Утепкалиева Кансулу Мусаевна

"ЖОО үздік оқытушысы-2018"
Философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор
1977 жылы 25 тамызда Атырау (Гурьев) қаласында дүниеге келген. Экономика ғылымдарының кандидаты (2007 ж.). Университеттің Ғылым және инновация жөніндегі проректоры. 1998 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті Экономика факультетінің «Информатика және менеджмент» мамандығын, 2004 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Экономикалық теория кафедрасының аспирантурасын бітірген. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде «Экономика, менеджмент және қаржы» кафедрасының оқытушы-стажеры, деканының орынбасары, «Қаржы және есеп» кафедрасының меңгерушісі, Экономика және құқық факультетінің деканы, оқу ісі жөніндегі проректор, академиялық мәселелер бойынша проректордың м.а., вице-проректор (цифрлық офицер) қызметтерін атқарды. Ол 3 монография, 3 оқу құралы, 70-тің үстінде ғылыми мақалалардың авторы. 2012 жылы Швейцарияда Президенттік «Болашақ» бағдарламасы «Экономика и управление народным хозяйством» мамандығы бойынша ғылыми тағылымдамадан өтті. ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Үздік оқытушы-2018» мемлекеттік грантының иегері. ҚРБжҒМ-нің Құрмет Грамотасымен (2010 ж.), Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Алғысымен (2015 ж.), ҚРБжҒМ «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен (2018 ж.) марапатталған.