Media Image
19.12.2025 117

Хабарландыру!

2024-2025 оқу жылының KPI нәтижесін хабарлаймыз!
Досмұхамедұлы Университеті профессор – оқытушыларының білім беру, ғылыми және әлеуметтік - ағартушылық қызметін жетілдіру,  белсенділігін арттыру, ынталандыру, атқарған жұмыстың орындалу динамикасын көру мақсатында KPI (негізгі тиімділік көрсеткіштері) жобасы жыл сайын жүзеге асырылып келеді.

    Жалпы университет бойынша биылғы KPI бағдарламасына 201 профессор-оқытушылар, 3 декан мен 14 кафедра меңгерушілері қатысты.

Алғашқы 5 үздік профессор оқытушыларымызды атап өтейік:

1.    Куанбаева Баян Улжагалиевна - «Физика және техникалық пәндер» кафедрасының профессоры;
2.    Абыканова Бакытгүл Толыбекқызы - «Физика және техникалық пәндер» кафедрасының профессоры; 
3.    Жүсіпқалиева Ғалия Қайдарқызы - «Физика және техникалық пәндер» кафедрасының қауымдастырылған профессоры; 
4.    Адиетова Эльмира Мизамгалиевна - «Экономика» кафедрасының қауымдастырылған профессоры;
5.    Сабирова Рысты Куандиковна - «Экономика» кафедрасының  профессоры;

    Декандар арасынан ең жоғары нәтиже «Көптілді білім беру» факультетінің деканы Амангазиева Меруерт Кусаиновна.
    Ал университеттің кафедра меңгерушілерінен «Информатика» кафедрасының меңгерушісі Багитова Каламкас Багитовна ең үздік нәтиже көрсетті.
    Жылдан-жылға қатысушылар үлесі артып келеді. Жоғары нәтижеге қол жеткізген әріптестер KPI жүйесі Ережесіне сәйкес сыйақыға ие болды.  
    Әріптестерді жетістіктерімен құттықтап, еңбекте толағай табыстарға, мақсатта биік шыңдарға жете берулеріне тілектеспіз.