Ахметова Улжан Төлегенқызы

"ЖОО үздік оқытушысы-2014"
Тарих ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор
1967 жылы 20 ақпанда Атырау (Гурьев) облысы, Махамбет ауданы, Бейбарыс ауылында дүниеге келген. 1984 жылы Атырау облысы, Индер ауданы, Елтай ауылының онжылдық орта мектебін, 1989 жылы Гурьев педагогика институтының тарих-филология факультетін «тарих, қоғамтану және советтік право пәнінің мұғалімі» біліктілігімен бітірген. 1989 жылы Индер ауданы, Елтай ауылындағы орта мектепте тарих және қоғамтану пәнінің мұғалімі, және 1989-1997 жылдар аралығында оқу ағарту мекемелерінде мұғалімдік қызмет атқарды. 1997-1999 жылдары А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде «Отан тарихы» кафедрасы оқытушысы, 1998 жылдан аға оқытушысы қызметінде болды. 1999-2002 жылдары университет аспиранты, 2002 жылдан тарих ғылымдарының кандидаты. 2003–2011 жылдары Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «Қазақстан тарихы» кафедрасының аға оқытушысы, 2004-2005, 2007-2008 оқу жылдары «Қазақстан тарихы» кафедрасының аға ғылыми қызметкері, 2011 жылдан тарих ғылымдарының докторы, 2011- 2015 жылдары М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Қазақстан Республикасы тарихы» кафедрасының доценті, 2015-2017 жылдары «Мұнай және газ» институты жанындағы ғылыми орталықтың бас ғылыми қызметкері, 2017 жылдан бері Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті гуманитарлық ғылымдар және өнер факультетінің «Қазақстан және дүниежүзі тарихы» кафедрасынының профессоры. 2018 жылдан тарих мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор. Ол Ғылым Комитеті жариялаған конкурстық ғылыми гранттық 6 мемлекеттік ғылыми жобаның жетекшісі. 5 монография, 2 кітап, 2 оқу құралы, 2 электронды оқулық, 200-ден аса ғылыми мақалалар (8-і Scopus қорына енген жоғары импакт-факторлы ғылыми журналдарында жарық көрген) авторы. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ғылымға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен (2014 ж.), ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің Құрмет грамотасы және Алғыс хатымен (2024 ж.) марапатталған. «Жоғары оқу орнының Үздік оқытушысы-2014» мемлекеттік грантының иегері.