«Дене шынықтыру және спорт мамандығының заманауи талаптары және болашағы» атты ғылыми-семинар ұйымдастырылды
2026 жылдың 17 наурызында сағат 15:00-де Атырау қаласы, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Инновациялық білім беру факультетінің магистранттары ұйымдастыруымен Атырау облысы дене шынықтыру және спорт мамандары арасында «Дене шынықтыру және спорт мамандығының заманауи талаптары және болашағы» ғылыми-семинар ұйымдастырылды.
Ғылыми семинарды модератор – Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Аралбаев Алпысбай Сейтқалиұлы ашты.
Мақсаты - қоғамның денсаулығын нығайтуға бағытталған, физикалық тұрғыдан дамыған, бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеу және кәсіби мамандар даярлау.
Дене шынықтыру және спорт – бұл адамның физикалық дамуын, денсаулығын нығайтуды және салауатты өмір салтын қалыптастыруды қамтамасыз ететін маңызды әлеуметтік сала. Ол тек спортпен шектелмей, білім беру, медицина, психология, рекреация сияқты бағыттарды қамтитыны айтылды.
Ғылыми-семинарда спикерлер кафедраның профессоры-оқытушылары Н.М. Мамбетовтың, Р.Р. Хабировтың, Атырау облысы Дене шынықтыру әдістемелік орталығының директоры Д.Болатбекұлының және № 12 Ф. Досымова атындағы орта мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімі Қ.Р.Төлегеновтың баяндамалары тыңдалды.
Баяндамашылар дене шынықтыру және спорт мамандығының бүгінгі күні тек мұғалім немесе жаттықтырушы емес, көпсалалы, заманауи технологияларды меңгерген, денсаулық пен қоғам дамуына үлес қосатын маман дайындайтындығы сөз етілді.
Семинарға Атырау қаласының көптеген Дене шынықтыру пәні мұғалімдері, тренерлер, білім алушылар қатынасып, өз пікірлерін білдірді. Ғылыми-семинар өз дәрежесінде өтіліп, соңында спикерлерге Алғыс хат табысталды.
📷 Дополнительные изображения