Media Image
08.04.2026 8

Цифрлық трансформация жағдайындағы экономика, қаржы және менеджмент

IV.ІІ Цифрлық трансформация жағдайындағы экономика, қаржы және менеджмент

08.04.2026 ж. сағат 14:00-де өткен (офлайн/онлайн) секция жоғары деңгейде ұйымдастырылып, мазмұнды ғылыми пікірталас алаңына айналды.


Секция жұмысына студенттер, магистранттар және оқытушылар белсенді қатысып, қазіргі экономиканың өзекті мәселелері бойынша ой-пікірлерімен бөлісті.


 Талқыланған негізгі бағыттар:
• цифрлық трансформация және оның экономикаға әсері
• қаржы және бизнес-аналитика саласындағы заманауи әдістер
• адами капиталды дамыту және білім экономикасы
• басқару жүйелерін жетілдіру және HR-менеджмент
• тұрақты даму жағдайындағы экономикалық модельдер


 Қатысушылар ғылыми жетекшілерінің жетекшілігімен өз зерттеулерін ұсынып, теория мен тәжірибені ұштастырған тың ұсыныстарын ортаға салды.


Жүлделі орын алған қатысушылар:

🥇 1 орын:
• Байсмаков Данат Диасұлы - Экономика  және басқарудағы бизнес-аналитика ББ 1 курс магистранты. Ғылыми жетекшісі – э.ғ.к., қауымдастырылған профессор Избасарова Л. Б.

Бимурзина Айгерим Бауржановна- Саладағы  менеджмент ББ 3 курс студенті. Ғылыми жетекшісі – э.ғ.м., аға оқытушы Абузьярова Ж.Р.


🥈 2 орын:
• Әділбаева Назерке Шалқарқызы - Қаржы және аналитика ББ 4 курс студенті. Ғылыми жетекшісі – э.ғ.к., қауымдастырылған профессор Сулейменова Г.Н.

• Бакесова Мира Қуантаевна - Экономика және басқарудағы бизнес-аналитика ББ 1 курс магистранты. Ғылыми жетекшісі – э.ғ.к., профессор Сабирова Р.К.


🥉 3 орын:
• Баймуханова Ақгүл Құралбековна - Қаржы және аналитика ББ 1 курс студенті. Ғылыми жетекшісі – PhD докторы, қауымдастырылған профессор Кенжегалиева З.Ж.

• Дидар Уразумбетов Тұрланұлы - HR-менеджмент ББ 1 курс магистранты. Ғылыми жетекшісі – э.ғ.к., қауымдастырылған профессор Утепкалиева К.М.


Онлайн форматта қатысқан:
• Бисембиева Жанаргуль Курганышовна – 8D04102 «Экономика» ББ докторанты. Ғылыми жетекшісі – э.ғ.д., профессор Майдырова А.Б. (Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ.)

• Сулейменова Гүлнар Қанатқызы – Экономика ББ 1 курс магистранты. Ғылыми жетекшісі – э.ғ.к., қауымдастырылған профессор Ибыжанова А.Д. («Жәңгірхан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті», Орал қ.) – мазмұнды баяндама жасап, өзекті ақпарат ұсынды.


Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз! Ғылыми жетекшілердің кәсіби қолдауы мен қатысушылардың белсенділігі секция жұмысының жоғары деңгейде өтуіне ықпал етті.

📷 Дополнительные изображения