Курмангазиева Ляйля Таскалиевна

"ЖОО үздік оқытушы-2021"
Техника ғылымдарының кандидаты, профессор
1980 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор. Алматы қаласы «Қайнар» университетін бітірген. 2008 жылы ҚР БҒМ Математика институтында 05.13.18 – Математикалық модельдеу, сандық әдістер және бағдарламалық кешендер мамандығы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғады. 2021 жылы ҚР БҒМ 05.13.00 – Информатика, есептеу техникасы және басқару мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор ғылыми дәрежесі берілді. 2022 жылы «500 ғалым» жобасы аясында Ұлыбританияның Данди университетінде алты айлық ғылыми тағылымдамадан өткен. Еңбек жолын 2002 жылдан бастаған. 2002–2013 жылдары С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті «Ақпараттық компьютерлік жүйелер және автоматтандыру» кафедрасында оқытушы, аға оқытушы, доцент қызметтерін атқарған. 2013 жылдан Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде «Бағдарламалық инженерия» кафедрасының профессоры және кафедра меңгерушісі қызметін атқарып келеді. Ғылыми-зерттеу саласы – бұлтты есептеулер, ақылға қонымды басқару жүйелерінде, ақпараттық, компьютерлік, автоматтандырылған жүйелерде тұйық емес жиындар теориясы мен Data Science құралдарын қолдану. Халықаралық дәйексөз базаларына кіретін рейтингтік журналдарда ғылыми мақалалардың авторы. ҚР БжҒМ-нің Алғыс хатымен (2017 ж.), Құрмет грамотасымен (2022 ж.) марапатталған. «ЖОО-ның Үздік оқытушысы – 2021» атағының иегері.