Ғылым

Science-cafe екінші отырысы

23.02.2026 17

20 ақпан күні Атырау университеті ұйымдастыратын Science Cafe ғылыми отырысында Психология және педагогика кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD доктор Баянбаева Әйгерім Рақымғалиқызы “Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдарда эмпирикалық зерттеулер жүргізу және Scopus, Web of Science базаларына кіретін журналдарда мақалалар жариялау” тақырыбында ғылыми семинар өткізді. Әйгерім Рақымғалиқызы - “Болашақ” бағдарламасының түлегі, Ұлыбританиядағы Бристоль университетінің докторантурасын тәмамдаған. Ол Scopus және Web of Science базаларындағы Q1 жоғары импакт-факторлы журналдарда  мақалалар жариялаған әрі тұрақты рецензент болып табылады.

Семинар барысында эмпирикалық зерттеудің мәні мен кезеңдері, Scopus және Web of Science базаларындағы журналдардың мақала құрылымына қоятын талаптары, ақылы және ақысыз журналдарда мақала жариялау ерекшіліктері, сондай-ақ батыстық академиялық жазу талаптары кеңінен талқыланды. Семинар университеттің профессор-оқытушылар құрамына халықаралық деңгейде сапалы ғылыми зерттеу жүргізу мен жариялау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған пайдалы іс-шара болды.

file
file
file
file
file
file
file