ол 3 монография, 3 оқу құралы, 70-тің үстінде ғылыми мақалалардың авторы. 2012 жылы Швейцарияда Президенттік «Болашақ» бағдарламасы «Экономика и управление народным хозяйством» мамандығы бойынша ғылыми тағылымдамадан өтті. ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Үздік оқытушы-2018» мемлекеттік грантының иегері. ҚРБжҒМ-нің Құрмет Грамотасымен (2010 ж.), Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Алғысымен (2015 ж.), ҚРБжҒМ «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен (2018 ж.) марапатталған.

"ЖОО үздік оқытушысы-2018"
Заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор
1972 жылы 22 қарашада Атырау (Гурьев) қаласында дүниеге келген. Заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор. 1990-1994 жылдары Қазақ мемлекеттік басқару Академиясы (НАРХОЗ) экономика факультетінің «Маркетинг» мамандығында, 1995-1998 жылдары Қазақ мемлекеттік заң Академиясы «Халықаралық құқық және Мемлекеттік қызмет» факультетінің «Құқықтану» мамандығында білім алған. Өз еңбек жолын жеке кәсіпкер ретінде бастаған, 1998-1999 жылдары Әділет органында, Алматы қаласы кеден басқармасында, 1999 жылдан Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік институтында стажер оқытушы, оқытушы, аға оқытушы, доцент, қауымдастырылған профессор, «Құқықтану» кафедра меңгерушісі м.а., «Өнер және спорт» факультетінің деканы лауазымдарында жұмыс жасады. Қазіргі таңда Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде профессор м.а. лауазымында еңбектенуде. 2010 жылы «Право на получение квалифицированной юриди-ческой помощи: теоретические аспекты» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. 2012 жылдан Атырау облысы нотариаттық округінің нотариусы. 2012 жылдан адвокаттық қызметпен айналысу құқығына, нотариаттық қызметпен айналысу құқығына Атырау облысы бойынша әділет аттестаттау комиссиясының мүшесі. 2017 жылы ҚР БҒМ БҒСБК-мен қауымдастырылған профессор ғылыми атағы берілді. 2018 жылдан Халықаралық құқық қорғау орталығының медиаторы. 2019 жылдан Атырау нотариаттық округінің тәртіптік кеңесінің мүшесі. 60-тан аса ғылыми еңбектердің авторы. ҚР БҒМ шешімімен «Жоғарғы оқу орнының үздік оқытушысы-2018» атағының иегері.

"ЖОО үздік оқытушысы-2018"
Тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор
1968 жылы 29 қазанда Атырау облысының Индер ауданы Кулагино селосында дүинеге келген. Тарихшы. Педагог. Тарих ғылымдарының кандидаты (2010 ж.). 1986 ж. Махамбет ауданы Махамбет орта мектебін, 1991 ж. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тарих мамандығы бойынша бітірді. ҚССР Білім министрлігінің жолдамасымен Гурьев педагогикалық институтына (қазіргі Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті) жас маман ретінде жұмысқа келді. КСРО тарихы кафедрасында стажер-оқытушы, оқытушы, Қазақстан тарихы кафедрасында аға оқытушы, 2014 жылдан қауымдастырылған профессор болып еңбек етеді. Тарих және құқық, тарих-филология факультеттері деканының орынбасары, университеттің ақпарат қызметінің жетекшісі, тарих-филология факультетінің деканы, университеттің баспасөз қызметі жетекшісі, гуманитарлық ғылымдар және өнер факультетінің деканы болып жұмыс жасады. 2020 жылдан ректор аппараты жетекшісі. Негізгі ғылыми-зерттеу бағыты отандық тарих, оның ішінде дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымы болып табылатын батырлар институты. 2010 жылы «Батырлар институты және оның дәстүрлі қазақ қоғамындағы рөлі (Бөкенбай батыр әулетінің негізінде)» тақырыбындағы кандидаттық диссертациясын қорғаған. «Қазақ қоғамындағы батырлар институты», «Қазақстан мұнай өнеркәсібін қалыптастырудағы әйелдердің үлесі» монография, «Тарихты оқыту әдістемесі» оқу құралы, халықаралық және отандық басылымдардағы ғылыми мақалалар авторы. Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орны үздік оқытушысы республикалық конкурсының жеңімпазы (2018 жылы). ҚР Білім және ғылым министрінің Алғыс хатымен, «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Алғыс хатымен, Қазақстан Халқы Ассамблеясының Құрмет грамотасымен, «Қазақстан Республикасы ЖОО үздік оқытушысы» төсбелгісімен, ҚР ЖОО Ассоцияциясының «Ахмет Байтұрсынов» күміс медалімен, ҚР Президенті Қ.Ж.К.Тоқаевтың Алғыс хатымен, «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медалімен, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ахмет Байтұрсынов» төсбелгісімен, қоғамдық ұйымдардың және университеттің Алғыс хаттарымен марапатталған.

"ЖОО үздік оқытушысы-2018"
Психология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор
1961 жылы 9 қыркүйекте Атырау (Гурьев) қаласында дүниеге келген. Психология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор. 1983 жылы Гурьев педагогика институтының биология-химия факультетінің «биология және химия пәнінің мұғалімі» мамандығын, 2016 жылы Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «дефектолог-логопед» мамандығын үздік дипломмен бітірді. Еңбек жолын 1983 жылдан «Психология» кафедрасының оқытушысы қызметінен бастап, «Психология және педагогика» кафедрасының қауымдастырылған профессоры болып еңбек етіп келеді. 2005 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Д.14А02.32 диссертациялық кеңесінде «М.Жұмабаевтың психологиялық көзқарастары» атты диссертациялық жұмысты қорғады, 2006 жылы бекітілді. 2011 жылы ҚР БжҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің шешімімен психология мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор ғылыми атағы берілді. 2007-2009 оқу жылдары «Психология» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды. Республикалық және халықаралық ғылыми басылымдарда 150-ден астам мақалалары Scopus, Web of Science, РИНЦ, ҚР ҒЖБ БҒСБК журналдарында, 2 монография, 6 оқу құралы, оқу-әдістемелік құралдары жарық көрді, 2 оқу құралына авторлық куәлігі бар. «ЖОО‑ның үздік оқытушысы - 2018 жыл» атағының иегері. Университет ректорының, кәсіподақ ұйымының (2018ж.) Құрмет Грамоталарымен, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының, «Білім-Образование-Education» Республикалық ғылыми-педагогикалық орталықтың Алғыс хаттарымен, Қоғамдық марапаттар жөніндегі Республикалық Кеңестің «Білім беру саласының үздігі» медалімен (2019 ж.), «А.Байтұрсынов» қола төсбелгісімен (2021ж). «Университет дамуына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгімен (2021ж) иарапатталған.
"ЖОО үздік оқытушысы-2018"

Филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор

"Үздік оқытушы-2019"
Техника ғылымдарының докторы, профессор
1960 жылы 28 қаңтарда Атырау (Гурьев) облысы Махамбет ауданы, Ө.Атанбаев (Тополи) ауылында дүниеге келген. Физика және математика ғылымдарының кандидаты, математика доценті, техника ғылымдарының докторы, 05.13.00-мамандығы бойынша профессор. 1978 Махамбет орта мектеп-интернатын Алтын медальмен, 1983 жылы аль-Фараби атындағы ҚазМУ-ды математика мамандығы бойынша аяқтаған. 1983 жылдан Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде қызмет етеді. 1983-1986 жылдары оқытушы, 1986-1992 жылдары күндізгі бөлім аспиранты, 1992-1994 жылдары аға оқытушы, 1994-2000 жылдары кафедра меңгерушісі, 2000-2009 жылдары физика, математика және ақпараттық технологиялар факультетінің деканы, 2009-2010 жылдары күндізгі бөлім докторанты, 2010-2011 жылдары экономика және басқару факультетінің деканы, 2011 - 2020 жылдары физика және математика, жаратылыстану факультеттерінің деканы болып жұмыс жасады. 2012-2016 жылдары V шақырылған Атырау облыстық Маслихатының депутаты, 2016-2025 жылдары. Атырау облысы қоғамдық Кеңес мүшесі. 200 ғылыми мақаланың, 3 монография, 11 оқу, 5 электрондық оқу құралдарының авторы. 5 авторлық куәліктің иесі. Ғылыми жетекшілігімен 2 кандидаттық диссертация қорғалды. 1 ғылым докторына, 1 ғылым кандидатына ресми аппонент, 50-ден астам магистрлік диссертацияға ғылыми жетекші болды. Ы.Алтынсарин (2010), «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» (2024), әл-Фараби атындағы ҚҰУ-ң «Ерен еңбегі үшін» (2020) төсбелгілері, «Х.Досмұхамедов» Алтын медалі, ҚР БҒМ-ң «ЖОО үздік оқытушысы – 2019» мемлекеттік Гранты иегері. Атырау қаласының Құрметті азаматы (2024).

