Университет тарихы

26.11.2025 150

ХАЛЕЛ ДОСМҰХАМЕДҰЛЫ АТЫНДАҒЫ АТЫРАУ УНИВЕРСИТЕТІ

1939 жылғы 13 қазанда Қазақ КСР Халық Комиссарлар Кеңесінің Гурьев қаласында екі жылдық мұғалімдер институтын ашу туралы «Гурьев облысының шаруашылық және мәдени құрылысын дамыту жөніндегі іс-шаралар туралы» № 720 қаулысы жарық көрді. 1940 жылдың қыркүйек айының 1-нен бастап Гурьев мемлекеттік мұғалімдер институты жұмыс істей бастады.  Институтқа 123 студент қабылданды. Гурьев мемлекеттік оқытушылар институтының тұңғыш директоры – Алматы мал дәрігерлік техникумының жұмысшы факультетін (1928-1931 жж.), 1931-1932 жылдары Ташкенттің жоспарлау-экономика институтын (1931-1932 жж.), Г. М. Кржижановский атындағы мемлекеттік экономика институтын (Москва қ., 1937 ж.) бітірген, тарих ғылымдарының докторы (1957), профессор (1958), Қазақ КСР ғылымына еңбегі сіңген қайраткер Әбді Бошынұлы Тұрсынбаев.  

1950 жылы 14 маусымда Гурьев облыстық атқару комитеті КСРО Министрлер Кеңесі мен Қазақ КСР-ы Министрлер Кеңесінің қаулысы негізінде «Гурьев қаласында мұғалімдер институтын ашу туралы» шешім қабылдады. Гурьев қаласында мұғалімдер институтын ашу туралы КСРО Жоғары білім министрлігінің 1950 жылдың 28 маусымда № 115/Т бұйрығы шықты.

1955 жылы мұғалімдер институты педагогикалық институт болып қайта құрылды.

1994 жылдың 23 мамырындағы Министрлер Кабинетінің шешімімен Атырау педагогикалық институтына ғұлама ғалым, профессор Халел Досмұхамедұлының есiмі берілді.

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылдың 2 маусымындағы қаулысымен институт Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті болып құрылды.

1996 жылы университет құрамына Атырау мұнай және газ институты қосылып, 1998 жылы Атырау мұнай және газ институты қайтадан бөлініп шықты.

1999 жылы «Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау мемлекеттік университеті» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып құрылды.

2020 жылдан бастап «Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы болып қайта құрылды.

2025 жылы университеттің құрылғанына 85 жыл толды.

Университет 1940 жылдарда

Университет 1950 жылдарда

Университет 1960 жылдарда

Университет 1970 жылдарда

Университет 1980-1990 жылдардың басында

Университет Тәуелсіздік жылдарында