Артқа
Сакенов Жігер Жұмагерейұлы

Сакенов Жігер Жұмагерейұлы

магистр, аға оқытушы

Өмірбаян

Гуманитарлық ғылымдар магистрі (2014) 23.09.1985 ж.т., Атырау облысы, Индер ауданы, Елтай селосы, М.Сиранов атындағы орта мектебінде оқыған. 2003 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің тарих-филология факультетіне оқуға түсіп, 2008 жылы аталған университетті тарихшы, тарих пәнінің оқытушысы мамандығы бойынша аяқтады. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде 2009 жылдан бері қызмет атқарады. 2008 - 2009 жылдары Каспий өңірінің қазіргі замандағы колледжінде тарих пәнінің оқытушысы. 2009 жылдан бастап Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы, мамандық эдвайзері, 2017 жылдан күні бүгінге дейін Гуманитарлық ғылымдар және өнер факультеті деканының ғылым және стратегия жөніндегі орынбасары. 2014 жылы «Зұлқарнай Алдамжарұлының Қазақстан жоғары мектебі мен тарих ғылымына қосқан үлесі» тақырыбында магистрлік диссертация қорғады. Халықаралық, республикалық конференцияларда және республикалық басылымдарда 15-тен астам ғылыми мақалалар жариялаған. Ресей Федерациясы, Қалмақ мемлекеттік университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті (Элиста қ., 2013 ж.). «Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалы төрағасының Алғыс хаты (2018), Атырау университетінің ректорының Алғыс хаты (2018)7 2009 жылдан бастап Атырау облыстық сайлау комиссиясының мүшесі.