Медиа ресурстар
«Кәсіпорынның негізгі капиталы» тақырыбындағы қонақ дәріс
Жаңалықтар

«Кәсіпорынның негізгі капиталы» тақырыбындағы қонақ дәріс

Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің Экономика және менеджмент кафедрасында «Кәсіпорын экономикасы» пәні аясында «Кәсіпорынның негізгі капиталы» тақырыбында қонақ дәріс өтті.

Дәрісті «Виктория» сақтандыру компаниясы» АҚ Атырау филиалының директоры, магистр Жанна Сұңғатуллақызы Мендыханова өткізді. Іс-шараны сеньор-лектор, магистр Айнұр Рамазанқызы Тәжіденова ұйымдастырды.

Дәріс барысында негізгі капиталдың экономикалық мәні, құрылымы мен кәсіпорын қызметіндегі рөлі, сондай-ақ оны тиімді пайдаланудың өзекті мәселелері қарастырылды. Негізгі құралдарды басқарудың тәжірибелік қырларына және олардың ұйымның тұрақты дамуына ықпалына ерекше назар аударылды.

6В04101, 6В04102, 6В04103, 6В04104, 6В04105 және 6В04106 білім беру бағдарламаларының білім алушылары шақырылған маманның дәрісін зор қызығушылықпен тыңдады. Студенттер талқылауға белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, спикердің кәсіби тәжірибесіне негізделген мазмұнды жауаптар алды.

Қонақ дәріс мазмұнды әрі танымдық ахуалда өтті. Мұндай кездесулер теориялық білім мен тәжірибе сабақтастығын нығайтуға, студенттердің кәсіби ой-өрісін кеңейтуге және қолданбалы құзыреттерін қалыптастыруға ықпал етеді.