Ғылым

AP25796073 Жоба жетекшісі: Рахметов М.Е.

11.02.2026 31

AP25796073 «Жасанды интеллект принциптеріне негізделген қашықтықтан оқыту платформасын құру әдістемесін әзірлеу»

 Жобаны іске асыру кезеңі: 2025-2027 жылдар

Жоба жетекшісі: Рахметов М.Е.

Жобаның негізгі мақсаты – білім сапасын арттыру және оқу бағдарламаларын заманауи технологиялық талаптарға бейімдеу мақсатында оқу үдерісін автоматтандыруға арналған қашықтықтан білім беру платформасын құру әдістемесін жасанды интеллект (AI) принциптеріне негіздеу.

Жобаның міндеттері:

1. Қолданыстағы қашықтықтан оқыту платформаларына олардың ерекшеліктерін, артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау мақсатында теориялық талдау жүргізу.

2. Жасанды интеллект принциптеріне негізделген қашықтықтан оқыту платформасының тұжырымдамалық және техникалық архитектурасын құру.

3. Жасанды интеллект принциптеріне негізделген қашықтықтан оқыту платформасын құру бойынша болашақ мамандарды даярлаудың модельін әзірлеу.

4. Әзірленген әдістеме мен платформаны білім беру бағдарламаларының нақты талаптары мен қажеттіліктеріне бейімдей отырып, білім беру үдерісіне енгізу.

5. Жасанды интеллект принциптеріне негізделген қашықтықтан оқыту платформасын құру әдістемесінің тиімділігін бағалау мақсатында эксперименттік жұмыстар жүргізу және қорытындылау.