Университет

Уталиева Райхан Сагитжановна

26.11.2026 3
DSC07261

"ЖОО үздік оқытушысы-2017"

Педагогика ғылымдарының кандидаты

1968 жылы 20 шілдеде Атырау (Гурьев) қаласында дүниеге келген. Педагогика ғылымдарының кандидаты (2006 ж.). Экономика және құқық факультетінің деканы. 1993 жылы Гурьев педагогикалық институтының тарих-филология факультетін орыс тілі және әдебиет пәндерінің мұғалімі мамандығы бойынша  бітірген. 1999 жылы Атырау мұнай және газ институтының экономика факультетін «кәсіпорындағы экономика және менеджмент» мамандығы бойынша аяқтады. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде 2000 жылдан бері қызмет атқарады. 2006 жылы «Формирование экономической культуры студентов в условиях вуза» атты тақырыпта кандидаттық диссертациясын қорғады. «Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуында шетелдік инвестицияның ролін талдау және бағалау»(2018 ж.),  «Казахстанско-европейское сотрудничество: торгово-экономический аспект»(2019 ж.) монографиялары жарық көрген. Халықаралық, республикалық конференцияларда баяндамалар жасап, шетелдік, республикалық басылымдарда 80-нен астам ғылыми мақалалары жарияланған. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Алғыс хатымен (2011 ж.), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен (2016 ж.) марапатталған. «ЖОО-ның үздік оқытушысы-2017» атағының иегері.