Университет

Муханбетжанова Акмарал Утепбергеновна

26.11.2026 0
DSC07386

"ЖОО үздік оқытушысы-2017"

Педагогика ғылымдарының докторы, профессор

1992 жылы Атырау педагогикалық институттың «Мектепке дейінгі педагогика және психология» мамандығын үздік бітірген, 1995-1998 жылдары Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің аспирантурасында білім алды. 1999 жылы 13.00.01. «Жалпы педагогика, этнопедагогика және білім беру тарихы»  мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының кандидаты, 2011 жылы  педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін қорғады. 2010 жылы Педагогика мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор атағын алды. 2012 жылы Халықаралық «Болашақ» бағдарламасы бойынша Швейцарияда «Montreux Business School» ғылыми тағылымдамадан өтті.  ҚР БжҒМ-нің «Жоғары оқу орнының Үздік оқытушысы-2017» грантының иегері. 2018 жылы «Білім берудегі менеджмент» бағдарламасы бойынша Германияның Дюссельдорф қаласы Генрих Гейне университетінде «Qualitatsmanagement im Bildungswesen» шетелдік тағылымдамадан  өтті. 2018 жылы ҚР БжҒМ-нің Оқулықтарға, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарға сараптама жасау және сынақтан өткізу нәтижелерін қарастыру жөніндегі пәндік комиссия құрамында, ҚР БжҒМ-нің Алғыс хатын иеленді. 2020 жылдан мамандандырылған тәуелсіз аккредиттеу агенттігінің сарапшылар құрамында, 2022 жылдан «Шетелде оқуға үміткерлерді іріктеу туралы» ҚР БжҒМ-нің бұйрығымен бекітілген Тәуелсіз сараптамалық комиссия құрамында жұмыс жасап, Халықаралық бағдарламалар орталығы АҚ Алғыс хаттарын иеленді. Канаданың Simon Fraser университетімен бірлескен «Ерекше қажеттілігі бар балалардың білім беру тәжірибесін бағдарлайтын салыстырмалы зерттеу» тақырыбындағы халықаралық серіктестік жобаның мүшесі, 2023-2024 жылдары Канада, Түркия елдерінде, Иордания мемлекеті, АҚШ-та зерттеу бағытында тәжірибелермен алмасты. 100-ден астам ғылыми еңбектері шетелдік және отандық басылымдарында, 2 монография, 15 оқулық және оқу-әдістемелік  құралдары, электрондық оқулықтары жарық көрді. Қазақ Ұлттық Қыздар педагогикалық университетінің жанындағы Республикалық Оқу-әдістемелік Кеңестің, Атырау университеті Ғылыми Кеңесінің мүшесі. ЖОО қауымдастығының «Үздік Ғылыми қызметкері» (2021ж.), «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» (2023ж.)  төсбелгілерімен марапатталған.