Университет

Джанзакова Шолпан Исагалиевна

26.11.2026 0
cathedra teacher 86fd4288-2188-4f5a-9769-3b6af38a862e

"Үздік оқытушы-2019"

Педагогика  ғылымдарының докторы, профессор

1960 жылы 12 қарашада Атырау (Гурьев)  қаласында дүниеге келген. 1978 жылы №1 Гагарин атындағы мектепті, 1983 жылы Гурьев педагогикалық институтының биология-химия факультетінің «биология және химия пәнінің мұғалімі» мамандығын үздік аяқтады. Еңбек жолын Гурьев қаласы №7 орта мектепте «биология және химия пәнінің мұғалімі» қызметінен бастады.  1988 жылдан  Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде еңбек етеді. 1991 жылы кафедраның аға оқытушысы, 2000 жылы «Психология» кафедрасының меңгерушісі, 2005 жылы Сырттай қысқартып оқыту факультетінің деканы, 2008 жылы университет жанындағы педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі БД 14.61.02 біріккен диссертациялық кеңестің хатшысы, 2010 жылы «Жалпы және халықтық педагогика» кафедрасының профессоры, 2011-2023 жылдары «Педагогика» кафедра-лабораториясының меңгерушісі қызметтерін атқарды. Алғаш этнопедагогиканы жеке пән ретінде ғылыми негіздеген. Мәскеу қаласындағы Ресейдің ғылыми орталығының «Ұлттық білім беру мәселелері» институтында академик Г.Н.Волковтың жетекшілігімен «Этнопедагогизация экологического воспитания младших школьников в казахской школе» тақырыбында кандидаттық, «Этнопедагогиканы жеке оқу пәні ретінде құрудың ғылыми негіздері» атты докторлық диссертациясын (2008ж.) қорғады. 2011 жылы  педагогика мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор атанды. 2016 жылы Қазақстан педагогикалық ғылымдар академиясының академигі болып сайланды. 2016-2017 жылдары «Международное сотрудничество как фактор развития интеллектуального потенциала будущих специалистов в условиях глобализации» (ҚазҰПУ-мен бірлесіп) Халықаралық біліктілікті арттыру және ғылыми ақпарат орталығы, Германия, Дюссельдорф қ.), 2020-2022 жылдары «Формирование педагогического мастерства педагогов в условиях новых образовательных трендов как основа успешности профессиональной деятельности» (Ресей, Мәскеу мемлекеттік әлеуметтік университеті және ҚазҰПУ-мен бірлесіп), 2020-2022 жылдары «Психолого-педагогическая поддержка социально-культурной адаптации иностранных студентов в системах высшего образования мультикультурных регионов Южного Федерального округа Российской Федерации и Республики Казахстан» г.Элиста ғылыми жобаларға атсалысты. ҚР БжҒМ-нің Құрмет грамотасы (2006ж.), «ҚР ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» белгісі(2007ж.), «Ыбырай Алтынсарин» төс белгісі(2015ж.), Қоғамдық марапаттар жөніндегі Республикалық Кеңестің «Білім беру саласының үздігі» медалімен(2017ж.), «А.Байтұрсынов» күміс медалімен(2020ж.), «Х.Досмұхамедов» алтын медалімен марапатталған. ҚР Білім және ғылым министрлігінің «ЖОО-ның Үздік оқытушысы-2019» грантының иегері.