Артқа
Туленова Улдай Талқашқызы
профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты
Өмірбаян
Туленова Улдай Талқашқызы - педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор. 1966 жылы 10-наурызда Атырау қаласы, Махамбет ауданы, Чкалов селосында дүниеге келген.
Гурьев педагогикалық институтын 1988 жылы бітіріп, «Мектепке дейінгі педагогика» кафедрасына оқытушы, 1995 жылы аға оқытушы, 2002 жылы педагогика ғылымдарының кандидаты, 2008 жылы доцент ғылыми атағы берілді. 2003 жылы аспирантура бөлімінің меңгерушісі, факультетте тәрбие жұмыстары жөнінде төрайым, факультет кеңесінің хатшысы, (2004 -2007 ж.ж.) 2003–2010 ж.ж университет жанындағы диссертациялық кеңестің тұрақты ғылыми семинарының белсенді мүшесі, 2008-2009 жж. «Педагогика және эстетикалық пәндер» кафедрасының меңгерушісі, 2009 -2011 жж. оқу бөлімінің бастығы, 2011 жылдың қыркүйек айынан 2014 жылдың казан айына дейін мектепке дейінгі және бастауыш білім мен тәрбие кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды. Қазіргі уақытта «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты. У.Т.Туленованың 2 монографисы, 3 оқулығы, 2 оқу құралы, 3 электрондық оқу құралы, 7 оқу-әдістемелік құралдары және 150-ден астам ғылыми-әдістемелік еңбектері жарық көрген.