Шаяхметова Жанна Бекполовна

"ЖОО үздік оқытушысы-2020"
Заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор
1981 жылы Атырау (Гурьев) қаласы №11 Ы.Алтынсарин атындағы мектепті, 1986 жылы Гурьев педагогикалық институтының “Тарих, қоғамтану және совет мемлекеті мен правосы” мамандығын ойдағыдай аяқтап, жолдамамен Маңғыстау облысы Жаңа Өзен қаласы №3 кәсіптік-техникалық училищесіне жұмысқа жіберілген. 1988 жылы Атырау қаласы № 5 кәсіптік-техникалық училищесінде еңбек етті. 1990 жылы Гурьев педагогикалық институтының “КПСС тарихы” кафедрасында, 1991 жылы “СССР тарихы және құқықты оқыту методикасы” кафедрасына оқытушы болды. 1993 жылы КазГУ заң факультетінің «Қылмыстық құқық» кафедрасына ізденуші болып қабылданып, 1994 жылы “Жасы кәмелетке толмағандардың қылмыстылығының себептері” атты кандидаттық диссертациясын КазГУ арнаулы кеңесінде қорғап шықты. 1994 жылы “Құқықтану” мамандығы ашылуына байланысты “Құқықтану және құқық тәрбие әдістемесі” кафедрасының меңгерушісі, 1996 жылы экономика факультетінде “Экономика және құқық негіздері” кафедрасының меңгерушісі, 2000-2001 жылдары заң факультетінің құрылуына байланысты “Арнаулы заң және кеден пәндері” кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1997 жылы Жоғары Аттестациялық кеңестің шешімімен доцент ғылыми атағы берілді. 1997-2000 жылдары Ғылым Академиясының Батыс Қазақстан аймақтық филиалында құқықтық институты директорының орынбасары, 2002-2006 жылдары Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің заң факультетінің деканы, 2006-2007жылдары Актөбе мемлекеттік педагогика институтында доцент, 2007-2013 жылдары Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті заң факультетінің «Азаматтық және қылмыстық құқық пәндері» кафедрасының меңгерушісі, 2013-2015 жылдары Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында кафедра меңгерушісі, 2015-2020 жылдары Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті заң факультеті «Қылмыстық құқық пәндері» кафедрасының меңгерушісі, 2020 жылдан осы кафедрасының профессоры қызметін атқаруда. «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» (2009 ж.), «Астана-20 жыл» мерекелік медалі (2018 ж.), ҚР-ның «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төс белгісі (2019 ж.), ҚР Парламент Сенаты Төрағасының, ҚР Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының Алғыс хаттарымен, “Қазақстан Конституциясына-25 жыл” (2023 ж.) мерекелік медалімен, университеттің «Халел Досмұхамедов» Алтын медалімен марапатталды. ҚР БжҒМ-нің шешімімен «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы-2020» атағының иегері.