Университет

Байтемирова Нургуль Бауыржановна

26.11.2026 0
DSC07491

"ЖОО үздік оқытушы-2021"
Педагогика ғылымдарының магистрі

1984 жылы 27 ақпанда Атырау (Гурьев)  облысы,  Құрманғазы ауданы, Ганюшкино ауылында дүниеге келген. Информатика мамандығы бойынша, сеньор-лектор. 2007 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Физика-математика факультетін Информатика мамандығы бойынша, 2014 жылы аталған университеттің магистратурасын Информатика мамандығы бойынша Педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесімен  аяқтады. Еңбек жолын 2007 жылы Атырау қаласы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті Физика-математика факультетінің «Компьютерлік және есептеу техникасы» кафедрасында оқытушы болып бастады. 2017-2020 жылдары Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультетінің оқу-тәрбие жұмыстарының декан орынбасары, 2022-2023 жылдары «Бағдарламалық инженерия» кафедрасының кафедра меңгерушісі  болды. 30-ға жуық мақала, оның ішінде Web of Science мен Scopus мәліметтер базаларында 4 ғылыми мақалалары, 7 авторлық куәлік, 2 оқу құралы жарық көрген. 2021 жылы ЖАОК moocs.kz Ұлттық ашық білім беру платформасында «Arduino микроконтроллер платасында бағдарламалау» курсын құрды. 2016 -2019 жылдары бірқатар халықаралық және республикалық олимпиадаларына студенттерді сапалы даярлағаны үшін Алғыс хаттарымен марапатталып, 2021 жылы ҚР БжҒМ-нің Құрмет грамотасының, ҚР БжҒМ-нің «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегері атанды.