Қоғамдық келісімді дамыту институты
Ғылым департаментінің Қоғамдық келісімді дамыту институты Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде 2015 жылғы 3 ақпанда құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы институтының қайта құрылуы негізінде өз қызметін жалғастыруда. Институт Қазақстан Республикасының «Қазақстан Халық Кеңесі туралы» Конституциялық заңының (https://www.akorda.kz/kz/kazakstan-halyk-kenesi-turaly-955250) мақсаттары мен міндеттеріне, қоғамдық келісімді, жалпыұлттық бірлік пен ынтымақты нығайту қағидаттарына сәйкес жұмыс жүргізеді.
1. Мақсаты
Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің Қазақстандық моделін нығайтуға ғылыми, сараптамалық, білім беру және қоғамдық-әлеуметтік жобалар арқылы жасалатын бастамаларды жүзеге асыру. Институт университеттің ғылыми, білім беру және қоғамдық әлеуетін пайдалана отырып, қоғамдық келісім идеяларын білім алушылар, ғалымдар және қоғам арасында ілгерілетуге бағытталған.
- Міндеттері
- Этносаралық келісімді сақтау және нығайту.
- Жалпыұлттық бірлікті күшейту.
- Ішкі және сыртқы коммуникацияны дамыту.
- Алдын алу және медиациялық тетіктерді жетілдіру.
- Жастар арасында бірлік мәдениетін қалыптастыру.
- Этномәдени мұраны сақтау.
- Ғылыми-сараптамалық әлеуетті арттыру.
3. Негізгі бағыттар мен іс-шаралар
3.1 Қоғамдық келісім: форумдар, мониторинг, диалог алаңдары.
3.2 Этномәдени бірлестіктерді қолдау: фестивальдер, гранттар.
3.3 Жастар саясаты: шетелдік студенттерді қолдау бағдарламалары, лагерлер, клубтар, конференциялар.
3.4 Медиативтік жұмыс: медиаторларды оқыту, медиация кабинеттері.
3.5 Ғылыми қызмет: зерттеулер, сараптамалық жиындар.
3.6 Мемлекеттік тіл: курстар, акциялар.
3.7 Ақпараттық жұмыс: медиа-контент, онлайн жобалар.
PhD, Қарлығаш Маштайқызы Аширханова
Қоғамдық келісімді дамыту институтының директоры
k.ashirkhanova@asu.edu.kz, +77013400303