2022

31.10.2025 262

28.01.2022

Директорлар кеңесінің 28.01.2022 күнгі шешіміне (№2 хаттама) сәйкес, «Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КеАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департамент директор орынбасары Әмірбекұлы Ержан сайланды.

16.05. 2022

«Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КеАҚ Директорлар Кеңесінің 2022 жылғы 16 мамырдағы №4 хаттамасының шешіміне сәйкес: «Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КеАҚ Басқарма мүшесі бас бухгалтер лауазымына Исмағамбетова Роза Жолдасқалиқызы сайланды

26.05.2022

«Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КеАҚ-нің Жалғыз акционердің 2022 жылғы 26 мамырда № 238 бұйрығымен «Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті" КеАҚ-ның 2021 жылға арналған жылдық қаржылық есептілігі бекітілді.

09.06.2022

Жалғыз акционердің 2022 жылғы 09 маусымды №68-ЖҢ бұйрығымен «Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КеАҚ Басқарма-мүшесі академиялық мәселелер бойынша проректор лауазымына Чукуров Асхат Ералыұлы тағайындалды

14.07.2022

Жалғыз акционердің 2022 жылғы 14 шілдегі № 325 бұйрығымен Есенғалиев Сатқан Ибрайұлының "Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті" КеАҚ Директорлар кеңесінің құрамындағы өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. "

04.10.2022

Жалғыз акционердің 2022 жылғы 4 қазандағы № 90 шешімімен «Х. Досмұхамедова атындағы Атырау университеті» КеАҚ Жарғысының 7-тармағына өзгеріс енгізіліп, мынадай редакцияда жазылсын: «Қоғамның акцияларының мемлекеттік пакетін 100% иелік ету және пайдалану құқығын жүзеге асыратын тиісті саланың уәкілетті органы Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі болып табылады"