Ғылым

"Халелтану" ғылыми-зерттеу орталығы

20.11.2026 11
image

ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР

«Халелтану» ғылыми-зерттеу орталығы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Ғылыми-зерттеу орталығы өзіндік қызметінде Қазақстан Республикасының заңдарымен, нормативтік-құқықтық актілермен, Қазақстан Республикасы ғылым және жоғары білім министрлігінің бұйрықтарымен, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің жарғысымен және осы ережеге сәйкес басқарылады.

Ғылыми-зерттеу орталық толық аталуы: «Халелтану» ғылыми-зерттеу орталығы.

Ғылыми-зерттеу орталық Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті ғылыми-өндірістік, зерттеу бірлестігі түрінде ұйымдастырылады.

Орталық жетекшісі: педагогика ғылымдарының магистрі Анарбек Регина Қуанышбекқызы 

ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗГІ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Мақсаты: Х.Досмұхамедовтың мұраларын зерттеу және оны педагогика тарихының ғылыми айналымына енгізу.

Міндеттері:

·         Халел Досмұхамедұлының ғылыми және рухани мұрасын жинақтау, жүйелеу, цифрландыру және оның еңбектеріне кешенді ғылыми зерттеулер жүргізу.

·         Ғалымның зияткерлік мұрасын халықаралық ғылыми-білім беру кеңістігінде таныту, ғылыми маңызын насихаттау және халықаралық зерттеу ынтымақтастығын дамыту.

·         Студенттер мен шетелдік оқытушыларды ғалымның өмір жолымен, ғылыми еңбектерімен және ағартушылық қызметімен таныстыру, оның мұрасын зерделеуге қызығушылықтарын арттыру.

·         Ғалым мұрасындағы отансүйгіштік, ұлттық құндылықтар мен азаматтық жауапкершілік идеяларын жастар арасында дәріптеу, олардың тарихи санасы мен рухани-адамгершілік бағдарларының қалыптасуына ықпал ету.

Сонымен қатар, орталық халелтанушылардың ғылыми мақалаларын, Өзбекстан Республикалық Орталық мемлекеттік мұрағатынан 250-ге тарта алынған құжаттар жинағы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік мұрағатынан алынған 164 мұрағат құжаттары, 1922-26 жылдары шыққан Ұлттық ғылым академиясының сирек кездесетін кітаптар қорынан көшірмелерін зерттеуші қауымға, ізденуші студенттерге- магистранттарға ұсынады.

ОРТАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРІ:

Іс-шаралар

1.     «Алаштың ұлы тұлғасы» дөңгелек үстелі

o    Теміртау қаласындағы "Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығының" ұйымдастырумен 2024 жылы 24 сәуірде қоғам және мемлекет қайраткері Халел Досмұхамедовке арналған "Алаштың ұлы тұлғасы" атты дөңгелек үстелге "Халелтану" ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі Регина Қуанышбекқызы қатысып, орталығымызға экскурсия жасап, жәдігерлермен таныстырды.

https://www.instagram.com/p/C6IpefaKgbx/?igsh=MWNyd3h4cmg1MWZhcQ==

image

2.     «Ұлттық ғылым тілін қалыптастырудың теориясы мен тәжірибесі» халықаралық конференциясы

o    2024 жылдың 26 сәуірінде Атырау университеті,, "Психология және педагогика" кафедрасының қауымдастырылған профессор м.а., п.ғ.к. Базарғалиев Ғабит Бақытжанұлы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті ұйымдастырып отырған Қазақ білімпаздарының тұңғыш съездіне 100 жыл толуына орай өткізілген "Ұлттық ғылым тілін қалыптастырудың теориясы мен тәжірибиесі" атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференцияның пленарлық отырысына қатысып, "Халел Досмұхамедұлы және Қазақстандағы жоғары білімнің қалыптасып, дамуы" тақырыбында баяндама жасады.

