Ғылым

«Биотехнология» орталығы

14.04.2026 19

Негізгі функциялары

Биология ғылымдары саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;

Ғылым мен техниканың негізгі басымдықтары бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу;
Биология және биотехнология саласындағы халықаралық, мемлекеттік, салалық және өңірлік зерттеу жобалары мен бағдарламаларына қатысу;
Отандық және шетелдік серіктестермен бірлесіп, қызметкерлердің ғылыми-кәсіби деңгейін арттыруды ұйымдастыру;
Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарының рұқсаты негізінде  зерттеу жұмыстарын жүргізу.

Негізгі міндеттері

Табиғи микроорганизмдер арасынан пробиотиктердің ең перспективалы штаммдарын зерттеу;

Сапалық тұрғыдан жаңа негіздегі жаңа пробиотиктерді әзірлеу бойынша зерттеулер жүргізу;
Тамақ өнеркәсібінде пайдалану үшін табиғи штаммдарды және мал шаруашылығы үшін жаңа пробиотиктерді алу;
Сүт қышқылды өнімдер өндірісі үшін ашытқылар жасау;
Сүт қышқылды бактерияларды қышқыл түзуші және антибиотикалық белсенділігі бойынша селекциялау;
Таңдалған негізгі дақылдардың микроорганизмдері негізінде микроорганизмдер коллекциясын құру;
Магистранттар мен студенттерді зерттеу қызметіне тарту үшін жағдай жасау;
Студенттердің, магистранттардың және мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарына ғылыми-практикалық сүйемелдеу жасау;
Қазақстандық және шетелдік биотехнологиялық зерттеу орталықтарымен өзара іс-қимыл жасау;
Орталық аумағында ғылыми-практикалық конференциялар, семинарлар және басқа да іс-шаралар өткізу;
Сапалы, бәсекеге қабілетті өнім өндіруді қамтамасыз етуге бағытталған микроорганизмдер селекциясының практикалық мәселелерін шешу үшін биотехнология саласында іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу.
   

«Биотехнология» ғылыми-зерттеу зертханасының меңгерушісі

 Биология ғылымдарының докторы, профессор Сағындықова Софья Зұлхарнайқызы