Артқа
Жумашева Нұржауған Сарсенқызы

Жумашева Нұржауған Сарсенқызы

п.ғ.к., аға оқытушы

Өмірбаян

Жұмашева Нуржауган Сәрсеновна - педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор. 1956 ж. мамыр айының 24-шы жұлдызында Гурьев облысы, Жылой ауданы, Құлсары поселкесінде дүниеге келген. 1973ж. Гурьев облысының Қызылқоға ауданы, Жаңашаруа орта мектебін бітіріп, де Жаңашаруа орта мектебінде аға пионервожатый болып жұмыс жасады. 1976-1979 ж.ж. Гурьев педагогикалық училищесінің “Мектепке дейінгі педагогика мен психология” мамандығы бойынша, 1980-1985 ж.ж. Гурьев педагогикалық институтының “Мектепке дейінгі педагогика мен психология” мамандығы бойынша оқуға түсіп, ойдағыдай бітірді. Арнаулы білім алғаннан соң Қызылқоға ауданында «Жас ұлан» балалар бақшасының меңгерушісі, аудандық халық ағарту бөлімінің мектеп дейінгі мекемелер инспекторы және әдіскері қызметтерін атқарды. Педагогикалық қызметтерін атқара жүріп, ауылдың қоғамдық жұмыстарына араласып, селолық кеңестің депутаты да болды. 1990 ж. Гурьев педагогикалық институтының «Педагогика және эстетикалық пәндер» кафедрасына аға оқытушы болып қызметке алынды. 2004-2009 ж.ж. Атырау мемлекеттік университетінің «Педагогика, психология және өнер» факультетінің декан орынбасары, 2009-2014 жылдары педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі қызметтерін абыроймен атқарды. 2007 жылы желтоқсан айында педагогика ғылымдарының докторы С.Қ.Қалиевтің ғылыми жетекшілігімен «Болашақ» балалар қоғамдық ұйымы арқылы бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерін дамытудың педагогикалық шарттары» деген тақырыпта диссертациялық жұмысын сәтті қорғап, педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесіне ие болды. Н.С.Жумашеваның «Этнопедагогика», «Мектепке дейінгі педагогика» атты оқу – әдістемелік құралдары және «Бастауыш сынып оқушыларының түлғалық қасиеттерін балалар ұйымы арқылы дамыту» атты монографиясы, шетелдік және Отандық басылымдарда білім берудің өзекті мәселелері бойынша 60-ға жуық ғылыми мақалалары жарық көрді. Бір әдістемелік құрал мен монографияға авторлық куәліктерін алған. Н.С.Жумашева облыстық және университет ішілік шараларға белсенділікпен қатысады.