Сагындыкова София Зулхарнаевна

"ЖОО үздік оқытушысы-2011"
Биология ғылымдарының докторы, профессор
1956 жылы 02 ақпанда Атырау (Гурьев) қаласында дүниеге келген. Атамбаев атындағы №8 орта мектепті үздік бітірген. Биология ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық ISESKO сыйлығының лауреаты, Халықаралық экология және өмір қауіпсіздігі Академиясының Академигі, Ресейдің жаратылыстану ғылымдары Академиясының Академигі. 1978 жылы Гурьев педагогикалық институтының биология және қосымша химия мұғалімі мамандығын үздік дипломмен бітірді. 1979-1984 жылдары Гурьев педагогикалық институтының «Медициналық дайындық және азаматтық қорғаныс», «Ботаника» кафедрасының оқытушысы, 1984-1989 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «Микробиология» кафедрасының аспиранты, 1994-1998 жылдары Қазақ қыздар педагогикалық институтының «Экология және зоология» кафедрасының доценті, 1989-2001 жылдары әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «Микробиология, биологияны оқыту әдістері» кафедраларының, аға оқытушысы, доценті, 2001 жылдан Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің оқу ісінің, оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры, ректор міндетін атқарушы. 2011 жылдан «Биология және ауыл шаруашылығы пәндері» кафедрасының профессоры, «Биотехнология» ғылыми зерттеу орталығының директоры. ҚР ҰҒА-ң Академигі, б.ғ.д. профессор М.Х. Шығаеваның жетекшілігімен “Ұнның құрамындағы сүт қышқылы бактерияларын зерттеу және оны нан пісіруде қолдану” тақырыбы бойынша 1990 жылы кандидаттық диссертациясын Алматы қаласы микробиология және вирусология ғылыми зерттеу институтында. 2005 жылы “Қазақстанның әртүрлі аймақтарының ферменттелген және ферменттелмеген өнімдеріндегі сүт қышқылы бактерияларының алуан түрлілігі (биологиялық белсенділігі мен практикалық маңызы)” тақырыбында докторлық диссертациясын Алматы қаласында қорғады. 300-ге жуық ғылыми еңбектері: (2 оқулық, 23 оқу, оқу әдістемелік, электрондық оқу құралдары, 5 монография, 16 ҚР-ның алдын-ала, инновациялық патенттер және пайдалы модельге патентке ие болды, 5-уі авторлық кепілдеме, 1- Евразиялық патентке (халықаралық). 2024 жылы бір патентке тапсырыс берілді. 6 скопус журналында, ЖАК–қа енгізілген басылымдарда, халықаралық конференцияларда ғылыми мақалалар жарияланған. ҚР БжҒМ-нің Құрмет грамотасымен(2005ж.),Халықаралық ISESKO сыйлығының лауреаты тізіміне енді (2006 ж.), ISESCO-ның бас жүлдесі – алтын медаль, ақшалай сыйлықпен марапатталды (Кувейт қаласында). ҚР БжҒМ-нің ғылым және техниканың дамуына қосқан үлесі үшін мемлекеттік ғылыми стипендияға ие болды (2006ж.). ҚР БжҒМ-нің «Ғылымның дамуына қосқан үлесі үшін» (2007 ж.), «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» (2008 ж.), «Ы. Алтынсарин» (2011ж.) төс белгілерімен марапатталды. «Жоғары оқу орнының Үздік оқытушысы-2011» конкурсының жеңімпазы. «Лучшие люди» энциклопедиясына енгізілді «Лучшие люди» Құрмет белгісімен марапатталды (2012ж.), «Успешные люди» Құрмет орденімен марапатталып, «Успешные люди» энциклопедиясына енгізілді (2013ж.). Ресей Жаратылыстану Академиясының «В.И.Вернадский» (2012ж.), «Н.И.Вавилов» (2013ж.) және «Альфред Нобель» (2013ж.), «За заслуги» (2017ж.) төс белгілерімен марапатталды. “100 қайраткер әйел”, «Ғылымға арналған өмір» («Жизнь в науке») және ISESKO ұйымының энциклопедияларына (2017ж.) енгізілді. ҚР БжҒМ-нің ғылым және техниканың дамуына үлес қосқаны үшін мемлекеттік ғылыми стипендияға екінші рет ие болды (2018ж.). Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеттінің «Х.Досмұхамедов» Алтын төс белгімен (2021ж.), ҚР Ғылым және Жоғары білім министрлігінің «Ғылым Үздігі» Құрмет дипломымен (2024 ж.), 2025 жылы Академик Нәйля Базанова атындағы белгімен марапатталған.