Ғылым

«Биология, геоэкология және құрғақшылықтағы шөп өндірісі» ғылыми орталығы

14.04.2026 21

Негізгі міндеттері

 

Биология, геоэкология және аридтік мал азығын өндіру саласында іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу;
Республикада ауыл шаруашылығын дамыту мен оның тиімділігін арттырудың маңызды мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоғары деңгейде үйлестіру және ғылыми әзірлемелерді ауыл шаруашылығы өндірісіне енгізу;
Жер және су ресурстарын ұтымды пайдалану, суармалы және тәлімді (богарлы) жерлердің, шөл, шөлейтті аймақтар мен жайылымдардың құнарлылығы мен пайдалану тиімділігін арттыру бойынша ғылыми-әдістемелік негіздер мен практикалық ұсынымдар әзірлеу;
Ауыл шаруашылығы дақылдарының селекциясы мен тұқым шаруашылығы саласындағы ғылыми зерттеулердің ауқымын кеңейту және сапасын арттыру, селекциялық жетістіктерді сынақтан өткізу;
Жердің мелиоративтік жағдайын жақсарту және құнарлылығын арттыру, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің қарқынды агротехнологияларын енгізу, өндіріс шығындарын азайту және тиімділікті арттыру мәселелері бойынша «жол карталарын» жүйелі түрде әзірлеу;
Республиканың ғылыми-зерттеу институттарымен және жоғары оқу орындарымен ғылыми-зерттеу қызметін үйлестіру;
Ғылыми жұмысқа студенттерді, магистранттарды, докторанттарды тарту, биология, геоэкология және аридтік мал азығын өндіру негізінде жоғары білікті мамандар мен кадрларды даярлауға қатысу.

Негізгі функциялар

 

Аридтік мал азығын өндіру бойынша озық агротехнологияларды, жоғары өнімді әрі сенімді ауыл шаруашылығы машиналары мен механизмдерінің жаңа буынын жасау және енгізу;
Топырақ құнарлылығын қалпына келтіру мен арттыруды (орташа және күшті тұзданған жерлерде) ескере отырып, ауыспалы егіс схемаларын әзірлеуге қатысу;
Бұрыннан суарылатын жерлердің мелиоративтік жағдайын жақсартудың және жаңа жерлерді игерудің ғылыми негіздерін әзірлеу, жерді жақсартудың прогрессивті әдістерін енгізу;
Орталықтың ғылыми еңбектерін басып шығару, ғылыми білімді тарату;
Биология, геоэкология және аридтік мал азығын өндіру бойынша облыс пен республика деңгейіндегі ғылыми зерттеулер мен инновациялық жобаларды үйлестіру;
Өз мекемелерінің күшімен агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың маңызды бағыттары бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулердің жобалары мен бағдарламаларын әзірлеу;
Орталықтың ғылыми-техникалық әлеуетін дамыту және ғылымның материалдық базасын нығайту бойынша ұсыныстар дайындау;
Аридтік мал азықтық өсімдіктердің бастапқы тұқым шаруашылығын қамтамасыз ету;
Шаруашылық келісімшарттар негізінде ғылыми зерттеулерді орындау;
Орталық ғылымды, білімді және өндірісті бір арнаға тоғыстыратын, олардың арасындағы нақты байланысты жүзеге асыратын интеграциялық орын болып табылады. Бұл байланыс далалық эксперименттер жүргізу және жаңа технологияларды жасауға негіз болатын жаңа білім алу арқылы жүзеге асады;
Орталықта «Дала күндерін», семинарлар мен конференцияларды ұйымдастыру арқылы жұртшылық пен ғылыми сарапшыларды үздік ғылыми-техникалық жетістіктермен таныстыру. Олардың қорытындысы бойынша техника үлгілерін жасау және өндіріске енгізу үшін тиісті органдарға берілетін ғылыми-техникалық әзірлемелердің тізбесі жасалады;
Зерттеу нәтижелерін патенттер, өнертабыстар алуға және селекциялық жетістіктер туралы куәліктер алуға өтінім ретінде ресімдеу;
Жаңа білім алуға ықпал ететін далалық ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізінде еңбек нарығына бағытталған жаңа ғылыми-білім беру бағдарламасын әзірлеу;
Орталықта алынған жаңа білімдер негізінде оқу пәндерін жаңарту;
Халықаралық және қазақстандық серіктестермен бірлескен зерттеулер жүргізу;
Биология, геоэкология және аридтік мал азығын өндіру саласындағы мамандарды даярлаудың деңгейі мен сапасын арттыру.
     

 

«Биология, геоэкология және  құрғақшылықтағы шөп өндірісі» ғылыми орталығының жетекшісі Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Мухамбетов Болат