Университет

Кенжегулов Бекет

26.11.2026 1
cathedra teacher 85c12094-0a18-4115-adb1-c01555ee59cf

"Үздік оқытушы-2019"

Техника ғылымдарының докторы, профессор

          1960 жылы 28 қаңтарда Атырау (Гурьев) облысы Махамбет ауданы, Ө.Атанбаев (Тополи)  ауылында дүниеге келген. Физика және математика ғылымдарының кандидаты, математика доценті, техника ғылымдарының докторы, 05.13.00-мамандығы бойынша профессор. 1978 Махамбет орта мектеп-интернатын Алтын медальмен, 1983 жылы аль-Фараби атындағы ҚазМУ-ды математика мамандығы бойынша аяқтаған. 1983 жылдан Х.Досмұхамедов атындағы  Атырау университетінде қызмет етеді. 1983-1986 жылдары оқытушы, 1986-1992 жылдары күндізгі бөлім аспиранты, 1992-1994 жылдары аға оқытушы, 1994-2000 жылдары кафедра меңгерушісі, 2000-2009 жылдары физика, математика және ақпараттық технологиялар факультетінің деканы, 2009-2010 жылдары күндізгі бөлім докторанты, 2010-2011 жылдары экономика және басқару факультетінің деканы, 2011 - 2020 жылдары физика және математика, жаратылыстану факультеттерінің деканы болып жұмыс жасады. 2012-2016 жылдары V шақырылған Атырау облыстық Маслихатының депутаты, 2016-2025 жылдары. Атырау облысы қоғамдық Кеңес мүшесі. 200  ғылыми мақаланың, 3 монография, 11 оқу, 5 электрондық оқу құралдарының авторы. 5 авторлық куәліктің иесі. Ғылыми жетекшілігімен 2 кандидаттық диссертация қорғалды. 1 ғылым докторына, 1 ғылым кандидатына ресми аппонент, 50-ден астам магистрлік диссертацияға ғылыми жетекші болды. Ы.Алтынсарин (2010), «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» (2024), әл-Фараби атындағы ҚҰУ-ң «Ерен еңбегі үшін» (2020) төсбелгілері, «Х.Досмұхамедов» Алтын медалі, ҚР БҒМ-ң «ЖОО үздік оқытушысы – 2019» мемлекеттік Гранты иегері. Атырау қаласының Құрметті азаматы (2024).