Science Café жиырма бірінші отырысы
Құрметті достар, сіздерді Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің "Science Cafe" аясында өтетін ғылымға, өзекті ғылыми зерттеулердің жаңа нәтижелері мен өнертабыстарына, сондай-ақ, жаңа технологияларға қызығушылық танытатын ғалымдар, жас мамандар, магистранттар мен студенттердің бейресми қарым-қатынасына арналған пікірталас алаңына шақырамыз. Кездесуге шақырылған спикерлер – Clarivate компаниясының ресми өкілі, ғылымиметрия бойынша сарапшы Кенжина Инеш, "Мемлекет тарихы институты" РММ ГНС Сәбитов Жақсылық және Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің постдокторанты Козловский Артем. Кездесудің тақырыбы, күні мен уақыты мәзірде көрсетілген.
Кездесуге Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің «Жас ғалымдар» кеңесі мүшелері оффлайн қатысуы міндетті және барлық ниет білдірушілер онлайн ZOOM форматында қатыса алады.
Өзекті ғылыми зерттеулердің жаңа нәтижелері мен өнертабыстарына, сондай-ақ, жаңа технологияларға қызығушылық танытатын ғалымдар, жас мамандар, магистранттар мен студенттердің бейресми қарым-қатынасына арналған пікірталас өтті
Официальный Интернет-ресурс НАО «АУ им.Х. Досмухамедова»
2021 жылдың 14 мамыр күні Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде Сайнс кафе шеңберінде кезекті отырысы өтті. Кездесуге арнайы қонақтар: Кенжина Инеш - Clarivate компаниясының Орталық Азия өңірі елдеріндегі ресми өкілі, ғылымиметрия бойынша сарапшы, PhD; Жақсылық Сәбитов - ҚР БҒМ ҒК "Мемлекет тарихы институты" РММ бас ғылыми қызметкері, PhD; Козловский Артем- Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің постдокторанты, PhD шақырылып өздерінің ауқымды баяндамаларымен бөлісті. Аталмыш жиынға Ғылым департаменті қызметкерлері мен Атырау университетінің жас ғалымдар кеңесі және барша ниет білдірушілер Zoom форматы арқылы онлайн қатысты. Кездесу барысында қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарына жауап алды.