Әбілғазы Баһадүрдің «Түрік шежіресі» қақында (1603-1664 жж.)

04.12.2025 28

  1. Монографияның атауы: Әбілғазы Баһадүрдің «Түрік шежіресі» қақында (1603-1664 жж.)

Автор: Мустафин Ж.Ж.
Шығарылған жылы: 2024
Басылым орны / баспасы: Атырау «ASU Press»
ISBN : 978-601-262-561-5

Аннотация: Қазақстан тарихында ерекше із қалдырған «Жошы ұлысының 800 жылдығына» арналған ғылыми-танымдық, монографиялық еңбекте Әбілғазы Баһадүрдің «Түрік шежіресі» жан-жақты деректанулық талданады. Әбілғазы Баһадүрдің «Түрік шежіресі» атты кітабы ғылым дүниесіне XVIII ғасырдың бас кезінде мәлім болды. Ұсынылып отырған бұл басылым оқырмандарды өз ата-бабаларының тарихын білуге көмектесіп қана қоймайды, олардың жалпы тарих ғылымына деген көзқарасын оятады. Монографиялық еңбекмагистранттарға, студенттерге және орта мектеп пен колледж оқушыларына, барша өлке тарихына қызығатын оқырмандарға арналған.

Автор:

  •  

 Толық аты-жөні: Мұстафин Жеңісбек Жұпболұлы

  • Ғылыми дәрежесі, атағы: Тарих ғылымдарының кандидаты
  • Оқу жылдары: С.М.Киров атындағы мемлекеттік университетінің тарих факультетін(1972ж.) бітірген
  • Жарияланымдар:  2 оқу-әдістемелік оқу құралдарымен 30-ға жуық ғылыми-зерттеулерге арналған мақалалары республика журналдарымен түрлі деңгейлердегі конференцияларда және республикалық, облыстық мерзімді баспасөз беттерінде жарық көрген. «Азиядағы аймақтық жанжалдар және оларды реттеудегі БҰҰ-ң ролі» (2000ж.), «Қытайдағы қоғамдық реформалар» (2002ж.) атты оқу-әдістемелік оқу құралдары мен көптеген ғылыми мақалалары жарық көрген. Ол-ғылыми-ұстаздық еңбегі нәтижесінде 1998 жылы «ҚР білім беру ісінің үздігі» белгісімен облыстық, республикалық деңгейдегі грамоталармен марапатталған.