Артқа
Мұханова Айнұр Тұрланқызы

Мұханова Айнұр Тұрланқызы

педагогика ғылымдарының магистрі, сеньор-лектор

Өмірбаян

Мұханова Айнұр Тұрланқызы — Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің «Бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасының сеньор-лекторы, педагогика ғылымдарының магистрі, Еуразия дизайнерлер одағының мүшесі. 1978 жылы 7 желтоқсанда дүниеге келген. 1995–2000 жылдары М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде «Тігін бұйымдарының технологиясы» мамандығы бойынша білім алып, инженер-технолог біліктілігін иеленді. Кейін 2012–2014 жылдары Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы бойынша жоғары білімін толықтырды. 2014–2016 жылдары осы университетте «Педагогика және психология» мамандығы бойынша магистратураны тәмамдап, педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесін алды. Еңбек жолы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетімен тығыз байланысты. 2005 жылдан бастап «Бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасында аға оқытушы ретінде қызмет атқарып келеді. 2021–2024 жылдары М.Жұмабаев атындағы орта мектепте көркем еңбек пәнінің мұғалімі ретінде қосымша педагогикалық қызмет атқарды. Көпжылдық тәжірибесі барысында көркем білім беру, еңбекке баулу, сәндік-қолданбалы бағыт және педагогикалық шеберлікті ұштастырған маман ретінде танылды. Кәсіби біліктілігін жүйелі түрде жетілдіріп отырады. Ол «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» педагогикалық шеберлік орталығы, Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Ақдениз университеті, Хяме қолданбалы ғылымдар университеті және өзге де білім беру ұйымдары ұйымдастырған курстарға қатысқан. Біліктілікті арттыру бағыттары қатарында жаңартылған білім беру мазмұны, инновациялық педагогикалық технологиялар, рефлексивті ойлау, академиялық кескіндеме мен сурет, Adobe Photoshop және SketchUp бағдарламалары, күрделі тоқыма дизайны, инклюзивті білім беру, көркем білім беру мен дизайндағы заманауи мәселелер, педагогикалық білім моделін енгізу және кәсіби қызмет сапасын арттыру мәселелері бар. Сонымен бірге «Сарайшық – бабалар мұрасы» жобасы аясындағы мүсін және кескіндеме шеберлік сыныптарына қатысқан. Ғылыми-әдістемелік және кәсіби қызығушылықтары көркем еңбек пәнін оқыту, жаңартылған білім беру бағдарламасы, ұлттық тәрбие, сыни ойлау, мектеп жұмысын педагогикалық жоспарлау және компьютерлік технологиялардың өнердегі орны секілді мәселелермен байланысты. Оның осы бағыттағы баяндамалары мен мақалалары республикалық және халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялар материалдарында жарияланған. Айнұр Тұрланқызының кәсіби және қоғамдық белсенділігі түрлі марапаттармен бағаланған. 2024 жылы «Сарайшық – бабалар мұрасы» жобасын ұйымдастыруға қолдау көрсеткені үшін Алғыс хатпен марапатталды. 2025 жылы еліміздің жоғары білім жүйесінің дамуына қосқан үлесі, жастарға сапалы білім мен саналы тәрбие беріп, білікті жас мамандар даярлаудағы еңбегі үшін Алғыс хатқа ие болды.