Артқа
Шұғайыпова Гүлфайруз Шәкірқызы
магистр, аға оқытушы
Өмірбаян
Тарих мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті Гуманитарлық ғылымдар және өнер факультетінің Қазақстан және дүниежүзі тарихы кафедрасында қызмет етеді.
1970 жылдың 1 қаңтарында Атырау облысы Құрманғазы ауданы Балқұдық ауылында мұғалімдер отбасында дүниеге келген. 1977–1987 жылдары Балқұдық орта мектебінде білім алды. 1987–1992 жылдары Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетін тәмамдап, «Тарихшы. Тарих және қоғамтану пәндерінің оқытушысы» мамандығы бойынша жоғары білім алды. Еңбек жолын 1992–1993 жылдары Атырау қаласындағы №11 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепте бастады. 1993 жылдан бері Атырау педагогикалық университетінде (қазіргі Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті) оқытушылық қызмет атқарып келеді. 2015 жылы «Тәуелсіздік жылдарындағы Атырау облысы тұрғындарының этнодемографиялық және мәдени дамуы» тақырыбындағы магистрлік диссертациясын сәтті қорғап, тарих мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алды. Гүлфайруз Шәкірқызы кәсіби құзыреттілігін үздіксіз жетілдіріп отырады. Ол 2022–2025 жылдар аралығында тарих, археология, этнология, цифрлық сауаттылық, ХХІ ғасыр дағдылары, инклюзивті білім беру, тарихи мұраны сақтау және архив ісі бағыттары бойынша бірқатар отандық және халықаралық біліктілікті арттыру курстары мен халықаралық қысқы мектептерге қатысты. Ұзақ жылдық педагогикалық және ғылыми-әдістемелік еңбегі еленіп, Атырау облыстық мәслихатының, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің, сондай-ақ облыстық және республикалық білім беру ұйымдарының Алғыс хаттарымен марапатталған. Ғылыми-зерттеу жұмыстары Қазақстанның қазіргі заман тарихы, этнодемографиялық үдерістер, өңірлік тарих, тарихи жады, экологиялық қауіпсіздік және түркі халықтарының тарихи-мәдени дамуы мәселелерін қамтиды. Халықаралық және республикалық ғылыми-практикалық конференцияларға қатысып, отандық және шетелдік ғылыми журналдарда мақалалар жариялаған.
Ғылыми еңбектері
• «Жаһандану жағдайындағы ғылым мен білімнің даму тенденциялары мен перспективалары» – III халықаралық ғылыми-практикалық интернет-конференция материалдары. Переяслав-Хмельницкий, Украина, 2015.
• «Тәуелсіздік жылдарындағы этнодемографиялық үдерістердегі Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі (Атырау облысы материалдары негізінде)» – республикалық ғылыми-практикалық конференция жинағы, 2015.
• “Mustafa Shokay on the Policy of Russian Bolshevist Chauvinism in Turkestan in the 20–30s of the XX Century” – Journal of Critical Reviews, ISSN 2394-5125, 2020.
• “Ecological Security Challenges in Central Asia: Problems of the Aral Sea and Lake Balkhash” – Design Engineering (Toronto), ISSN 0011-9342, 2022.
• «Атырау өлкесінің киелі орындары мен тарихи ескерткіштері» – «Туған өлкені зерттеу: оның маңызы және басым бағыттары» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары, 2021.