Ғылым

«Экология, био және нанотехнология» ғылыми-зерттеу институты

14.04.2026 23

Институттың мақсаты:

- Экологиялық тұрақты даму принциптерін жүзеге асыруға бағытталған іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу; 

- Биотехнология және нанотехнология салаларында инновациялық шешімдер әзірлеу арқылы қоршаған орта мен адам денсаулығын қорғауға үлес қосу; 

- Ғылыми нәтижелерді өндіріс пен ауыл шаруашылығына енгізу арқылы елдің ғылыми-технологиялық әлеуетін арттыру. 

 

Институттың міндеттері:

1. Экожүйелердің жағдайын кешенді зерттеу және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану жолдарын ұсыну; 

2. Биотехнологиялық әдістер арқылы экологиялық мәселелерді шешу (биоремедиация, қалдықтарды өңдеу, биологиялық тыңайтқыштар т.б.); 

3. Жаңа ғылым аралық зерттеу бағыттарын дамыту және халықаралық ғылыми ынтымақтастық орнату; 

4. Жастардың ғылыми әлеуетін дамыту, ғылыми кадрлар даярлау және біліктілікті арттыру бағдарламаларын жүзеге асыру. 

«ЭКОЛОГИЯ, БИО ЖӘНЕ НАНОТЕХНОЛОГИЯ»

ғылыми-зерттеу институтының құрамы:

 

1. «Биология, геоэкология және  құрғақшылықтағы шөп өндірісі» ғылыми орталығы  Жетекшісі: ауыл шаруашылық ғылымдарының докторы, профессор Мухамбетов Болат;

2. «Биотехнология» ғылыми-зерттеу зертханасы  Меңгерушісі: биология ғылымдарының докторы, профессор Сағындықова Софья Зұлхарнайқызы;

3. «Каспий» қоршаған ортаны кешенді зерттеу және мониторинг зертханасы Меңгерушісі: экология  ғылымдарының  магистрі Жуматова Гульшат Габитовна.

 

 

«Биология, геоэкология және құрғақшылықтағы шөп өндірісі» ғылыми орталығы
«Биотехнология» орталығы
«Каспий» қоршаған ортаны кешенді зерттеу және мониторинг зертханасы