Ғылым

Қоғамдық келісімді дамыту институты

20.11.2026 11

Ғылым департаментінің Қоғамдық келісімді дамыту институты Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде 2015 жылғы 3 ақпанда құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы институтының қайта құрылуы негізінде өз қызметін жалғастыруда. Институт Қазақстан Республикасының «Қазақстан Халық Кеңесі туралы» Конституциялық заңының (https://www.akorda.kz/kz/kazakstan-halyk-kenesi-turaly-955250) мақсаттары мен міндеттеріне, қоғамдық келісімді, жалпыұлттық бірлік пен ынтымақты нығайту қағидаттарына сәйкес жұмыс жүргізеді.

1. Мақсаты

Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің Қазақстандық моделін нығайтуға ғылыми, сараптамалық, білім беру және қоғамдық-әлеуметтік жобалар арқылы жасалатын бастамаларды жүзеге асыру. Институт университеттің ғылыми, білім беру және қоғамдық әлеуетін пайдалана отырып, қоғамдық келісім идеяларын білім алушылар, ғалымдар және қоғам арасында ілгерілетуге бағытталған.

  1. Міндеттері
    1. Этносаралық келісімді сақтау және нығайту.
    2. Жалпыұлттық бірлікті күшейту.
    3. Ішкі және сыртқы коммуникацияны дамыту.
    4. Алдын алу және медиациялық тетіктерді жетілдіру.
    5. Жастар арасында бірлік мәдениетін қалыптастыру.
    6. Этномәдени мұраны сақтау.
    7. Ғылыми-сараптамалық әлеуетті арттыру.

3. Негізгі бағыттар мен іс-шаралар

3.1 Қоғамдық келісім: форумдар, мониторинг, диалог алаңдары.
3.2 Этномәдени бірлестіктерді қолдау: фестивальдер, гранттар.
3.3 Жастар саясаты: шетелдік студенттерді қолдау бағдарламалары, лагерлер, клубтар, конференциялар.
3.4 Медиативтік жұмыс: медиаторларды оқыту, медиация кабинеттері.
3.5 Ғылыми қызмет: зерттеулер, сараптамалық жиындар.
3.6 Мемлекеттік тіл: курстар, акциялар.
3.7 Ақпараттық жұмыс: медиа-контент, онлайн жобалар.

PhD, Қарлығаш Маштайқызы Аширханова

Қоғамдық келісімді дамыту институтының директоры

k.ashirkhanova@asu.edu.kz, +77013400303