Университет

Сабирова Жанылсын Нурмухановна

26.11.2026 4
cathedra teacher 74e78b33-5438-4432-a539-10ff94062977

"ЖОО үздік оқытушысы-2018"

Психология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор

1961 жылы 9 қыркүйекте Атырау (Гурьев)  қаласында дүниеге келген. Психология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор. 1983 жылы Гурьев педагогика институтының биология-химия факультетінің «биология және химия пәнінің мұғалімі» мамандығын, 2016 жылы  Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «дефектолог-логопед» мамандығын үздік дипломмен бітірді. Еңбек жолын 1983 жылдан «Психология» кафедрасының оқытушысы қызметінен бастап, «Психология және педагогика» кафедрасының қауымдастырылған профессоры  болып еңбек етіп келеді. 2005 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Д.14А02.32 диссертациялық кеңесінде  «М.Жұмабаевтың психологиялық көзқарастары» атты диссертациялық  жұмысты қорғады, 2006 жылы бекітілді. 2011 жылы ҚР БжҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің шешімімен психология мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор ғылыми атағы берілді. 2007-2009 оқу жылдары  «Психология» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды. Республикалық және халықаралық ғылыми басылымдарда 150-ден астам мақалалары Scopus, Web of Science, РИНЦ, ҚР ҒЖБ БҒСБК журналдарында, 2 монография, 6 оқу құралы, оқу-әдістемелік құралдары жарық көрді, 2 оқу құралына авторлық куәлігі бар.  «ЖОО‑ның үздік оқытушысы - 2018 жыл» атағының иегері. Университет  ректорының, кәсіподақ ұйымының (2018ж.) Құрмет Грамоталарымен, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының, «Білім-Образование-Education» Республикалық ғылыми-педагогикалық орталықтың Алғыс хаттарымен, Қоғамдық марапаттар жөніндегі Республикалық Кеңестің «Білім беру саласының үздігі» медалімен (2019 ж.), «А.Байтұрсынов» қола төсбелгісімен (2021ж). «Университет дамуына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгімен (2021ж) иарапатталған.