"ЖОО үздік оқытушысы-2020"
Техника ғылымдарының кандидаты
1973 жылы 30 қарашада Атырау (Гурьев) облысы, Жылой ауданы, Қаратон ауылында дүниеге келген. 1988 жылы Гурьев қаласы № 22 орта мектебін бітірген. 1991 жылы Гурьев медициналық училищесінің «Мейрбике» мамандығын үздік дипломмен аяқтады, 1991-1994 жылдары №2 Атырау қалалық емханасында медициналық мейірбике қызметін атқарды. 1998 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін биология және химия пәндерінің мұғалімі мамандығы бойынша үздік дипломмен аяқтап, осы университетте 1998-2001 жылдары экология мамандығы бойынша аспирантурада оқыды. 2002-2005 жылдары Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетінде «Қолданбалы экология» кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы, инженерлік-техникалық факультетінің тәрбие істері жұмысы, оқу істері жұмысының орынбасары қызметтерінде болды. 2005-2015, 2017-2024 жылдары «Экология» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды. 03.00.16-Экология мамандығы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғап, 2004 жылы техника ғылымдарының кандидаты дәрежесіне ие болды. 2 алдын-ала патент, 1 авторлық куәлік, 3 монография, 4 оқу құралы және топ оқытушылармен 4 оқу құралы жарық көрген. 100-ден астам мақалалардың авторы, оның ішінде 20-дан астамы нөлдік емес жоғары импакт-факторлы ғылыми журналда жарияланған, Scopus базасы бойынша Хирш-индексі (H-ind) - 5. 2013-2014 жылдары ҚР Президентінің халықаралық «Болашақ» стипендиясының жеңімпазы ретінде Англия еліндегі Нортгемптон университетінде (the University of Northampton) интенсивті ағылшын тілін меңгеру курсынан өтіп, сертификат алды, 2013-2014 жылдары осы университетте педагогикалық тағылымдамадан өтті. 2006 жылы талантты жас ғылымдардың мемлекеттік ғылыми стипендиясына ие болды. РФ Элиста қаласы Қалмақ мемлекеттік университетінің «Экология» сериясында «Полевые исследования» және РФ Мәскеу қаласы «Международный журнал прикладных и фундаментальных исследований» атты ғылыми журналдардың редакциялық алқасының мүшесі. Университет ректорының (2004,2017), ҚР БжҒМ-нің (2007,2018) Алғыс хаттарымен, ҚР БжҒМ-нің Құрмет грамотасымен (2020) марапатталған. III Республикалық өнертапқыштық саласындағы жетістіктер байқауының «Ең талапты жас өнертапқыш» номинациясы бойынша (2006) дипломы, ҚР Бж;М-нің «Үздік оқытушы-2020» атағының иегері.

"Үздік оқытушы-2019"
Педагогика ғылымдарының докторы, профессор
1960 жылы 12 қарашада Атырау (Гурьев) қаласында дүниеге келген. 1978 жылы №1 Гагарин атындағы мектепті, 1983 жылы Гурьев педагогикалық институтының биология-химия факультетінің «биология және химия пәнінің мұғалімі» мамандығын үздік аяқтады. Еңбек жолын Гурьев қаласы №7 орта мектепте «биология және химия пәнінің мұғалімі» қызметінен бастады. 1988 жылдан Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде еңбек етеді. 1991 жылы кафедраның аға оқытушысы, 2000 жылы «Психология» кафедрасының меңгерушісі, 2005 жылы Сырттай қысқартып оқыту факультетінің деканы, 2008 жылы университет жанындағы педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі БД 14.61.02 біріккен диссертациялық кеңестің хатшысы, 2010 жылы «Жалпы және халықтық педагогика» кафедрасының профессоры, 2011-2023 жылдары «Педагогика» кафедра-лабораториясының меңгерушісі қызметтерін атқарды. Алғаш этнопедагогиканы жеке пән ретінде ғылыми негіздеген. Мәскеу қаласындағы Ресейдің ғылыми орталығының «Ұлттық білім беру мәселелері» институтында академик Г.Н.Волковтың жетекшілігімен «Этнопедагогизация экологического воспитания младших школьников в казахской школе» тақырыбында кандидаттық, «Этнопедагогиканы жеке оқу пәні ретінде құрудың ғылыми негіздері» атты докторлық диссертациясын (2008ж.) қорғады. 2011 жылы педагогика мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор атанды. 2016 жылы Қазақстан педагогикалық ғылымдар академиясының академигі болып сайланды. 2016-2017 жылдары «Международное сотрудничество как фактор развития интеллектуального потенциала будущих специалистов в условиях глобализации» (ҚазҰПУ-мен бірлесіп) Халықаралық біліктілікті арттыру және ғылыми ақпарат орталығы, Германия, Дюссельдорф қ.), 2020-2022 жылдары «Формирование педагогического мастерства педагогов в условиях новых образовательных трендов как основа успешности профессиональной деятельности» (Ресей, Мәскеу мемлекеттік әлеуметтік университеті және ҚазҰПУ-мен бірлесіп), 2020-2022 жылдары «Психолого-педагогическая поддержка социально-культурной адаптации иностранных студентов в системах высшего образования мультикультурных регионов Южного Федерального округа Российской Федерации и Республики Казахстан» г.Элиста ғылыми жобаларға атсалысты. ҚР БжҒМ-нің Құрмет грамотасы (2006ж.), «ҚР ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» белгісі(2007ж.), «Ыбырай Алтынсарин» төс белгісі(2015ж.), Қоғамдық марапаттар жөніндегі Республикалық Кеңестің «Білім беру саласының үздігі» медалімен(2017ж.), «А.Байтұрсынов» күміс медалімен(2020ж.), «Х.Досмұхамедов» алтын медалімен марапатталған. ҚР Білім және ғылым министрлігінің «ЖОО-ның Үздік оқытушысы-2019» грантының иегері.

