Ғылым

Science-Cafe үшінші отырысы

27.02.2026 22

2026 жылдың  26 ақпан күні сағ: 15.30 да, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Ғылым департаментінің ұйымдастыруымен Science Cafe ғылыми отырысында Экономика кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD  Мугауина Райхан Улжагалиқызы мен магистр, сеньор-лектор Мейрамгул Діңғазиева Дүзелбаеваның “Мүмкіндігі  шектеулі адамдардың еңбек нарығына және жоғары білім беру үдерісіне  интеграциялау” атты тақырыбында  зерттеу жұмысының жүру барысы туралы шара өткізілді. Бұл  аталған тақырып аясы   екі құрылымдық бағытта зерттелуде.

1-ші. Аймақ шеңберіңде “Мүмкіндігі  шектеулі адамдардың еңбек нарығына және жоғары білім беру үдерісіне  интеграциялау” бағыты Атырау облысы бойынша қауымдастырылған профессоры, PhD Р.У. Мугауина зерттеу жұмыстарын таныстырды, 2-ші бағыты “Мүмкіндігі  шектеулі адамдардың еңбек нарығына және жоғары білім беру үдерісіне  интеграциялау” білім беру жүйесіндегі оның ішінде Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті мысалында магистр, сеньор- лектор Мейрамгул Діңғазиева Дүзелбаева баяндады.

Қазіргі таңда  мүмкіндігі шектеулі адамдардың жоғары білім беру үдерісі мен еңбек нарығына интеграциялануын кешенді түрде зерттеу – теориялық және практикалық тұрғыдан өзекті мәселе екендігін,  инклюзивті білім беру мен еңбек саясатының өзара байланысын талдау олардың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін тиімді пайдалануға, адами капитал сапасын арттыруға және қоғамның тұрақты дамуына ықпал ететіндігі айтылды.

Зерттеу жұмысы мүмкіндігі шектеулі адамдардың білім алу және еңбекке араласу тетіктерін жүйелі түрде қарастырып, институционалдық кедергілерді анықтауға және инклюзивті саясатты жетілдіруге негіз болуда.

file
file
file
file
file
file
file