Университет

Куанбаева Баян Улжагалиевна

26.11.2026 3
DSC08140

"Үздік оқытушы-2019"

 Педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор

1969 жылы 15 қаңтарда Атырау (Гурьев)  облысы, Махамбет ауданы, Чкалов селосында дүниеге келген.  Педагогика ғылымдарының кандидаты (2004ж.). Қауымдастырылған профессор (2007ж.). 1992 жылы Е.Букетов атындағы Карағанды мемлекеттік университетінің «физик-оқытушы» мамандығын бітірген.1994 жылдан Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде оқытушы, аға оқытушы, 2005-2014 жылдары «Физика және техникалық пәндер» кафедрасының меңгерушісі, қауымдастырылған профессор, профессор м.а., 2025 жылдан профессор. Ғылыми-әдістемелік еңбектері - 178. Оның ішінде: 5-монография,  42-ғылыми мақала ҒЖБССҚК ұсынған ғылыми басылымда, 18-мақала Scopus,  Web of Science базасында, 10-оқу және электрондық құралдары жарық көрді. Ұлттық зияткерлік меншік институтынан 20- авторлық құқық алынды. Scopus базасы бойынша Хирш-индексі (H-ind) – 5. «Электр және магнетизм» курсы бойынша жаппай ашық онлайн курсын дайындады. Соңғы 5 жылда оның жетекшілігіммен студенттердің, магистранттардың республикалық, халықаралық ҒЗЖ конкурстарынан 5 білім алушы жеңімпаз атанды. Ғылыми жобаларды мемлекеттік гранттық қаржыландыру бойынша 1 жобаны аяқтап, ғылыми нәтижелерді коммерциализациялау бойынша ғылыми жоба жетекшісі(2024-2026жж.), екі жобаның орындаушысы ретінде жұмыстарын жалғастыруда. ҚР-ның білім және ғылым саласын дамуытуға қосқан елеулі үлесі, абыройлы еңбегі үшін ҚР БжҒМ-нің «ЖОО-Үздік оқытушысы-2019» гранты мен ғылыми стипендиясының иегері. "Ы.Алтынсарин" (2010ж.) «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» (2024 ж.).төсбелгілерімен, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің Құрмет грамотасымен (2023ж.)марапатталған.