"Үздік оқытушы-2019"
Педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор
1969 жылы 15 қаңтарда Атырау (Гурьев) облысы, Махамбет ауданы, Чкалов селосында дүниеге келген. Педагогика ғылымдарының кандидаты (2004ж.). Қауымдастырылған профессор (2007ж.). 1992 жылы Е.Букетов атындағы Карағанды мемлекеттік университетінің «физик-оқытушы» мамандығын бітірген.1994 жылдан Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде оқытушы, аға оқытушы, 2005-2014 жылдары «Физика және техникалық пәндер» кафедрасының меңгерушісі, қауымдастырылған профессор, профессор м.а., 2025 жылдан профессор. Ғылыми-әдістемелік еңбектері - 178. Оның ішінде: 5-монография, 42-ғылыми мақала ҒЖБССҚК ұсынған ғылыми басылымда, 18-мақала Scopus, Web of Science базасында, 10-оқу және электрондық құралдары жарық көрді. Ұлттық зияткерлік меншік институтынан 20- авторлық құқық алынды. Scopus базасы бойынша Хирш-индексі (H-ind) – 5. «Электр және магнетизм» курсы бойынша жаппай ашық онлайн курсын дайындады. Соңғы 5 жылда оның жетекшілігіммен студенттердің, магистранттардың республикалық, халықаралық ҒЗЖ конкурстарынан 5 білім алушы жеңімпаз атанды. Ғылыми жобаларды мемлекеттік гранттық қаржыландыру бойынша 1 жобаны аяқтап, ғылыми нәтижелерді коммерциализациялау бойынша ғылыми жоба жетекшісі(2024-2026жж.), екі жобаның орындаушысы ретінде жұмыстарын жалғастыруда. ҚР-ның білім және ғылым саласын дамуытуға қосқан елеулі үлесі, абыройлы еңбегі үшін ҚР БжҒМ-нің «ЖОО-Үздік оқытушысы-2019» гранты мен ғылыми стипендиясының иегері. "Ы.Алтынсарин" (2010ж.) «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» (2024 ж.).төсбелгілерімен, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің Құрмет грамотасымен (2023ж.)марапатталған.

"Үздік оқытушы - 2019"
Химия ғылымдарының докторы, профессор
1962 жылы 1 қаңтарда Атырау (Гурьев) облысы, Теңіз ауданы, Ганюшкино селосында дүниеге келген. 1979 жылы Атырау қаласы №8 мектепті, 1985 жылы Гурьев пединститутының физика-математика факультетін, 2005 жылы Х.Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің экономика факультетін бітірген. Лениндік степендияның иегері. Химия ғылымдарының докторы (2010ж.), профессор (2016ж.). 1992-1993 жылдары Гурьев педагогикалық институтының «Математикалық талдау» кафедрасының оқытушысы, 1993-1994 жылдары аға оқытушысы, 1994-2000 жылдары «Алгебра және геометрия» кафедрасының аға оқытушысы, 2000-2001 жылдары кафедра меңгерушісі, доценті (2002-2003, 2006-2009 жж.), профессоры (2010-2011 жж), Ұлттық тестілеу орталығы Атырау филиалының директоры (2007-2011 жж), Ғылым және инновация департаментінің директоры (2014-2016 жж), «Химия және экология» кафедрасының профессоры (2016-2018 жж), Стратегия және талдауды іске асыру бөлімінің бастығы (2018-2019 жж), 2019 жылы Стратегиялық инновациалық және халықаралық даму департаментінің директоры болып қызмет атқарды. 2024 жылдан университетінің «Академиялық шеберлік орталығы» жобалық кеңсенің басшысы болып жұмыс істейді. Мәскеу қаласы «Пластмасса» ғылыми-өңдірістік орталығының жанындағы ғылыми-зерттеу институтының тағылым-зерттеушісі (1985-1987 жж.), аспиранты (1988-1991 жж.). А.В.Топчиев атындағы мұнай-химия ғылыми-зерттеу институтында ғылыми тәжірибеден өтті (2004-2005 жж.). Халықаралык (Ресей, Португалия, Испания, Англия, Греция, Италия т.б.) және республикалық конференцияларға қатысып, ғылыми баяндамалар жасаған, бірнеше оқу, оқу-әдістемелік құралдардың авторы, 50-ден астам ғылыми мақалалары жарық көрген. ҚР БжҒМ-нің «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен (2009 ж.), Ұлттық тестілеу орталығының Құрмет грамотасымен (2008 ж.) марапатталған. «ЖОО-ның үздік оқытушысы - 2019» республикалық байқауының жеңімпазы.

"Үздік оқытушы-2019"
Филология ғылымдарының кандидаты
1963 жылы 13 қаңтарда Атырау облысы Құрманғазы ауданында дүниеге келген. 1980 жылы Нуржау орта мектебін бітірген. Филология ғылымдарының кандидаты (2008). 1980 жылы Алматы педагогикалық шетел тілдері институтының француз тілі факультетіне түсіп, 1985 жылы аталған институтты француз-неміс тілдері мұғалімі мамандығы бойынша аяқтады. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде 2009 жылдан қызмет атқарады. 2009-2015 жылдары Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде Әлем тілдер факультетінің деканы қызметін атқарды. 2015-2022 жылдары «Аударма ісі және шетел тілдер» кафедрасының меңгерушісі. 2023 жылдан «Шетел тілі әдістемесін оқыту» кафедрасында қауымдастырылған профессор қызметн атқарады. «Функционирование хиазматических конструкций в русском и французском языках» (на материале художественного текста) тақырыбында (Алматы қ.) - 10.02.2. Салыстырмалы-тарихи, типологиялық және салғастырмалы тіл білімі мамандығы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғаған. 2008 жылы «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталған. ҚР Білім және Ғылым министрлігі жариялаған «Жоғарғы оқу орнының Үздік оқытушысы-2019» атағының иегері. Атырау обылысы әкімдігі жанындағы Әйел және жанұя демографиялық саясаты комиссиясының мүшесі. 2018 жылдан Республикалық «Қазақстан аудармашылары» ұйымының мүшесі, 2015 жылдан «Шетел тілдері» және «Аударма ісі» мамандықтары бойынша республикалық оқу-әдістемелік кеңестің мүшесі.

"Үздік оқытушы - 2019"
Жаратылыстану ғылымдарының магистрі
1976 жылы 12 мамырда дүниеге келген. Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық степендиясының иегері. Ұлыбритания елінің Нортгемптон университетінде ғылыми тағылымдамадан өткен. 60-тан астам ғылыми еңбектері бар, оның ішінде 8 авторлық куәлік, SJR импакт-фактор бар журналдарда 7 мақала, ҚР БҒМ БҒСҚК бекіткен тізімге кіретін журналдарда 4 мақала жарыққа шықты. 2 монография, 3 оқу құралының, 2 электрондық оқу құралының авторы. Педагогикалық және ғылыми жетістіктері үшін "Жоғары оқу орнының Үздік оқытушысы - 2019" атағы берілді.

"ЖОО үздік оқытушысы-2019"
Жаратылыстану ғылымдарының магистрі
2007 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының физика – математика факультетінің физика кафедрасын бітіріп, 2009 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «6N0604-Физика» мамандығы бойынша магистратураға оқуға түсті. Магистратураны ойдағыдай аяқтағаннан кейін сол аталған жоғары оқу орнындаоқытушы, аға оқытушы, ғылым жөніндегі деканның орынбасары қызметтерін атқарып жүр. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің физика -техникалық факультетінің жалпы және теориялық физика кафедрасына докторантураға оқуға түсіп, теориялық курсын жоспар бойынша аяқтады және қазіргі уақытта ғылыми жетекшісі ф.- м.ғ.д., академик Р. Мырзақұлов жетекшілігімен орындалған «Солитондар теориясы негізіндемагнетиктердегі толқындық процестерді модельдеу» тақырыбындағы «6D060400-Физика» мамандығы бойынша PhD докторлық диссертация қорғау жоспарлануда. Гүлдана Таңбайқызы - кәсіби біліктілігі жоғары, қазіргі білім беру технологияларын, теорияның функционалды негіздерін, теориялық физиканы оқыту әдістерін, дәстүрлі және инновациялық білім беру жүйесін ұтымды қолдана білетін оқытушы. Жоғары педагогикалық шеберлігі мен білім мен ғылымға қосқан елеулі үлесі үшін Бекова Г.Т. «ЖОО үздік оқытушысы-2019» атағының иегері атанды. Сонымен қатар, университеттің жас ғалымдар кеңесінің төрағасы болып табылады. Г.Бекова 40 -тан астам ғылыми еңбектердің авторы, оның ішінде 12 -ден астам мақаласы Web of Science (Clarivate Analytics) және Scopus мәліметтер базасына енгізілген шетелдік журналдарда жарияланған.

