Университет

Сабирова Рысты Қуандиковна

26.11.2026 0
DSC01581

"ЖОО үздік оқытушысы-2017"
Экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор

1968 жылы 17 маусымда Атырау (Гурьев)  қаласында дүниеге келген. Экономика ғылымдарының кандидаты (2007ж.), Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің профессоры (2022ж.). 1985 жылы Алмалы орта мектебін, 1990 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын бітірген. 1990 жылы Гурьев механикалық зауытында жоспарлау бөлімінде экономист, 1994-2000 жылдары Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің "Экономика және менеджмент" кафедрасының оқытушы, аға оқытушысы,   2000-2013 жылдары "Экономика және менеджмент" кафедрасының меңгерушісі, 2013-2016 жылдары М.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетінде «Экономика, менеджмент және туризм» кафедрасының доценті, 2014-2016 жылдары Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінде «Менеджмент» кафедрасының доценті болып істеді. 2016 жылдан Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің "Экономика" кафедрасының меңгерушісі. 2007 жылы "08.00.05 - Экономика және халық шаруашылығын басқару мамандығы бойынша Түркістан қаласы Қ.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «Ауыл шаруашылығындағы еңбек нарығын реттеу тетіктері (Атырау облысы мысалында)» деген тақырыпта экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертациясын қорғады. ҚРБҒМ БҒСҚК шешімімен 2010 жылы Экономика" мамандығы доценті (қауымдастырылған профессор) ғылыми атағын, 2022 жылы профессор ғылыми атағын алды. 200-ден астам ғылыми еңбектің авторы, 8 - авторлық куәліктің иегері, 6 оқу құралы, соның ішінде РОӘК ұсынған 2 оқу құралы,  5 монографиясы жарыққа шыққан, ғылыми жетекшілік жасаған 50-ден астам магистранттары қорғады. 1 PhD докторанттың ғылыми кеңесшісі. Scopus  және Web of Science базасындағы жоғары импакт факторлы ғылыми журналдарында 10 ғылыми мақалалары жарияланды (һ-4) 60-тан астам мақаласы БҒМ БҒСҚК бекіткен журналдарда жарыққа шықты. ҚР БжҒМ-нің Құрмет грамотасымен (2010ж.),  ҚР БжҒМ-нің «Үздік оқытушы -2017» гранты, төс белгісімен (2018ж.), Қоғамдық марапаттар жөніндегі республикалық кеңестің «Білім беру саласының Үздігі» төс белгісімен (2019ж.), Қазақстанның жоғары оқу орындары қауымдастығының «Ахмет Байтұрсынов» алтын төсбелгісімен» (2020ж.),  «Қазақстандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Құрмет грамотасымен (2021ж.), ҚР Ғылым және Жоғары білім министрінің «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен  (2023ж.) марапатталған.