Университет

Кайргалиева Гулфайруз

26.11.2026 3
DSC07877

"ЖОО үздік оқытушысы-2018"

Тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор

1968 жылы 29 қазанда Атырау облысының Индер ауданы Кулагино селосында дүинеге келген. Тарихшы. Педагог. Тарих ғылымдарының кандидаты (2010 ж.). 1986 ж. Махамбет ауданы Махамбет орта мектебін, 1991 ж. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тарих мамандығы бойынша бітірді. ҚССР Білім министрлігінің жолдамасымен Гурьев педагогикалық институтына (қазіргі Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті) жас маман ретінде жұмысқа келді. КСРО тарихы кафедрасында стажер-оқытушы, оқытушы, Қазақстан тарихы кафедрасында аға оқытушы, 2014 жылдан қауымдастырылған профессор болып еңбек етеді. Тарих және құқық, тарих-филология факультеттері деканының орынбасары, университеттің ақпарат қызметінің жетекшісі, тарих-филология факультетінің деканы, университеттің баспасөз қызметі жетекшісі, гуманитарлық ғылымдар және өнер факультетінің деканы болып жұмыс жасады. 2020 жылдан ректор аппараты жетекшісі. Негізгі ғылыми-зерттеу бағыты отандық тарих, оның ішінде дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымы болып табылатын батырлар институты. 2010 жылы «Батырлар институты және оның дәстүрлі қазақ қоғамындағы рөлі (Бөкенбай батыр әулетінің негізінде)» тақырыбындағы кандидаттық диссертациясын қорғаған. «Қазақ қоғамындағы батырлар институты», «Қазақстан мұнай өнеркәсібін қалыптастырудағы әйелдердің үлесі» монография, «Тарихты оқыту әдістемесі» оқу құралы, халықаралық және отандық басылымдардағы ғылыми мақалалар авторы. Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орны үздік оқытушысы республикалық конкурсының жеңімпазы (2018 жылы). ҚР Білім және ғылым министрінің Алғыс хатымен, «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Алғыс хатымен, Қазақстан Халқы Ассамблеясының Құрмет грамотасымен, «Қазақстан Республикасы ЖОО үздік оқытушысы» төсбелгісімен, ҚР ЖОО Ассоцияциясының «Ахмет Байтұрсынов» күміс медалімен, ҚР Президенті Қ.Ж.К.Тоқаевтың Алғыс хатымен, «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медалімен, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ахмет Байтұрсынов» төсбелгісімен, қоғамдық ұйымдардың және университеттің Алғыс хаттарымен марапатталған.