o    https://www.instagram.com/p/C6dAmetofCm/?igsh=MWIwZnN6dm1xMzdqMQ==

image

3.     Ғылыми жобалар байқауы

o    2024 жыл 14-15 мамыр аралығында Қызылқоға аудандық білім беру әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Халел және оның мұрасы» тақырыбындағы 11 сынып түлектері арасындағы ғылыми жобалар байқауына "Психология және педагогика" кафедрасының қауымдастырылған профессор м.а., п.ғ.к. Базарғалиев Ғабит Бақытжанұлы қазылар алқасы мүшесі болды.  Ғылыми жоба байқауы қорытындысы бойынша «Халел-лингвист» тақырыбымен Жаңашаруа қазақ орта мектебінің оқушысы Бағытжан Айнелья Ізбасарқызы І орынды, «Ғасыр ғалымы – Халел Досмұхамедұлы» тақырыбымен Ғ.Сланов атындағы орта мектебінің оқушысы Нұрнияз Айбар ІІ орынды, «Х.Досмұхамедұлы – Мұрат жырларын зерттеуші ғалым» тақырыбымен Б.Аманшин атындағы орта мектебінің оқушысы Александр Фатима ІІІ орынды иеленді.

image

4.     «Досмұхамедов оқулары-2024»

o    Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде «Досмұхамедов оқулары-2024» аясында Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі Қаныш Имантайұлы Сәтпаевтың 125-жылдығына арналған «Қ.И.Сәтпаев және Қазақстандағы ғылым» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. «Қ.И.Сәтпаев және Қазақстандағы ғылым» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының жинағы жарық көрді.

o    https://www.facebook.com/share/p/1Afp3ALxXb/

image
image

5.     «Халел Досмұхамедұлы - алаш айнасы» дөңгелек үстелі

o    2024 жылдың 10 қазанында Халел Досмұхамедұлы есімінің Атырау университетіне берілгеніне 30 жыл толуына орай «Халел Досмұхамедұлы - алаш айнасы» атты дөңгелек үстел өтті. Бұл жиында университет профессорлары қатысып, маңызды тарихи және ғылыми деректермен бөлісті. Дөңгелек үстел өз деңгейінде өтті, және қатысушылар үшін пайдалы болды.

o    https://www.instagram.com/p/DA-1Vl-N9hB/?igsh=cHNtZjg4aHczbjM2

image
image
image

2025 жылғы 17 қазан күні Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің 85 жылылығына арналған «Досмұхамедұлы оқулары – 2025: Ғылым мен білімнің дамуындағы заманауи инновациялар және жасанды интеллект» тақырыбындағы Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Аталған конференция аясында «Халел Досмұхамедов және ұлттық ғылымның қалыптасуы» атты секциялық отырыс ұйымдастырылды. Секциялық отырыста ғалымдар, оқытушылар, докторанттар, магистранттар мен студенттер баяндама жасап, Халел Досмұхамедұлының ғылымдағы орны, ұлттық ғылыми ойдың қалыптасуына қосқан үлесі және оның идеяларының қазіргі кезеңдегі өзектілігі талқыланды.

https://www.facebook.com/share/p/1MnMtVx5Yc/

image
image
image

Жарияланымдар мен цифрландыру

Кітаптар:

«Оқушының саулығын сақтау», «Халелдің мақалалар жинағы», «Как бороться с чумой среди киргизких населений» электронды кітаптары жасалды.

image

Сайт іске қосылды:

KHALEL DIGITAL атты веб-сайт

image

Университетішілік  бюджеттен қаржыландыратын қолданбалы зерттеулер:

«Х. Досмұхамедовтың мұраларын білім алушылардың оқу-тәрбие үдерісінде тиімді пайдалану жолдары»

Жетекшісі: Джанзакова Ш.И., педагогика ғылымдарының докторы, профессор

Басты ғылыми қызметкер: Базарғалиев Ғ.Б., педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымд.профессор м.а.

image

Орталық жетекшісі Анарбек Регина Қуанышбекқызы

8 702 758 15 99

anarbek.regina@mail.ru