Артқа
Утешкалиева Айгул Мадениетовна
п.ғ.к., қауымдастырылған профессор
Өмірбаян
Утешкалиева Айгүл Мадениетқызы – педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор. 1973 жылы 5 маусымда Гурьев (Атырау) қаласында дүниеге келген.
1990 жылы Атырау қаласының Н.Крупская атындағы №18 орта мектепті, 1990–1995 жж. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген. "Химия және биология" мамандығы бойынша химия және биология пәндерінің оқытушысы біліктілігін алды.
1996 жылдан 2000 жылға дейін Х.Досмұхамедова атындағы Атырау университетінің аспирантурасында оқып, 13.00.01-Жалпы педагогика, педагогика және білім беру тарихы, этнопедагогика мамандығы бойынша 2007 жылы кандидаттық диссертация қорғап, педагогика ғылымдарының кандидаты дәрежесі берілді.
Еңбек өтілі: 2000 жылдан бастап – «Ботаника және ауылшаруашылық пәндері» кафедрасында оқытушы, аға оқытушы қызметтерін атқарды. 2006–2011 ж.ж. – ЖОО-дан кейінгі білім беру бөлімінің меңгерушісі болып қызмет етті. 2018–2023 ж.ж. – «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасының меңгерушісі, 2024–2025 ж.ж. — Инновациялық білім беру факультеті деканының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары қызметін атқарды; 2025 жылдан бастап — «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасының қауымдастырылған профессоры.
Еңбек жолында бірнеше ғылыми еңбектері мен жарияланымдардың авторы болып табылады: оқу-әдістемелік құрал: «Методика применения здоровьесберегающей технологии младших школьников», монография: «Бастауыш сынып оқушыларының салауатты өмір салтын қалыптастыру», авторлық құқық куәлігі «Socio-economic basics of schoolchildren's polytechnic training in the modern industrial environment».
Бүгінгі таңда Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті «Университет кафедраларында педагогикалық бағыттағы білім беру бағдарламалары бойынша контингент қалыптастыру аясында ерте кәсіби бағдарлау механизмін жетілдіру» тақырыбы бойынша ішкі ғылыми жоба қатысушысы. Университет деңгейіндегі түрлі кеңес және жұмыс топтарының мүшесі (ғылыми-техникалық кеңес, білім беру бағдарламаларын әзірлеу тобы және т.б.). болып табылады.