Экономика ғылымдарының магистрі
1985 жылы 27 қаңтарда Атырау (Гурьев) қаласында дүниеге келген. 2006 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Қаржы және несие» мамандығын бітірді. 2006 жылдан ос университетте «Қаржы және есеп» кафедрасының аға оқытушысы, Мансап және практика кеңсесінің жетекшісі қызметтерін атқарып келеді. 1 монография, 2 оқу құралы, 40-қа жуық ғылыми мақалалардың авторы. ҚРБжҒМ «Үздік оқытушы-2020» мемлекеттік грантының иегері. ҚР Білім және ғылыми министрлігінің Алғыс хатымен (2013 ж.) марапатталған.

"ЖОО үздік оқытушысы-2020"
Техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор
1963 жылы 02 қарашада Атырау облысы Теңіз ауданы Котяев ауылында дүниеге келген. 1981 жылы Құрманғазы ауылы Чапаев атындағы орта мектебін, 1986 жылы Орал қаласы А.С.Пушкин атындағы педагогикалық институты Физика-математика факультетінің математика және физика мамандығын бітірген. 1986-1996 жылдары орта мектепте математика мұғалімі. 1996-2003 жылдары Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті Физика-математика факультетінің «Алгебра және геометрия» кафедрасында оқытушы, аға оқытушы, доцент қызметін атқарды. 2003 жылы «Мұнай қондырғысын көтеріп-түсіріп операциялары кезіндегі бұрғылау бағандарының динамикасы» тақырыбында кандидаттық диссертациясын Алматы қаласы М.Тынышбаев атындағы Көлік және коммуникациялар Қазақ Академиясының ДС Д14.45.03 докторлық кеңесінде техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін қорғады. 2008 жылы ҚР БжҒМ-нің жоғарғы аттестаттау комитетінің шешімімен қауымдастырылған профессор ғылыми атағы, 2011 жылы Атырау университетінің академиялық профессоры атағы берілді. 2004-2013 жылдары университеттің «Информатика» кафедрасының меңгерушісі. 100-ге жуық ғылыми еңбектері бар, оның ішінде: Web of Science Core Collection, Scopus халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдардағы мақалалар саны – 17, ҚР БжҒМ Білім және ғылым саласында cапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынатын ғылыми басылымдардағы мақалалар – 21, 70-ге жуық шығармашылық еңбектері жарыққа шықты. 2013 жылы «Ақпараттық жүйелер және есептеу техникасы» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, 2017 жылы «Бағдарламалық инженерия» кафедрасының профессоры, 2025 жылы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің шешімімен Компьютерлік ғылымдар және информатика ғылыми бағыты бойынша профессор ғылыми атағы берілді. ҚР «Білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгілерімен, «Университет дамуына сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

"ЖОО үздік оқытушысы-2020"
Заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор
1981 жылы Атырау (Гурьев) қаласы №11 Ы.Алтынсарин атындағы мектепті, 1986 жылы Гурьев педагогикалық институтының “Тарих, қоғамтану және совет мемлекеті мен правосы” мамандығын ойдағыдай аяқтап, жолдамамен Маңғыстау облысы Жаңа Өзен қаласы №3 кәсіптік-техникалық училищесіне жұмысқа жіберілген. 1988 жылы Атырау қаласы № 5 кәсіптік-техникалық училищесінде еңбек етті. 1990 жылы Гурьев педагогикалық институтының “КПСС тарихы” кафедрасында, 1991 жылы “СССР тарихы және құқықты оқыту методикасы” кафедрасына оқытушы болды. 1993 жылы КазГУ заң факультетінің «Қылмыстық құқық» кафедрасына ізденуші болып қабылданып, 1994 жылы “Жасы кәмелетке толмағандардың қылмыстылығының себептері” атты кандидаттық диссертациясын КазГУ арнаулы кеңесінде қорғап шықты. 1994 жылы “Құқықтану” мамандығы ашылуына байланысты “Құқықтану және құқық тәрбие әдістемесі” кафедрасының меңгерушісі, 1996 жылы экономика факультетінде “Экономика және құқық негіздері” кафедрасының меңгерушісі, 2000-2001 жылдары заң факультетінің құрылуына байланысты “Арнаулы заң және кеден пәндері” кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1997 жылы Жоғары Аттестациялық кеңестің шешімімен доцент ғылыми атағы берілді. 1997-2000 жылдары Ғылым Академиясының Батыс Қазақстан аймақтық филиалында құқықтық институты директорының орынбасары, 2002-2006 жылдары Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің заң факультетінің деканы, 2006-2007жылдары Актөбе мемлекеттік педагогика институтында доцент, 2007-2013 жылдары Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті заң факультетінің «Азаматтық және қылмыстық құқық пәндері» кафедрасының меңгерушісі, 2013-2015 жылдары Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында кафедра меңгерушісі, 2015-2020 жылдары Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті заң факультеті «Қылмыстық құқық пәндері» кафедрасының меңгерушісі, 2020 жылдан осы кафедрасының профессоры қызметін атқаруда. «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» (2009 ж.), «Астана-20 жыл» мерекелік медалі (2018 ж.), ҚР-ның «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төс белгісі (2019 ж.), ҚР Парламент Сенаты Төрағасының, ҚР Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының Алғыс хаттарымен, “Қазақстан Конституциясына-25 жыл” (2023 ж.) мерекелік медалімен, университеттің «Халел Досмұхамедов» Алтын медалімен марапатталды. ҚР БжҒМ-нің шешімімен «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы-2020» атағының иегері.

"ЖОО үздік оқытушысы-2020"
Техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор
1977 жылы Гурьев педагогика институты Физика-математика факультетінің «математика» мамандығын үздік дипломмен бітірген. Көп жылдар бойы қала, аудан мектептерінде сабақ берген, комсомол ұйымының секретары, аудандық комсомол комитетінің пленум, бюро мүшесі, аудандық жас мұғалімдер кеңесінің төрайымы, кәсіподақ жұмыстарын атқарған. 1996 жылдан университеттің «Алгебра және геометрия», кейін «Математика және математиканы оқыту әдістемесі» кафедрасында жұмыс жасап келеді. ҚР БжҒМ-нің Математика институтында 05.13.18-«Математикалық модельдеу, сандық әдістер және бағдарл. кешені» мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғаған, техника ғылымдарының кандидаты, профессор. 2019-2021 жылдары университеттің ғылыми-техникалық Кеңесінің, 2022-2024 жылдары Әль-Фараби атындағы ҚазҰУ базасындағы республикалық оқу-әдістемелік кеңесі «математика және статистика» секциясының мүшесі. Ол кафедрадағы ББ сәйкесті жүргізілетін пәндер бойынша дайындаған, бүгінде қолданыста жүрген 5 оқу-әдістемелік құрал, 2 монографияның (мат.мод.), 100-ден астам ғылыми мақаланың авторы, ҚР Ұлттық зияткерлік меншік институты тағайындаған 6 авторлық куәліктің иегері. ҚР БҒМ-нің бағдарламалары бойынша гранттық қаржыландыру негізінде жүргізілген ғылыми зерттеу жұмыстарының авторларының (3) бірі. Әр жылдары Батыс аймақтық, Атырау облысы, қалалық білім беру мекемелерінде ұйымдастырылған ғылыми жоба, олимпиада, «математикалық регата» сайыстарында қазылар алқасының мүшесі, төрайымы болған. Назарбаев зияткерлік мектебінде математиканың арнайы курсын жүргізді. Оның жетекшілігімен орындалған 5 студент, 2 оқушының ғылыми зерттеу жұмыстары республикалық және ІХ халықаралық конкурс байқауында жүлделі орындарға ие болды. «Ы.Алтынсарин», «Қазақстанның Құрметті профессоры» төсбелгілерімен марапатталған. «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы - 2020» мемлекеттік Грантының иегері.

"ЖОО үздік оқытушы-2021"
Экономика ғылымдарының магистрі
1979 жылы 3 қыркүйекте Атырау (Гурьев) облысы, Махамбет ауданы, Ортақшыл ауылында дүниеге келген. 2000 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Бухгалтерлік есеп және аудит факультетін бітірді. 2000-2025 жылдары Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде аға оқытушы, декан орынбасары қызметтерін атқарып келді. 2 монография, 4 оқу құралдары, 1 практикум, 40-дан астам ғылыми мақалалардың авторы. ҚРБжҒМ-нің «Үздік оқытушы-2021» мемлекеттік грантының иегері. ҚР Жоғары оқу орындары арасындағы студенттердің ең үздік ғылыми жұмыстарының Республикалық конкурсы жеңімпаздарының ғылыми жетекшісі (2014 ж., 2020 ж.). ҚР БжҒМ-нің Алғыс хатымен (2017 ж.) марапатталған.

"ЖОО үздік оқытушы-2021"
Педагогика ғылымдарының магистрі
1984 жылы 27 ақпанда Атырау (Гурьев) облысы, Құрманғазы ауданы, Ганюшкино ауылында дүниеге келген. Информатика мамандығы бойынша, сеньор-лектор. 2007 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Физика-математика факультетін Информатика мамандығы бойынша, 2014 жылы аталған университеттің магистратурасын Информатика мамандығы бойынша Педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесімен аяқтады. Еңбек жолын 2007 жылы Атырау қаласы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті Физика-математика факультетінің «Компьютерлік және есептеу техникасы» кафедрасында оқытушы болып бастады. 2017-2020 жылдары Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультетінің оқу-тәрбие жұмыстарының декан орынбасары, 2022-2023 жылдары «Бағдарламалық инженерия» кафедрасының кафедра меңгерушісі болды. 30-ға жуық мақала, оның ішінде Web of Science мен Scopus мәліметтер базаларында 4 ғылыми мақалалары, 7 авторлық куәлік, 2 оқу құралы жарық көрген. 2021 жылы ЖАОК moocs.kz Ұлттық ашық білім беру платформасында «Arduino микроконтроллер платасында бағдарламалау» курсын құрды. 2016 -2019 жылдары бірқатар халықаралық және республикалық олимпиадаларына студенттерді сапалы даярлағаны үшін Алғыс хаттарымен марапатталып, 2021 жылы ҚР БжҒМ-нің Құрмет грамотасының, ҚР БжҒМ-нің «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегері атанды.

"ЖОО үздік оқытушы-2021"
Техника ғылымдарының кандидаты, профессор
1980 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор. Алматы қаласы «Қайнар» университетін бітірген. 2008 жылы ҚР БҒМ Математика институтында 05.13.18 – Математикалық модельдеу, сандық әдістер және бағдарламалық кешендер мамандығы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғады. 2021 жылы ҚР БҒМ 05.13.00 – Информатика, есептеу техникасы және басқару мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор ғылыми дәрежесі берілді. 2022 жылы «500 ғалым» жобасы аясында Ұлыбританияның Данди университетінде алты айлық ғылыми тағылымдамадан өткен. Еңбек жолын 2002 жылдан бастаған. 2002–2013 жылдары С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті «Ақпараттық компьютерлік жүйелер және автоматтандыру» кафедрасында оқытушы, аға оқытушы, доцент қызметтерін атқарған. 2013 жылдан Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде «Бағдарламалық инженерия» кафедрасының профессоры және кафедра меңгерушісі қызметін атқарып келеді. Ғылыми-зерттеу саласы – бұлтты есептеулер, ақылға қонымды басқару жүйелерінде, ақпараттық, компьютерлік, автоматтандырылған жүйелерде тұйық емес жиындар теориясы мен Data Science құралдарын қолдану. Халықаралық дәйексөз базаларына кіретін рейтингтік журналдарда ғылыми мақалалардың авторы. ҚР БжҒМ-нің Алғыс хатымен (2017 ж.), Құрмет грамотасымен (2022 ж.) марапатталған. «ЖОО-ның Үздік оқытушысы – 2021» атағының иегері.

