2022-2023 оқу жылы
06.12.2022
Республикалық “Ақберен” өнер байқауының облыстық кезеңі
Атырау облысы Білім беру басқармасы Таланттарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен «Ақберен» шығармашыл оқушылар арасында республикалық өнер байқауының облыстық кезеңіне «Ұстаз» мектебінен талантты,өнерлі 5 оқушы қатысты.
Облыстық байқаудың қорытындысы бойынша III ДӘРЕЖЕЛІ дипломмен 10 - сынып оқушысы Қаятов Нұрислам және Алғыс хатпен 11- сынып оқушысы Бақыт Ильяс марапатталды!

11.03.2023
«Алтын түлек» математикалық олимпиадасының республикалық кезеңі
«Алтын түлек» математикалық олимпиадасының республикалық кезеңіне “Ұстаз “ мектебінің шәкірттері қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
АЛҒЫС ХАТ :
Мақсот Айназар ( 10 «б» сыныбы)
Мұхамбетқали Бақберген ( 10 «б» сыныбы)
III ОРЫН:
Исаш Бексұлтан ( 10 «а» сыныбы)
Дәуренұлы Нұрасыл ( 10 «а» сыныбы)
Маркс Ержан ( 10 «б» сыныбы)
I ОРЫН:
Каятов Нұрислам ( 10 «а» сыныбы)
Жетекшілері: математика пәні мұғалімі Гүлшара Дайынқызы
Жеңімпаздар “Зерделі” ақыл ой мектебінің 20–30-50% жеңілдіктеріне ие болды!
”Ұстаз” мектебінің шәкірттерін шын жүректен құттықтаймыз!

30.03.2023
“Абайтану” олимпиадасының облыстық кезеңі
Жалпы білім беру ұйымдарының 9-11 сынып оқушылары арасында өткен республикалық “Абайтану” олимпиадасының облыстық кезеңіне “Ұстаз” мектебінің 10-сынып оқушысы Айжарық Нұрсұлтан қатысып, “Алғыс хатпен”марапатталды!
”Ұстаз” мектебінің шәкіртін шын жүректен құттықтаймыз!
20.04.2023
“Қадыр оқулары” байқауының облыстық кезеңі
Жалпы білім беру ұйымдарының 5-11 сынып оқушылары арасында өткен республикалық “Қадыр оқулары” байқауының облыстық кезеңінде “Өлең жаздым, тоғыз тарау, жеті өрім” бағыты бойынша “Ұстаз” мектебінің шәкірті Кәрім Сұлтан қатысып (10 сынып) , “Алғыс хатпен” марапатталды.
Шәкіртімізді жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз!

27.04.2023
«Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңі
Жалпы білім беру ұйымдарының 7-11 сынып оқушылары арасында өткен «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңіне мектебіміздің 10 - 11 сынып оқушылары қатысып, жүлделі орындармен марапатталды!
“ Сөз шеберлері “ бағыты бойынша 10 “б” сынып оқушысы Өмірзақ Жігер II орын;
“ Жас қаламгер “ бағыты бойынша 10 “ а” сынып оқушысы Исаш Бексұлтан ІІІ орын.

04.05.2023
“Абай оқулары” байқауының облыстық кезеңі
Жалпы білім беретін мектептердің 8-11 сынып оқушылары арасында өткен “Абай оқулары” байқауының облыстық кезеңіне «Ұстаз» мектебінің шәкірттері қатысып, “Ұлылар әлемі” бағыты бойынша Төлеген Серім (11 сынып) ІІІ орынмен және “Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда” бағытында Бақыт Ілияс ( 11 сынып) “Алғыс хатпен” марапатталды.
👩🏻🏫Жетекшілері: Қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәні мұғалімі Якупова Мәншүк Сағидоллақызы
💐”Ұстаз” мектебінің шәкірттерін шын жүректен құттықтаймыз!
13.05.2023
Республикалық “Мәшhүр-Жүсіп оқулары” байқауы
Керемет жаңалық!
Павлодар қаласында өткен Республикалық “Мәшhүр-Жүсіп оқулары” байқауынан «Білімді зерек адам болам!» десең, “Қара өзіңді басқаның айнасымен” бағыты бойынша
🏆Бас жүлдені “ Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті” КеАҚ дарынды балаларға арналған “Ұстаз” мектеп- интернатының 10 - сынып шәкірті Исаш Бексұлтан иеленді!
Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-шебер Якупова Мәншүк Сағидоллақызы
Мектебіміздің шәкіртін шын жүректен құттықтаймыз!

19.05.2023
“Жұмекен Нәжімеденов оқулары” байқауының облыстық кезеңі
Жалпы білім беру ұйымдарының 8- 11 сынып оқушылары арасында өткен “Жұмекен Нәжімеденов оқулары” байқауының облыстық кезеңінде Жұмекен Нәжімеденовтің шығармаларын мәнерлеп жатқа оқу бағыты бойынша қатысып, “Ұстаз” мектебінің шәкірті Төлеген Серім (11 сынып) жүлделі III дәрежелі орынмен марапатталды.
Шәкіртімізді жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз!
30.05.2023
Республикалық жүлдегерлерді марапаттау шарасы
Қазақстан тарихы пәні бойынша облыстық олимпиаданың II орын жүлдегері, Республикалық олимпиаданың III орын жүлдегері, “Ұстаз” мектеп интернатының 10 сынып шәкірті Мажит Рашид дипломмен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды!

Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз!