Артқа
Молдашева Самал Казиханқызы

Молдашева Самал Казиханқызы

Аға оқытушы, магистр

Өмірбаян

Гуманитарлық ғылымдар магистрі, Қазақстан және дүниежүзі тарихы кафедрасының аға оқытушысы, Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің докторанты. Атырау қаласындағы №19 Қ.Сәтбаев атындағы мектеп-гимназияны аяқтады (1998 ж.) 1998 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің тарих-филология факультетіне түсіп, 2003 жылы тарих және география пәнінің мұғалімі деген біліктілік алды. №1 М.Жұмабаев атындағы мектепте география және экология пәнінің мұғалімі (2003-2004 жж). Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінде ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі (2004-2016 жж.), Атырау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ғылыми-сараптама бөлімінің ғылыми-сарапшысы (2016-2017 жж.) лауазымдарын атқарды. Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде 2017 жылдан бері қызмет атқарады. Гуманитарлық ғылымдар және шетел тілдер факультетінің әдіскер лауазымы, 2019 жылы Гуманитарлық ғылымдар және өнер факультетінің Қазақтан және дүниежүзі тарихы кафедрасында оқытушысы, 2020-2021 жылдары Гуманитарлық ғылымдар және өнер факультетінің, стратегиялық даму және ғылыми жұмыстар жөніндегі декан орынбасары, 2022 жылы аға оқытушы, 2024 ж. сеньор-лектор лауазымын атқарады. 2017 жылы Қазақстан Халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен өткен Қоғамдық келісім мен жалпыұлтттық бірліктің қазақстандық үлгісіне арналған үздік ғылыми жоба конкурсына қатысып, «Мемлекеттік басқару жүйесіндегі этносаясат: Қазақстан Республикасының тәжірибесі» тақырыбы бойынша 2-ші орын иеленді. «ХХ ғасырдың 20-40 жж. Атырау облысының қоғамдық-саяси өмірі (тәркілеу, ұжымдастыру, саяси қуғын-сүргін)» 2020-2021 жылдарға арналған университетішілік ғылыми жобасында ғылыми қызметкер; 2021-2023 жж. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі Атырау облыстық комиссиясының мүшесі; 2019 ж. Республикалық «Нұрсұлтан» әдістемелік кеңес беру білім орталығының Алғыс хатымен, 2020 ж. «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының Алғыс хатымен, 2021 ж. Нұр-Отан саяси партиясының Алғыс хатымен, 2023 ж. Атырау қаласы Мәслихатының Алғыс хатымен, 2025 жылы Қазақстан оқу ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Алғыс хатымен марапатталды. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағытына сәйкес халықаралық және республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциялар мен ғылыми журналдарға ғылыми мақалалары жарияланды. Ғылыми қызығушылығы: Отан тарихы, демография, саяси қуғын-сүргін.