"ЖОО үздік оқытушы-2021"
Педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор
1964 жылы 22 қарашада Атырау (Гурьев) облысы, Балықшы ауданы, Балықшы поселкесінде дүниеге келген. Педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор. 1981 жылы Балықшы ауданы Абай атындағы орта мектебін, 2016 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетін бітірді. 1986-1989 жылдары Балықшы ауданының орта мектептерінде мұғалім қызметін атқарды. 1989 жылдан университеттің «Педагогика және психология» кафедрасында оқытушы, 1991-1993 жылдары Ғылыми кеңесінің хатшысы, 2005-2009 жылдары сырттай қысқартылып оқыту факультетінің декан орынбасары, 2014-2022 жылдары «Психология және арнайы білім беру» кафедрасының меңгеруші қызметтерін атқарды. 1990 жылы Мәскеу қаласы Педагогика ғылымдар Академиясы жанындағы Білім жетілдіру институты курсынан өтті. 1994-1997 жылдары университеттің күндізгі оқу аспирантурасында оқыды. 2006 жылы 13.00.01-Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, этнопедагогика мамандығы бойынша «Қазақстанда ауылдық шағын жинақталған мектептердің дамуы (1930-1960 жж.)» атты кандидаттық диссертациясын қорғап, ҚР БжҒМ Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетінің 2006 жылғы шешімімен педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді. 60-ге жуық ғылыми мақалалары шетел журналдарында, республикалық, халықаралық конференциялар жинақтарында жарық көрді, 1оқулық, 2 оқу-әдістемелік құралы, 4 оқу құралы, 1 электронды оқулықтың авторы. «Жоба арқылы оқыту бойынша әдістемелік нұсқаулық» (әдеби туынды) авторлық құқық объектісіне куәлігі бар. Simon Fraser университеті (Канада) Білім беру факультетінің PhD, профессоры Роберт Уильямсонның жетекшілігімен «Ерекше білімді қажет ететін балаларға білім беру тәжірибесін бағдарлайтын салыстырмалы зерттеу» тақырыбында Канада-Иордания-Казахстан халықаралық жобасының зерттеу тобының мүшесі. «Күрделі әлем үшін білім беру аспектісінде педагогтардың үздіксіз кәсіби даму жүйесін құру: парадигма, әдіснама, цифрлық құралдар» тақырыбындағы мақсатты бағдарламалық қаржыландыру гранттық жобасының, университетішілік жобаның мүшесі. «Білім беру саласының үздігі» (2017ж.), «Үздік ғылым қызметкері» (2020ж.)төсбелгілерімен, ҚР БжҒМ-нің Құрмет Грамотасымен (2021ж.), «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен (2024ж.) марапатталған. «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы-2021 жыл» атағының иегері.
2019 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында еліміздің дамуына үлес қосып, білім, ғылым, мәдениет және өнер саласында айрықша із қалдырған Атырау өңірінің біртуар азаматтарына арналған «Тұлғалар аллеясы» ашылған болатын.
Бұл аллея ұлтымыздың сегіз бірегей тұлғасының бюсті тұғырымен айшықталып тұр.
Бұл – Қазақ руханиятына өлшеусіз үлес қосқан кемеңгер тұлғалардың мүсіні, барша қазаққа жігер беріп тұрғаны сөзсіз.
Бір жыл бұрын мұнайлы өлкеде ашылған «Тұлғалар аллеясы» ұрпақтар санасына Ұлы даланың ұлы есімдерінің жаңғыртылуына ықпал етуде.
Салық Зиманұлы Зиманов (1921-2001) — қоғам және мемлекеттік ірі қайраткер тұлға, заңгер ғалым, Заң ғылымының докторы,профессор. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстанға еңбегі сіңген ғылым қайраткері(1971). ҚР тұңғыш парезидентінің мемлекеттік бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының иегері (2001).
Зиманов Салық 1990–95 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесіне халық депутаты болып сайланып, Жоғарғы Кеңес Төралқасының, Сыртқы қарым-қатынастар мен парламентаралық байланыстар комитетінің мүшесі, Ардагерлер мен мүгедектер жөніндегі комитет төрағасы болды. Білікті заңгер маман ретінде егемендік, тәуелсіздік жолын таңдаған Қазақстанның халықаралық қарым-қатынастарын заңдастырып, қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе беру, президенттік басқару институтын енгізу, құқықтық-демократиялық реформаларды жүргізу ісіне, т. б. белсене араласты. Ол 1992–93 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Консультативтік кеңестің, мемлекеттік саясат жөніндегі ұлттық кеңестің мүшесі болды.
Зимановтың ғылыми-зерттеу еңбектері, негізінен, мемлекет және құқық тарихы мен теориясына, Қазақстан мен Орталық Азияның басқа да аймақтарында ұлттық мемлекеттердің қалыптасуы мен дамуына, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігіне, т. б. өзекті мәселелерге арналған. Сондай-ақ, Зимановтың құқық теориясына, қазақтың дәстүрлі құқықтық мәдениетіне, шариғат заңдарына қатысты бірнеше ғылыми еңбектері жарық көрді.
1986 жылы Желтоқсан оқиғасы кезінде де ол азаматтық ерлік көрсетті. Империялық орталықтың үлкен лауазымды өкілдерінің қазақ халқы атына айтқан астам пікірлеріне тайсалмай қарсы шығып, ұлт намысын, ел абыройын нақты да кесімді дәлелдермен қорғап қалды. Қазақстан Республикасы құрылғаннан кейін Зимановтың ғылыми және қоғами-саяси қызметінің жаңа, жемісті кезеңі басталды. Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі көптеген жаңа заңдарды қабылдауға тиіс болды. Осы жауапты тарихи кезеңде Зиманов Салық - білімділік, қайраткерлік қырымен танылды. Қазақ мемлекеттігі мен қазақ халқының тарихында шешуші рөл атқарған «Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның» (25.10.1990) жобасын дайындау жөніндегі комиссияны басқарды. Ел тарихындағы екінші бір аса маңызды саяси актінің – «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңның (16.12.1991) жобасын дайындау жөніндегі комиссияның жетекші мүшелерінің бірі болды. Ол Жоғарғы Кеңестегі Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын әзірлеу жөніндегі Конституциялық комиссияның мүшесі болды, мұнда ол сарапшылар тобын басқарды.
Зимановтың «КСРО-дағы автономиялау теориясы мен практикасы» (1998) атты зерттеу еңбегі ТМД мемлекеттерінің ғылыми жұртшылығының арасында зор серпіліс туғызды. Онда алпауыт держава – КСРО-ның ыдырауының көрінісі және оның бұрынғы автономиялық аумақтары негізінде жаңа тәуелсіз республикалардың құрылуы нақты да талдамалы тұжырымдарға сүйене отырып дәлелденген.
Зиманов Салық - 10 томдық «Қазақтың ата заңдары» энциклопедиясына ғылыми жетекшілік жасауда. Зиманов Салық Қазақстан Республикасы Президентінің Бейбітшілік пен рухани келісім сыйлығы (1993), Қазақстан мемлекеттік сыйлығы (2002) лауреаты. «Парасат» орденімен (2002), екі рет Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен және медальдармен марапатталған.
Ығылман Шөреков (1876-1932) екі ғасырдың тоғысуындағы кең тынысты эпик ақын. Оны жұртқа кеңінен мәшһүр еткен, қазақ әдебиеті тарихының төрінен сыйлы орын әперген – «Исатай-Махамбет» поэмасы. Бұл – тарихи поэма, мұнда өткен ғасырдың отызыншы жылдарында Бөкей ордасын дүр сілкіндірген шаруалар көтерілісі жырланады. Ақын көтерілістің егжей-тегжейін, болашақ әдеби қаһармандарының тағдырын, төңірегін ұзақ жылдар бойы мұқият тексергенге ұқсайды. Архив қазынасын ақтармаса да, ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып, ел жадында сақталған әңгіме-аңыздарға сүйеніп, ол қазақ поэзиясының үздік туындысы саналып келе жатқан – біреу болса да, бірегей атақты поэмасын жазады. Ақыннан қалған бұдан басқа мұра шамалы. «Ақындар туралы», «Шешендер туралы», «Батырлар туралы» және бірер өлеңі мен толғаулары 1924 жылы «Сәуле» журналында (№41) Ташкентте, одан соң 1976 «Исатай-Махамбет» деген атпен шыққан дастан мен өлеңдер жинағында басылған.
