Артқа
Тшанбаева Орынша Жолдасқызы

Тшанбаева Орынша Жолдасқызы

лаборант

Өмірбаян

Тшанбаева Орынша Жулдасовна – лаборант. 1966 жылғы 7 қарашада Гурьев (Атырау) қаласында дүниеге келген. 1984 жылы №13 Қазақстанның 50 жылдығы атындағы орта мектепті бітірген. Сол жылдың 11-ші қыркүйегінде Гурьев педагогикалық институтының «Мектепке дейінгі тәрбие әдістемесі» кафедрасына жұмысқа қабылданды. 1991 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетіне «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша оқуға түсіп, 1995 жылы аталған университеттің бастауыш сынып мұғалімі біліктілігі бойынша бітірген. 2011, 2012 жылдары оқу бөлімінде әдіскер болып жұмыс жасады. 1984 жылдың 11-ші қыркүйегінен бастап казіргі күнге дейін Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, Инновациялық білім беру факультетінің Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасының лаборанты қызметін атқаруда.