Артқа
Сапанов Сайпулла Жумабаевич
Тарих ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор.
Өмірбаян
1962 жылы 6 қазан айында, Гурьев қаласы, Балықшы ауданында, мұғалімдер отбасында өмірге келді.
1980 жылы Гурьев қаласы Балықшы ауданындағы Абай атындағы орта мектепті бітіріп, еңбек жолын Балалар мен жас өспірімдерге арналған спорт мектебінде (ДЮСШ) бастады.
1981 жылы Гурьев педагогикалық институтының тарих факультетіне оқуға түсіп, оқуын С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде жалғастырды.
С.Ж. Сапанов 1985-1987 жж. Кеңес армиясы қатарындағы борышын өтеп келгеннен кейін, 1989 жылы оқуын үздік аяқтап, Гурьев педагогикалық институтына мұғалім болып қабылданады.
1991 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің жалпы тарих кафедрасының аспирантурасына түседі.
1992 жылы ҚазМУ-дің тарих факультетіне мұғалімдік жұмысқа қабылданады.
С.Ж. Сапанов 1995 жылы саясаттану мамандығы бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Ғылыми Кеңесінде «Қазақстандағы саяси сананың қалыптасуы мен дамуы» атты кандидаттық диссертациясын 230002 мамандығы бойынша ойдағыдай қорғап шығады.
1992-2003 жж. аралығында С.Ж. Сапанов әл-Фараби атындағы ҚазҰУ –нің халықаралық қатынастар факультетінде аға оқытушы, доцент қызметінде болды.
2003-2005 жж. ол Л.Н. Гумилев атындағы Евразиялық ұлттық университенінің халықаралық қатынастар факультетінің доценті болып қызмет атқарды.
2005-2012 жж. С.Ж. Сапанов әл-Фараби атындағы халықаралық қатынастар факультетіде доцент, кафедра профессоры қызметінде болды. 2009-2010 жж. халықаралық қатынастар кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды.
С.Ж. Сапанов 2012-2014 жж. Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТ университетінің халықаралық қатынастар кафедрасының меңгерушісі, професоры қызметінде болды. С.Ж. Сапанов 1995-1996 және 1999- 2000 жж. аралығында Францияның Ренн университетінің «Саяси және әкімшілік зерттеу орталығында», 2000 ж. МГИМО, 2014 ж. РФ Африка Институтында ғылыми тәжірибесін жетілдірді.
С.Ж. Сапанов 2009 жылы ҚазҰУ-нің Ғылыми Кеңесінде «Европалық интеграция жағдайындағы Францияның саяси жүйесінің даму тарихы» атты тақырыпта 07.00.15 халықаралық қатынастар және сыртқы саясат мамандығы бойынша докторлық диссертациясын қорғап шықты.
Сапанов Сайпулла Жұмабайұлы ғылыми-педагогикалық жұмыстарды да жоғары ұйымшылдықпен жүргізеді. Халықаралық қатынастар мамандар даярлау барысында Азия және Африка елдері тарихы, халықаралық қатынастар, Қытайдың энергетикалық сасяаты, Қазақстан-Қытай қатынастары және Орталық Азиядағы халқаралық қатынастар бойынша бірнеше негізгі және арнаулы курстарды әзірлеп, оқулық, типтік бағдарламаларды баспадан шығарды. Халықаралық қатынастар және Азия және Африка мамандығы бойынша университеттік оқу бағдарламасына арналған Мемлекеттік оқу стандартының авторы. Университет студенттері үшін оқулықтар әзірлеген.
С.Ж. Сапанов Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты, саясаттану және халықаралық қатынастар мамандығы бойынша халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда бірнеше баяндамалар жасаған. Оның мақалалары Франция, Канада, Германия, Румыния, Украина, РФ, Иран Ислам Республикасы, Қырғызстан ғылыми басылымдарында жарық көрген.
С.Ж. Сапанов өзінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын да ұстаздық және қоғамдық қызметімен қатар ұштастырып дамытып келеді. Ол 26 ғылыми монографияның және 300-жуық ғылыми мақалалар, оқулықтар мен оқу-әдістемелік еңбектердің авторы. Оның жетекшілігімен халықаралық қатынастар мамандығы бойынша 1 PhD диссертация қорғалды.
С.Ж. Сапанов 2018 жылдан бастап КеАҚ Х. Досмухамедов атындағы Атырау университеті жанындағы «Х. Табылдиев атындағы Каспий өңірінің тарихы, археологиясы және этнологиясы ғылыми-зерттеу Институтының» Директоры болып қызмет атқарады. Ғылыми қызығулар: Қазақстан тарихы, өлке тарихы, саяси қуғын-сүргін.