«Исатай-Махамбет» поэмасының бірінші бөлімі ақынның көзі тірісінде 1924 жылы Ташкентте басылып шыққан. Одан кейін неше дүркін жеке кітап болып және «Халық поэмалары» атты жинақта (1939) жарияланды.
Бақтыгерей Ахметұлы Құлманов - алаш қайраткері, Алашорда үкіметінің мүшесі, 1-2 Мемлекеттік Думалардың депутаты, шығыстанушы, алғашқы ғылым кандидаты. Өзі төре тұқымынан. Әбілқайыр — Нұралы — Есім сұлтаннан тарайды. 1872-1881 жылдары Орынбор ерлер гимназиясында 9 жыл оқып, оны алғашқы бітірген қазақтардың бірі, күміс медальмен марапатталған. 1881 жылы Санкт-Петербург университетінің заң факультетіне түскен. Бұл факультетте 1883 жылдың желтоқсанына дейін 1-курста қатарынан 3 жыл оқиды. Таңғаларлық жайт, 1-ші курсқа өз өтінішімен қала берген. Үшінші жылы тағы қалуға университет басшылығы рұқсат бермегендіктен, ол 1884 жылдың қаңтарынан бастап университеттің Шығыс тілдері факультетіне ауысады да, 1889 жылы 9 наурызда №877 диплом алып шығады. Араб, парсы, осман, татар тілдері және орыс сөздігінен өте жақсы баға алып, университет кеңесінің 1888 жылғы 17 қыркүйектегі ұйғарымымен кандидаттық ғылым дәрежесіне лайық деп бағаланады.
ЖОО бітірген соң еліне келіп, 1889 жылдан бастап Астрахань губернаторының қарамағындағы Қамыш-Самар қисымының әкімі қызметінде болады. Әкім болып тұрғанда мектептер ашып, әр түрлі емдеу пунктерін көбейтуге күш салады. 1901 жылы Бөкей ордасының құрылғанына 100 жыл толуына байланысты Бөкей қазақтарының депутациясын бастап Ресей патшасының қабылдауында болады да депутация атынан арнау сөз сөйлейді.
1903 жылғы 22 шілдеден 1906 жылғы қыркүйекке шейін Бөкей ордасының Уақытша кеңесінің кеңесшісі қызметін атқарады. 1906 жылы отставкаға шығады.
Құлманов 1907 жылы 2 Мемлекеттік думаға мүше болып сайланады. Қатарынан екі рет сайлануы, оның ел алдындағы қадірін білдірсе керек.
Әбіш Кекілбайұлы (1939-2015) - Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері. Қазақстан Республикасының алғашқы Мемлекеттік хатшысы (1996-2002), Парламент Сенатының депутаты (2002-2015).
Шыққан руы Адай. Атақты қаламгердің әдебиетке құмарлығы мектеп қабырғасында басталады. 1957 жылы 5 мамыр «Лениншіл Жастың» белсенді ауылдық тілшісі ретінде Қазақстан Комсомолы Орталық Комитетінің мақтау қағазымен марапатталады.
1957 жылы Қазақ Мемлекеттік Университетінің филология факультетіне түседі. Университетте әдебиет бірлестігін басқарып, жас талаптар шоғырын жарыққа шығарады. Соңғы курста оқып жүріп, «Қазақ әдебиеті» газетінде қызмет атқарады.
1962 - 1965 жылдар аралығында «Лениншіл Жас» газетінде бөлім меңгерушісі болып істеді.
1965-1968 жылдары ҚазКСР Мәдениет министрлігінде, 1968-1970 жылдары Кеңес армиясының қатарында,
1970-1975 жылдары «Қазақфильм» студиясында бас редактор,
1975-1984 жылдары Қазақстан КП ОК мәдениет бөлімінде нұсқаушы, сектор меңгерушісі,
1984-1986 жылдары ҚазКСР Мәдениет министрінің орынбасары,
1986-1988 жылдары Қазақстан жазушылар одағы басқармасының 2-ші хатшысы,
1989-1990 жылдары ҚазКСР тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау қоғамы Орталық кеңесінің төралқа төрағасы,
1990 жылы Қазақстан КП ОК бөлім меңгерушісі.
1991 жылы Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің Мәдениет, тіл және ұлтаралық қатынастарды дамыту жөніндегі комитеттің төрағасы,
1992-1993 жылдары «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы,
1993-1995 жылдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі.
1994-1995 жылдары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің төрағасы,
1996-2002 жылдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып істеді.
2002 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты. Әбіш Кекілбайұлы Қазақстан Жоғарғы Кеңесіне екі рет, Мәжілісіне бір рет баламалы негізде депутат болып сайланады.
Қабдолов Зейнолла (1927—2006) — жазушы, әдебиет зерттеушісі, ұстаз, филология ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының академигі, Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақ және Қырғыз Республикаларының еңбек сіңірген ғылым қайраткері. Атырау облысы Мақат ауданының Доссор кентінде дүниеге келген. 1945 жылы қазіргі әл Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің филология факультетіне оқуға түсіп, 1950 жылы үздік дипломмен бітірген. Осы білім ордасында елу жылдан астам үздіксіз білім және ғылым жұмыстарын қатар жүргізген.
Ширек ғасыр бойы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық мемлекеттік университетінің әдебиет кафедрасын басқарып, бірнеше жыл «Жұлдыз» журналы мен «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы міндеттерін негізгі қызметімен қоса атқарған.
«Ұшқын» және «Жалын» романдарының, «Адам», «Сыр» атты жинақтарына енген әңгіме-очерктері мен Қазақтың М.Әуезов атындағы академиялық және бірнеше облыстық театрлардың сахналарында қойылған «Сөнбейтін от» драмасының авторы. «Менің Әуезовым» романы үшін 1998 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы берілді. Өмірінің соңына дейін Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті жанындағы филология ғылымдары докторы дәрежесін тағайындау жөніндегі тұрақты диссертациялық кеңестің төрағасы қызметін атқарған.
Басқа да көптеген еңбектері: екі томдық шығармалары, «Елеусіз қалған есіл ер» пьесалар жинағы, «Менің Әуезовым», «Ұшқын», «Жалын» романдары, таңдамалы шығармалар, бес томдық алғашқы кітаптары «Жазушы», «Санат» баспаларынан әр жылдары басылып шыққан.
Аударма жұмыстарымен де айналысып, А.Пушкиннің «Балықшы мен балық» ертегісін, Н.Гогольдің мақалалары мен хаттарын, В.Добровольскийдің «Сұр шинельді үш жігіт», В.Закруткиннің «Судағы станица» романдарын, А.Островскийдің «Ұшынған ақша», М.Горькийдің «Күн перзенттері», Н.Хикметтің «Елеусіз қалған есіл ер» пьесаларын қазақ тіліне аударған.
«Халықтар достығы», «Құрмет», «Парасат» ордендерімен, көптеген медальдармен және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамоталарымен марапатталған. Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының Ш.Уәлиханов атындағы Бірінші дәрежелі сыйлығының лауреаты. Көркем шығармалары бірнеше шетел тілдеріне аударылған.
Бабажанов Мұхамед-Салық (1832-1871)— этнограф, қоғам қайраткері, ағартушы. Ордадағы орыс-қазақ мектебінде бастауыш білім алып,оны 1845 жылы тәмәмдайды,алты жылдан соң Орынбордағы Неплюев кадет корпусының Азия бөлімшесін бітіреді. 1852-1855 жылдары Орынбор шекара комиссиясы кеңесінде,1855-1861 жылдары Ішкі Орданың уақытша кеңесінде кеңесші болып қызмет атқарады. 1866-1871 жылдары Ішкі Орданың Қамыс-Самар бөлімін басқарады.Ол көне ескерткіштерді зерттеумен шұғылданған және халық ауыз әдебиетін жинаумен айналысқан.
1852-55 ж. Орынбор шекаралық комиссиясының кеңсесінде қызмет етті.
1855 ж. Ішкі Орда қазақтарының толқуына қатысты деген желеумен қызметінен қуылып, 2 ай абақтыда отырды.
1855-61 ж. Ішкі Орданы басқару жөнінде Уақытша кеңестің кеңесшісі болды.
1862 ж. қызметтен кетіп, 1866 жылға дейін мал шаруашылығымен шұғылданды.
1866-71 ж. Ішкі орданың Қамыс-Самар бөлімшесінің басшысы қызметін атқарды.
