Артқа
Айдосынова Гаухар
Аға оқытушы, магистр
Өмірбаян
1988 жылы 23 шілдеде Атырау қаласында дүниеге келген. Атырау қаласы №13 Д.Байбосынов атындағы ұлттық мектеп-гимназиясын бітірген (1995-2006 жж.). Гуманитарлық ғылымдар магистрі, сеньор-лектор. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетін 050114-Тарих мамандығы бойынша үздік бітірген (2010), Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті 6М020800-Археология және этнология мамандығы бойынша гуманитарлық ғылымдар магистрі (2012 ж.). Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, Тарих және тарихты оқыту кафедрасының оқытушысы (2012-2014 жж.), Қазақстан және дүниежүзі тарихы кафедрасының оқытушысы (2015-2016 жж.), Көптілді білім беру факультетінің әдіскері, қосалқы Қазақстан тарихы пәнінің мұғалімі (2016-2017 жж.), Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, Ғылыми-зерттеу қызметін дамыту бөлімінің бас маманы (2017 ж.), Қазақстан және дүниежүзі тарихы кафедрасының сеньор-лекторы (2017 жылдан бастап), Гуманитарлық ғылымдар және өнер факультетінің оқу-әдістемелік және тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары (2017-2020 жж.), 2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін оқу ісі жөніндегі декан орынбасары. 2020 жылы Университетішілік «Солтүстік Каспий маңы бэр төбешіктерін археологиялық зерттеу (Қызыл үй, Жасқайратқұм шағылдары негізінде)» атты ғылыми-зерттеу жобасының аға ғылыми қызметкері, 2020-2021 оқу жылында университеттегі «Жас ғалымдар» Кеңесінің мүшесі, 2021-2023 жылдар аралығында «Саяси қуғын-сүргін толық ақтау жөніндегі Атырау облыстық комиссиясының мүшесі. 2018 жылы Атырау облысының әкімі Н.Ноғаевтың Алғыс хатымен, 2019 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің ректоры А.Талтеновтың Алғыс хатымен, 2020 жылы «Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н.Ожаевтың Алғысымен және т.б.алғыс хаттармен марапатталған.