Койшигулова Ляйля Ербулатовна

«ЖОО үздік оқытушысы - 2016»
Педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор
1990 жылы Атырау педагогикалық институтын Орыс тіліңде оқытпайтын мектептерде орыс тілі мен орыс әдебиеті мұғалімі мамандығы бойынша бітірді, 2004 жылы 13.00.01. «Жалпы педагогика, этнопедагогика және білім беру тарихы» мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін қорғады. 2004-2005 жылдары магистратура және аспирантура бөлімінің меңгерушісі, 2011-2013 жылдары университеттің академиялық саясат департаменті, офис-тіркеуші бөлімінің басшысы, педагогика және психология факультетінің деканы болды. 2018 жылы педагогика мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор атағын алды. ҚР БжҒМ-нің «Жоғары оқу орнының Үздік оқытушысы-2016 жыл» грантының иегері. «Білім берудегі менеджмент» білім бағдарламасы бойынша 2015, 2017 жылдары Францияда, Португалияда шетелдік тағылымдамалардан өтті. 2013 жылдан бастап ҚР БжҒМ-нің аттестациялық комиссия құрамында жұмыс жасап, ҚР БжҒ Министрінің алғыс хатын иеленді. Канаданың Саймон Фрейзер университетімен бірлескен «Ерекше қажеттілігі бар балалардың білім беру тәжірибесін бағдарлайтын салыстырмалы зерттеу» тақырыбындағы халықаралық серіктестік жобаның мүшесі. Республикалық және халықаралық басылымдарда 70-тен астам мақаласы жарық көрген, 5 оқу-әдістемелік құралдың, 3 монографияның авторы. Екі авторлық куәліктің иесі. Жаңа технологияларды оқыту бойынша көптеген сертификаттарға ие болды. ҚР БжҒМ-нің Құрмет грамотасымен (2017 ж.), Атырау облыс әкімінің (2017ж., 2024ж.), университет ректорының (2004, 2011, 2015, 2017 жж.) Алғыс хаттарымен, ҚР БҒМ-нің «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен(2018ж.), «А.Байтұрсынов» алтын медалімен (2023 ж.), ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ғылымға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен (2024 ж.) марапатталған.