Университет

Мырзашева Айгуль Нармаганбетовна

26.11.2026 3
DSC08178

"ЖОО үздік оқытушысы-2020"
Техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор

1977 жылы Гурьев педагогика институты Физика-математика факультетінің «математика» мамандығын үздік дипломмен бітірген. Көп жылдар бойы  қала, аудан мектептерінде сабақ берген, комсомол ұйымының секретары, аудандық комсомол комитетінің пленум, бюро мүшесі, аудандық жас мұғалімдер кеңесінің төрайымы, кәсіподақ жұмыстарын атқарған. 1996 жылдан университеттің «Алгебра және геометрия», кейін «Математика және математиканы оқыту әдістемесі»  кафедрасында жұмыс жасап келеді. ҚР БжҒМ-нің Математика институтында 05.13.18-«Математикалық модельдеу, сандық әдістер және бағдарл. кешені» мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғаған, техника ғылымдарының кандидаты, профессор. 2019-2021 жылдары университеттің ғылыми-техникалық Кеңесінің, 2022-2024 жылдары Әль-Фараби атындағы ҚазҰУ базасындағы республикалық оқу-әдістемелік кеңесі «математика және статистика» секциясының мүшесі. Ол кафедрадағы ББ сәйкесті жүргізілетін пәндер бойынша дайындаған, бүгінде қолданыста жүрген 5 оқу-әдістемелік құрал, 2 монографияның (мат.мод.), 100-ден астам ғылыми мақаланың авторы, ҚР Ұлттық зияткерлік меншік институты тағайындаған 6 авторлық куәліктің иегері. ҚР БҒМ-нің бағдарламалары бойынша гранттық қаржыландыру негізінде жүргізілген ғылыми зерттеу жұмыстарының авторларының (3)  бірі. Әр жылдары Батыс аймақтық, Атырау облысы, қалалық білім беру мекемелерінде ұйымдастырылған ғылыми жоба, олимпиада, «математикалық регата» сайыстарында қазылар алқасының мүшесі, төрайымы болған. Назарбаев зияткерлік мектебінде математиканың арнайы курсын жүргізді. Оның жетекшілігімен орындалған 5 студент, 2 оқушының   ғылыми зерттеу жұмыстары республикалық және ІХ халықаралық конкурс байқауында жүлделі орындарға ие болды. «Ы.Алтынсарин», «Қазақстанның Құрметті профессоры» төсбелгілерімен марапатталған. «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы - 2020» мемлекеттік Грантының иегері.