Университет

Шаждекеева Нургуль Кыдырбаевна

26.11.2026 2
DSC08630

«ЖОО үздік оқытушысы - 2016» 

1960 жылы 17 Атырау (Гурьев) облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы (Ганюшкино) селосында . 1978 жылы М.Ломоносов атындағы орта мектепті, 1984 жылы Гурьев педагогикалық институтын математика және физика мамандығы бойынша бітірген. Еңбек  жолын Атырау қаласының орта мектептерінде (№22, №4) математика пәнінің мұғалімі  болып бастады. 1995 жылдан Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде «Математикалық анализ» кафедрасының аға оқытушысы болып жұмыс жасайды. 2011 жылы 05.13.18–Математикалық пішіндеу, сандық әдістер және бағдарламалар кешені» мамандығы бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де «Разработка методов восстановления фильтрационно-емкостных параметров эффективного пласта» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғап, физика-математика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алды. 80-нен астам мақаласы ғылыми-педагогикалық басылымдарда жарық көрді. 2 монография ағылшын тілде, 7 оқу-әдістемелік құралдың авторы, 7 авторлық куәлік алды. 2011 жылдан «Математика және математиканы оқыту әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі, 2015-2016 жылдары Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультетінің деканы, 2016 жылдан «Математика және математиканы оқыту әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі лауазымдарында еңбек етті. Қазақстан педагогикалық Академисының академигі (2023 ж.). 2024 жылы ҚР  ғылым және жоғары білім министрлігінің Білім және  жоғары білім саласында сапаны  қамтамасыз ету комитетінің шешімімен математика ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессор ғылыми атағы берілді. "Ы.Алтынсарин" (2010ж.), "А.Байтұрсынов" (2020ж.) төсбелгілерімен, ҚР БжҒМ-нің Құрмет грамотасымен, Алғыс хаттарымен (2018, 2020, 2022 жж.) марапатталған. «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы - 2016» мемлекеттік грантының иегері.