Бабажанов қазақтың салт-дәстүрі, шаруашылығы, діни нанымы, аңшылық кәсібі жөнінде еңбектер жариялады. Халықтың көне тарихи мұраларын, аңыз-ертегілерін, өлең-жырларын, мақал-мәтелдерін жинап, зерттеді. Ресей музейлері мен ғылыми мекемелеріне қазақ тарихы мен тұрмысына қатысты археологиялық, этнографиялық жәдігерлер жіберді. 1861 ж. Орыс географиялық қоғамының мүшесі болып сайланды. Этнография бөлімінің жұмысына елеулі үлес қосқаны үшін 1862 ж. аталмыш қоғамның күміс медалімен марапатталды. Бабажанов — ғылыми еңбектері үшін ресми марапатталған тұңғыш қазақ.
Ол Ресей империясының қазақ елін отарлау саясатына наразылық танытқан мақалалар да жазды.
Белгілі ғалым М.Бабажановтың жазған ғылыми еңбектері, табыстары айта берсек өте мол. Нарын құмынан табылған әйел мүсініндегі балбал тас үшін ол күміс медальға ие болды. «Заметки киргиза о киргизах» («Қазақтың қазақтар туралы жазбалары») 1861 жылы Санкт-Петерборда басылған. Сонымен бірге ғалымның батыс қазақ жерінің кен байлығы, географиялық ерекшеліктері топономика, этнография, тарих саласындағы еңбектері де бар.
19 ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген көрнекті ақын Мұрат Мөңкеұлы 1843 жылы қазіргі Атырау облысының Қызылқоға ауданына қарасты Қарабау ауылында дүниеге келген. Жастайынан жетім қалған бала Мұрат ағасының қолында тәрбиеленеді.
Алғашқы білімін ауыл молдасынан алып, сонда араб тілін үйренеді. Бала кезінен бастап өлең жазуды қолға алған Мөңкеұлы өз ортасында «ақын бала» атанып кетеді. Өз заманында Есет би мен Абыл ақыннан өнеге алып, Мұрын жырау Сеңгірбайұлына ұзтаздық еткен. 1860 жылы Жылқышы ақынмен кездескен болашақ ақын сол сәттен бастап айтыстарға қатыса бастайды.
Ол 17 жасында Жылқышы ақынмен, 20 жасында Бала Оразбен жиырма бесінде Жаскелең, Жантолы, Шолпан, Тыныштық сынды ақындармен айтысып, шаң қақтырған жеңімпаз атанады. Бұл айтыстар Мұратқа нағыз поэтикалық шеберлік мектебінен өтуге көмектесті. Өжет мінезі, қағытпаға жүйріктігі, тапқырлығымен ерекшеленген Мөңкеұлы әрдайым биіктерден көрінді. Мұрат Мөңкеұлы есімі әдебиет тарихында айтыс өнерінің асқан шебері ретінде ғана емес, сондай-ақ үлкен эпик ақын ретінде де қалды.
Мұрат қазақ әдебиеті тарихындағы айтулы тұлғалардың бірі, зар заман ақындарының ішіндегі аса белді өкілі. Жас шағында белгілі Есет шешеннен өнеге алады. Ерекше дарын иесі Мұрат Мөңкеұлы халықтың рухани байлығы мен батырлар жырын жатқа біліп өседі. Сыпыра жырау, Асан қайғы, Қазтуған, Жиембет, Шалкиіз және тағы басқа да тарихи тұлғалардың шығармалары бізге осы Мұрат ақынның айтуымен жеткенін бірі білсе, бірі білмейді.
Қазақтың ақын ұлы ел тарихын әсерлі де мәнді шығармаға айналдырып, көпке насихаттап кеткен. Мұрат Мөңкеұлы елінің тәуелсіздігін аңсап, бодандыққа қарсы жыр толғады. Осылайша, зар заман ақыны атанды. Ата-қонысының талауға түскеніне налыған ақын өзі туып өскен даланың кешегі күнін сағынышпен еске алады.
Мұрат өз өлеңдерінде туған жеріне деген сүйіспеншілікті, ерлік пен батылдылықты жырлап, тарихқа бет бұрды. Атап айтқанда, Мөңкеұлы өмірдің өтпелі кезеңі, уақытша әлемнің өзгермелілігі туралы айтады.Мұрат Мөңкеұлының шоқтығы биік шығармасы «Үш қиян». Мұнда ақын ескі дәстүрдің ісгесі шайқалғанын, адамдардың ниетінің бұзылуын сөз етеді. Құнарлы қоныстарды тартып алған отарлау нәтижесінде тұрмысы нашарлап, тығырыққа тірелген ел тағдыры ақынды тербентпей қоймады.
Зар заман ақындарының ішінде Мұраттың ерекшелегі ол арғы тарихты да қозғап, үн шертті. Ол ұдайы елдік, ерлік жайын назарда ұстап сөйлеген, шығармашылық ауқымы өте кең мықты тұлғаның бірі. «Үш қиян» толғауы мен «Сарыарқа», «Әттең, қапы дүние-ай», «Қазтуған» жырлары бір-бірімен үндес. Бұл шығармалардың басты тақырыбы жер дауы, құтты қоныс жайы.
Ол «Қарасай-Қази», «Шәлгез», «Ғұмар Қазиұлына айтқаны» жырларына діни аңыздарды негіз еткен. Майталман жыршы, термеші ретінде де танылған Мұрат Мөңкеұлы «Өлім», «Қыз», «Арғымақ сыйлап не керек», «Аттан сұлу болар ма?», «Жалғаншы фәни жалғанда» атты термелердің авторы.
Ақын өзінің шығармаларында кітап поэзиясының стилін қолданды. Мәселен, «Қыз» поэмасында Мұрат жас сұлудың бейнесін жасайды. «Үш қиян» поэмасында халықтың жағдайын, өз армандары мен жақсы өмірге деген үмітін суреттейді. Бұл шығарманың маңыздылығы онда ақынның идеологиялық қарама-қайшылықтары айқын көрінеді.
Рулық араздықтан және дұшпандықтан арылу мәселесіне қатысты ақын «Сарыарқа» толғауын жазды. Онда Мөңкеұлы қазақтарды өзінің даму жолында ескінің барлық жұғындысын жойып, сыпыруға шақырады. Ал білімді болмайынша елінің өркендей қоймасын түсінген ақын халықты оқу-білімге шақырып, «Оқудан қайтқан азаматқа» өлеңін жазды.
Сондай-ақ, «Қазтуған» поэмасында және «Қарасай-Қазы» қисса-дастанында Мұрат Мөңкеұлы қазақ халқының өткен уақыттағы тарихи оқиғаларын баяндайды. Бұл шығармалар автор өз халқының жалынды патриоттары, туған жерінің батыл және ержүрек қорғаушылары ретінде көрсететін батырларға арналған.
Жалынды ақын өз шығармаларында ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан әдет-ғұрыптар мен наным-сенімдерді қолдануға тырысады. Сонымен қатар, ақын кейіпкерлерді қалыптастыруда шынайылыққа, нақтылыққа, айқындылыққа ұмтылып, өз ойын жеткізу үшін прогрессивті тәсілдерді қолданды. Мұрат Мөңкеұлы қазақ әдеби тілінің дамуына үлкен үлес қосты.
Ақынның шығармаларында кедейлердің зұлым адамдарға, әсіресе патшалық билікке қарсы наразылықтары айқын көрінеді. Мұрат Мөңкеұлы маңызды мәселелерді көтерді және оларды түсінуге тырысып, жиі өз халқының өткеніне жүгінетін. Сондықтан да оның
шығармашылығында өткен мен бүгінгінің арасындағы байланыс айқын көрініп тұрады.
Жантөрин Нұрмұхан Сейітахметұлы (1928-1990) — актер, режиссер. Қазақ КСРнің Халық әртісі (1966). Қазақ КСРның Мемлекеттік сыйлығының иегері.
Мектепті бітіріп Алматыға жол тартқан Н.Жантөрин киномеханиктер дайындайтын мектепке түскен, осы кезде тағдырдың өзі оның бойындағы әртістік қасиетін көре білген ұстаздарға жолықтырып, Алматының актерлер дайындайтын мектебінің студенті болады. Кешікпей Ташкент театр өнері институтының актерлік факультетінің 3-ші курсына қабылданып, 1952 ж. бітіріп шығады.
1952—1967 жж. және 1988 ж. өмірінің соңына дейін қазақ драма театрының сахнасында өнер көрсетті. 1967—1988 жж. "Қазақфильм" киностудиясында актер болды. Режиссер Б.Мансұров қойған "Сұлтан Бейбарыс" (1989 ж.) фильміндегі Бейбарыс бейнесі — тек Жантөриннің емес, қазақ киносының ірі табысы болды. Бұл образ актер шеберлігінің шырқау шыңына айналды. Ол осы рөлі үшін кеңес киносы актерлерінің бүкілодақтық "Созвездие — 90" фестивалінде "Актер мамандығына қосқан аса зор үлесі үшін" сыйлығын жеңіп алып, арнайы дипломмен марапатталды.
Режиссер ретінде Цой Гук Инмен бірлесіп “Орман балладасы” (1972), Н.Жайнақовпен бірге “Медальдың үшінші жағы” (1976) фильмдерін қойды. 1959 жылы Қазақ КСРнің Еңбек сіңірген артисі (құрметті атағы);
1959 жылы КСРОның Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды. 1966 жылы Қазақ КСРнің Халық артисі (құрметті атағы);
1970 жылы «Қажырлы еңбегі үшін Лениннің туғанына 100 жыл» құрмет белгісі (медалі); 1978 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасы.
1988 жылы КСРОның Халықтар Достығы Орденінің иегері атанды.
КСРОның Еңбек Қызыл Ту орденін екінші мәрте алған.
КСРО және Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінің құрмет грамотасымен марапатталған.