2023

31.10.2025 22

09.02.2023

Жалғыз акционердің 2023 жылғы 9 ақпандағы № 45 шешімімен Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті КеАҚ Директорлар кеңесінің құзыреті мерзімінен бұрын тоқтатылды. Қоғамның директорлар кеңесінің сандық құрамы 6 (алты) адам болып 3 жыл мерзімге белгіленді.

22.02.2023

Директорлар кеңесінің 22.02.2023 күнгі шешіміне (№1 хаттама) сәйкес, «Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КеАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып директорлар Кеңесінің мүшесі - Мамраев Бейбіт Баймағамбетұлы сайланды

09.03.2023

Жалғыз акционердің 2023 жылғы 9 наурыздағы № 101 бұйрығымен «Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті" КЕАҚ Директорлар Кеңесінің Төрағасына 800 000 (сегіз жүз) мың теңге сомасында сыйақы төлеу мөлшері айқындалды
 

10.05.2023

«Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КеАҚ Директорлар кеңесінің 10.05.2023 жылғы шешімімен «Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КеАҚ Басқарма мүшесі – ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Айбульдинов Еламан Қанатұлының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

14.07.2023

«Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КеАҚ Директорлар кеңесінің 14.07.2023 жылғы № 5 хаттама шешімімен «Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КеАҚ Басқарма мүшесі – ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор қызметіне Өтепқалиева Қансулу Мұсақызы сайланды

25.07.2023

«Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КеАҚ-нің Жалғыз акционердің 2023 жылғы 25 шілдегі № 339 бұйрығымен «Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті" КеАҚ-ның 2022 жылға арналған жылдық қаржылық есептілігі бекітілді.