Шамбилова Гульбаршин Кожахметовна

"Үздік оқытушы - 2019"
Химия ғылымдарының докторы, профессор
1962 жылы 1 қаңтарда Атырау (Гурьев) облысы, Теңіз ауданы, Ганюшкино селосында дүниеге келген. 1979 жылы Атырау қаласы №8 мектепті, 1985 жылы Гурьев пединститутының физика-математика факультетін, 2005 жылы Х.Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің экономика факультетін бітірген. Лениндік степендияның иегері. Химия ғылымдарының докторы (2010ж.), профессор (2016ж.). 1992-1993 жылдары Гурьев педагогикалық институтының «Математикалық талдау» кафедрасының оқытушысы, 1993-1994 жылдары аға оқытушысы, 1994-2000 жылдары «Алгебра және геометрия» кафедрасының аға оқытушысы, 2000-2001 жылдары кафедра меңгерушісі, доценті (2002-2003, 2006-2009 жж.), профессоры (2010-2011 жж), Ұлттық тестілеу орталығы Атырау филиалының директоры (2007-2011 жж), Ғылым және инновация департаментінің директоры (2014-2016 жж), «Химия және экология» кафедрасының профессоры (2016-2018 жж), Стратегия және талдауды іске асыру бөлімінің бастығы (2018-2019 жж), 2019 жылы Стратегиялық инновациалық және халықаралық даму департаментінің директоры болып қызмет атқарды. 2024 жылдан университетінің «Академиялық шеберлік орталығы» жобалық кеңсенің басшысы болып жұмыс істейді. Мәскеу қаласы «Пластмасса» ғылыми-өңдірістік орталығының жанындағы ғылыми-зерттеу институтының тағылым-зерттеушісі (1985-1987 жж.), аспиранты (1988-1991 жж.). А.В.Топчиев атындағы мұнай-химия ғылыми-зерттеу институтында ғылыми тәжірибеден өтті (2004-2005 жж.). Халықаралык (Ресей, Португалия, Испания, Англия, Греция, Италия т.б.) және республикалық конференцияларға қатысып, ғылыми баяндамалар жасаған, бірнеше оқу, оқу-әдістемелік құралдардың авторы, 50-ден астам ғылыми мақалалары жарық көрген. ҚР БжҒМ-нің «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен (2009 ж.), Ұлттық тестілеу орталығының Құрмет грамотасымен (2008 ж.) марапатталған. «ЖОО-ның үздік оқытушысы - 2019» республикалық байқауының жеңімпазы.