Университет

Шугаева Гулшат Конратовна

26.11.2026 3
fbef5020-3e1f-48ed-8972-c2a78f179a1f

"ЖОО үздік оқытушы-2021"
Педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор

1964 жылы 22 қарашада Атырау (Гурьев)  облысы, Балықшы ауданы, Балықшы поселкесінде дүниеге келген. Педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор. 1981 жылы Балықшы ауданы Абай атындағы орта мектебін, 2016 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетін бітірді. 1986-1989 жылдары Балықшы ауданының орта мектептерінде мұғалім қызметін атқарды. 1989 жылдан университеттің «Педагогика және психология» кафедрасында оқытушы, 1991-1993 жылдары Ғылыми кеңесінің хатшысы, 2005-2009 жылдары сырттай қысқартылып оқыту факультетінің декан орынбасары, 2014-2022 жылдары «Психология және арнайы білім беру» кафедрасының меңгеруші қызметтерін атқарды. 1990 жылы Мәскеу қаласы Педагогика ғылымдар Академиясы жанындағы Білім жетілдіру институты курсынан өтті. 1994-1997 жылдары университеттің  күндізгі оқу аспирантурасында оқыды.  2006 жылы 13.00.01-Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, этнопедагогика мамандығы бойынша «Қазақстанда ауылдық шағын жинақталған мектептердің дамуы (1930-1960 жж.)» атты кандидаттық диссертациясын қорғап, ҚР БжҒМ Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетінің 2006 жылғы шешімімен педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді. 60-ге жуық ғылыми мақалалары шетел журналдарында, республикалық, халықаралық конференциялар жинақтарында жарық көрді, 1оқулық, 2 оқу-әдістемелік құралы, 4 оқу құралы, 1 электронды оқулықтың авторы. «Жоба арқылы оқыту бойынша әдістемелік нұсқаулық» (әдеби туынды)  авторлық құқық объектісіне куәлігі бар. Simon Fraser университеті (Канада) Білім беру факультетінің PhD, профессоры Роберт Уильямсонның жетекшілігімен  «Ерекше білімді қажет ететін балаларға білім беру тәжірибесін бағдарлайтын салыстырмалы зерттеу» тақырыбында Канада-Иордания-Казахстан халықаралық жобасының зерттеу тобының  мүшесі. «Күрделі әлем үшін білім беру аспектісінде педагогтардың үздіксіз кәсіби даму жүйесін құру: парадигма, әдіснама, цифрлық құралдар» тақырыбындағы мақсатты бағдарламалық қаржыландыру гранттық жобасының, университетішілік жобаның мүшесі. «Білім беру саласының үздігі» (2017ж.), «Үздік ғылым қызметкері» (2020ж.)төсбелгілерімен, ҚР БжҒМ-нің Құрмет Грамотасымен (2021ж.), «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен (2024ж.) марапатталған. «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы-2021 жыл» атағының иегері.