Университет

Ележанова Шынар Капаровна

26.11.2026 3

"ЖОО үздік оқытушысы-2008", "ЖОО үздік оқытушы-2021"

 физика-математика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор

ележенова

1971 жылы 18 ақпанда Атырау (Гурьев) облысы  Индер ауданы Есбол (Кулагино) ауылында дүниеге келген. 1988 жылы Кулагино ауылының Жамбыл атындағы орта мектебін,  1993 жылы Атырау педагогикалық институты  физика-математика факультетінің «Математика және информатика» мамандығын, 2011 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығын үздік бітірді. 1993-1994 жылдары Жамбыл орта мектебінде информатика мұғалімі, 1994-1995 жылдары Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті-нің «Информатика» кафедрасының оқытушысы, 1995-2001 жылдары «Электронды есептеу машинасы» лабораториясының меңгерушісі, 2001-2009 жылдары «Информатика» кафедрасының аға оқытушысы, 2009-2010 жылдары университеттің «НұрОтан» ХДП бастауыш партия ұйымының орынбасары, 2011-2012 жылдары Экономика факультетінің деканы, 2012-2017 жылдары «Ақпараттық жүйелер және есептеу техникасы» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, 2017-2019 жылдары «Бағдарламалық инженерия» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, 2019-2021 жылдары Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультетінің  стратегиялық даму және ғылыми жұмыстар бойынша декан орынбасары болды. 2001-2006 жылдары Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетінің «Математика» кафедрасының ізденушісі болып, «Топырақ орталарының жоғарғы қабатындағы тасымалдау және диффузиялау заттарының процестерін зерттеу» тақырыбында 2006 жылы Әль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Д14А02.15 диссертациялық кеңесінде физика-математика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертациясын қорғады.  2009 жылы Атырау мемлекеттік университетінің «Доцент» академиялық атағы, ҚР БжҒМ  «ЖОО-ның Үздік оқытушысы»-2008» атағы, 2021 жылы ҚР БжҒМ «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағы, 2025 жылы ҚР БжҒМ-нің Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің шешімімен «қауымдастырылған профессор (доцент)» ғылыми атағы  берілді. 2022 жылы «Болашақ» халықаралық стипендиясы  «500 Ғалым» бағдарламасымен Линкольн университетінде (Ұлыбритания) тағылымдамадан өтті. 120-дан аса ғылыми мақалалардың, оның ішінде Web of Science мен Scopus мәліметтер базаларында 15 ғылыми мақалалар, 3 монография, 3 оқу құралының авторы.  5 авторлық куәліктің иегері. Атырау облыстық Ардагерлер кеңесінің «Хиуаз Доспанова» медалімен (2024 ж.), ҚР ғылым және жоғары білім министрінің «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен (2024 ж.). марапатталған.